Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет28/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Плевраэмпиемасы:

  • Интоксикация симптомдары;

  • жүдеу;

  • плевра қуысына сұйықтық жиналу симптомдары.

Диагностикасы:
Негізгі тексерулерге:
Құрғақ плеврит:

  • пальпацияда ауырсынудың болуы;

  • перкуссияда: өкпенің төменгі шетінің қозғалысының шектелгені;

  • аускультацияда: тыныс әлсіреген, плевра үйкелісінің шуы естіледі.

Экссудатты плеврит:

  • палпацияда – қабырға аралықтарының қарсыластығының жоғары болуы, дауыс дірілінің болмауы немесе өте әлсіз болуы;

  • перкуссияда – сұйықтық үстінде перкуссиялық тұйық дыбыс, жиналған сұйықтық көлемі 400-500 мм кем болмаса анықтауға болады ;

  • аускультацияда – тұйықтық аймағының бетінен әлсіз тыныс естіледі немесе естілмейді, кейде тұйықтық шегінен жоғары, фонендоскоппен немесе алақанмен басып тұрып демді терең алдырғанда, плевра үйкеліс шуы және ылғалды сырылдар естілуі мүмкін.

  • ҚЖА: лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылайды.

Аспаптық тексерулер: Рентгенологиялық әдіс:
Құрғақ плевритте – диафрагма күмбезінің жоғары тұрғаны, тынысты терең ішке алғанда оның қалыңқы болуы, өкпенің төменгі шеттері қозғалысының шектелгені көрінеді.
Эксудатты плевритте – жоғарғы жағының қия шекарасы бар гомогенді қарайғандық, көкірекаралығының сау жаққа қарай ығысуы.

Рентген түсірілімі: Плевриттің рентген түсіріліміндегі көрінісі: 
Емі:

  • Режим (ауыр жағдайда) төсектік;

  • Диета 10 – 15 стол;

  • Этиотропты ем – негізгі себебін жою;

  • Патогенетикалық ем:

  • қабынуға қарсы,десенсибилизация емі ( ацетилсалицил қышқылы 1,0 тәулігіне 3-4 рет, вольторен, индометацин, бутадион, кальций хлориды т.б)

  • Симптоматикалық ем:

  • ауырсындыратын құрғақ жөтел болса – дионин, кодеин, либексин, тусупрекс.

  • Экссудатты алу;

  • организмнің реактивтілігін күшейту мақсатында:

  • құнарлы тамақтану, витаминдер комплексі, плазма кұю т.б.

  • Физиотерапия, емдік дене шынықтыру және массаж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет