Клиникалық көрінісі: алғашқы белгілері құрғақ жөтел немесе қақырықты жөтел. Шылым шегетін кісілерде жөтел таңертең пайда болады. Жөтел климаттық өзерістерге байланысты, суық немесе дымқыл ауада пайда болып, аз мөлшерде түссіз қақырық бөлініп, кейіннен аурудың үдеуіне байланысты шырышты -іріңді сипаттағы қақырыққа айналады. Ол жасыл түсті болады. Мұндай қақырықтың пайда болуы микробты флораның дамуын және міндетті түрде медикаментозды емнің қажет екенін көрсетеді. Науқастарда біртіндеп ентігу дами бастайды. Ол аурудың үдеуіне және ұзақ уақытқа
созылуына байланысты болады. Дене қызуы қалыпты, кейде субфебрильді болады, сонымен қатар интоксикация белгілері де байқалады( жалпы әлсіздік, тез шаршау, тершеңдік, жұмысқа қабілетінің болмауы).
Қарап тексергенде: Алғаш басталғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Ауру ұзаққа созылып, асқына бастағанда, акрацианоз( көгеру) белгілері, мойын веналарының ісінуі және тырнақтарының "сағат әйнегі" тәріздес өзгеруін көруге болады.
Пальпацияда аздап айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, перкуссияда қораптық дыбыс байқалады.аускультацияда ауру ремиссия кезінде әлсіз везикулярлы тыныс, құрғақ сырылдар естіледі, ал үдесе қатаң тыныспен ылғалды сырылдар естіледі.
Диагностикасы: Жалпы қан анализінде- лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығы жоғарылайды.
Рентгенологиялық тексеруде - бронх түбірлерінің кеңеюін байқауға болады. Сонымен қатар қосымша бронхография, бронхоскопия, егер тұншығу белгілері, ентігу байқалса спирографиялық зерттеулер тағайындауға болады.
Емі:
-Антибактериалды терапия(жартылай синтетикалық аминопенициллин: аугментин,амоксиклав, макролидтер -азитромицин, цефалоспориндер)
- Қақырық түсіретін препараттар (АЦЦ, лазолван, флавамед, мукалтин, бромгексин, амбробене)
- Бронхолитиктер(Эуфиллин, теотард, теофиллин, сальбутамол(вентолин), беротек, беродуал)
- Қабынуға қарсы және антигистаминді препараттар( диклофенак, ксефокам, супрастин, кетотифен, зодак)
- Ингаляциялық терапия(сілтілі ерітінді, атровент, лазолван, вентолин)
-Физиотерапиялық әдістер( УВЧ, электрофорез
- Санаторлы- курорттық ем.
Достарыңызбен бөлісу: |