Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ ӨКПЕ АУРУЫ (ХОБЛ)



бет31/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ ӨКПЕ АУРУЫ (ХОБЛ)
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс жолдарының дистальді бөлігінің, өкпе паренхимасының зақымдалуымен жəне эмфизема қалыптасуымен жүретін біріншілік созылмалы қабынбалық ауру; ол қайтымды немесе жартылай қайтымды бронхылық обструкцияның дамуымен байланысты ауа ағымының шектелуімен мінезделеді. Тыныс жолдары өтімділігінің төмендеуі үдемелі мінезде жəне өкпенің шаң немесе түтінге, темекіге, атмосфералық ауаның ластануына қабынбалық жауабымен байланысты.
Жіктемесі
0 -дәреже. ӨСОА қауп стадиясы – созылмалы жөтел жəне қақырықтың түсуі; өкпе функциялары қалыпта.
I-дәреже. Жеңіл ӨСОА – айқын емес (жеңіл) бронхообструкция (ОФВ1/ЖЕЛ < 70%, но ОФВ1 80 % қалыпты мəннен) жəне бірақ барлық жағдайда созылмалы жөтел, қақырықтың түсуі болмауы мүмкін.
II-дәреже. ӨСОА ауыр дəрежесі – бронхообструкцияның үдеуі (50% ОФВ1<80 % қалыпты мəннен) жəне симптомдардың үдеуі, физикалық жүктемеде ентікпе дамиды.
III-дәреже. Ауыр ӨСОА – бронхообструкцияныі əрі қарай үдеуі (30% ОФВ1<50 % қалыпты мəннен), өмір сапасына əсер ететін, ентікпенің үдеуі жəне жиі асқынулар.
IV-дәреже. Аса ауыр ӨСОА – ауыр бронхообструкция (ОФВ1<30 % қалыпты мəннен) немесе созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі.
Қауіп-қатерлі факторлар
Темекі тарту ӨСОА аса маңызды қауіп қатерлі факторлары болып табылады. Əрі қарай жұмыс орнындағы тозаңдар мен химикаттар (тітіркендіргіш заттар, булар, буланулар), органикалық отындардың жануынан бөлмелердегі ауаның ластануы, қоршаған ауаның ластануы, пассивті темекі тарту, ерте бала жастағы тыныс алу жолдарының инфекциялары, генетикалық бейімділік (темекі тартпайтын 40 жастан кішілерде ауруды альфа1-антитрипсин тапшылығымен байланыстырады) 
Шағымдар мен анамнез:
- созылмалы жөтел (күн сайын, жиірек күні бойы жалғасады; сирек жағдайда түнде);
- созылмалы қақырық түсу ;
- жіті бронхиттер (көп рет қайталамалы);
- ентікпе (Үдемелі. Тұрақты түрде физикалық жүктеме, тыныс алу жолдарының инфекциясы кезінде);
- қауіп қатерлі факторларға көрсететін анамнез.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет