Этиологиясы және патогенезі:
ЖИА дамуының себептерінің бірі болып: тәждік артерияларының атеросклерозы, тарылуы, психоэмоционалды стресстер, физикалық күштемелер. Жүректің қан тамырларының тарылуы нейрогуморальдық механизмінің бұзылуынжәне симпатикалық адреналдық жүйенің белсенділенуінің жоғарлауының нәтижесінде катехоламиндердің көп бөлініп шығуы байқалады. Осының әсерінен миокардттың оттегіге мұқтаждығынан гипоксия байқалады.
Патогенезінде: миокардтың оттегіге мұқтаждығының артуынан, тәждік артериялардағы қан айналымының бұзылуына байланысты болады. Атеросклерозды түймедақтармен бітеліп тарылған тамырлар нәтижесінде ишемия яғни жүрек бұлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуінің тоқтауы дамиды. Оттегі жеткіліксіздігі нәтижесінде жүрек бұлшық еттерінң клеткаларында зат алмасу процессі бұзылып, миокардтың жиырылу қабілеті төмендеп, типті ауырсыну сезімі синдромы пайда болады.
Стенокардия:негізгі клиникалық белгісі төс сүйегінің артында, жүрек тұсының ауыруымен сипатталады. Ауыру біртіндеп күшейеді, ауыру сезімі қысып, басып, күйдіру сипаттарында болады. Ол аздаған физикалық күштемеден және психоэмоционалдық жағдайлардан кейін дамиды. Ұстама ұзақтығы 2-3 минутқа созылады және аздаған тыныштықтан кейін,тіл астына нитроглицерин 1 таб салғаннан кейін 3-5 минуттан кейін басылады. Ауыру сезімі сол қолға, сол иыққа, төменгі жаққа беріледі. Ұстама басталған уақытта науқас бозарады, қозғыш, үрейленгіш келеді. Бастапқыда пульсі жиіленеді содан кейін баяулайды, қан қысымы жоғарлайды.
Стенокардияның бірнеше түрлерін ажыратамыз:
Алғаш пайда болған стенокардия –жүрек тұсындағы ұстамалы ауыру сезіміменсипатталады және ауыру сезімі 1 айға жуық мазалауымен жүреді. Стенокардияның бұл түрі тұрақты немесе үдемелі түрге өтуі мүмкін.
Тұрақты күштемелі стенокардия –бұл 1 айға дейін науқасты аздаған физикалық күштемелерден кейін жүрек тұсындағы ауыру сезімінің мазалауымен сипатталады. Күштемелі стенокардияның 4 функционалды класын ажыратады:
Достарыңызбен бөлісу: |