Миокард инфаркты дегеніміз – коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің әсерінен жүрек бұлшық етінде бір немесе бірнеше ишемиялық некроз ошақтарының пайда болуымен сипатталатын жүректің жедел ишемиялық ауруы.
Миокард инфарктісінің туындау себептері
Этиологиясы
Коронарлы артериялардың обтурациясы
Коронарлы артериялардың атеросклерозы (тромбоз, бляшкалармен бітелуі) 93-98 %
Хирургиялық обтурация (ангиопластика)
Коронарлы артериялардың эмболизациясы (майлы эмболия т. б.)
Коронарлы артериялардың спазмы
Миокард инфарктісінің жіктелуі
Жүрек бұлшық етінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы:
трансмуральды- Q-тісшелі Миокард инфаркті) (патологиялық - Q-тісшесі не QS комплексінің пайда болуы- некроз ошақтары 2-немесе оданда көп сол қарыншалық сегменттеріне таралуы (Миокард инфаркті-ірі ошақтары).
Q-тісшесіз Миокард инфаркті-некрозы ошақтар тек сол қарыншаның субэндокардиальды немесе интрамуральды бөліктерін және QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді. (Q-тісшесіз Миокард инфаркті-ұсақ ошақты миокард инфаркті деп аталып келді)
Аурудың ағымына қарай сипаттамасы:
біріншілік - анамнезде миокард инфарктімен бұрын ауырмағанған және аспапты тексерулерде миокард инфаркті белгілерінің болмауымен анықталады.
қайталамалы - науқаста бұрын миокард инфарктімен ауырғаны туралы құжаттық мәлімет болса және айқын жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен анықталады.
рецедивті - клиника-зертханалық және аспапты зерттеу белгілердің, миокард инфаркті дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен және оның негізгі үдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.
Даму cатысы бойынша:
Аса жедел ( Ми басталғаннан 2-6 сағат )
Жедел кезеңі ( МИ басталғаннан 10 күн)
Жеделдеу кезеңі (10-ші тәуліктен 4-8 аптаға дейін)
Тыртықтану кезеңі (4-8 аптадан 6 айға дейін)
Зақымдалудың анатомиясы бойынша:
Трансмуральды
Интрамуральды
Субэндокардиальды
Субэпикардиальды
Достарыңызбен бөлісу: |