Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет62/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Диастолалық АҚҚ мм с.б.

Қалыпты

<130

<85

Жоғары қалыпты

130-139

85-89

Гипертензияның I дәрежесі(жеңіл)

140-159

90-99

Гипертензияның IIдәрежесі (шамалы)

160-179

100-109

Гипертензияның III дәрежесі (ауыр)

≥180

≥110



Этиологиясы. Қазіргі кезде АГ –ның даму себептері толық анықталмаған, оның дамуына әкелетін ықпалдар ғана белгілі.
1.Тұқым қуалауға бейімділік. Нервілік – психикалық жарақаттар. Кәсіптік зияндылықтар: құлаққа, көзге зейін қоюға көп күш түсуі, мәселен диспетчерлер, шулы цехтарда жұмыс жасайтындар.
2.Тамақтанудың ерекшеліктері: тұзды тағамға әуесқойлық, кальцийдің, магнийдің жетіспеушілігі.
3.Эндокринді факторлар: егде жастағы эндокринді өзгерістер салдарынан шалдығу (климакс шаѓы).
4.Зиянды әдеттер: шылым шегу, ішімдікке салыну (арақ ішкеннен кейін сау адамның өзінде де АҚ 20-30 мм с.б.биіктейді).
5.Бас миының жақаттары.
6.Семіздік.
Басқарылмайтын факторлар:

  • Адам жасы;

  • Тұқымқуалаушылық;

  • Қоршаған орта;

Басқарылатын факторлар:

  • Гиподинамия

  • Психоәлеуметтік факторлар

  • Семіздік

  • Шылым шегу

  • Ас тұзы

  • Тамақтану

  • Алкоголь

  • Майлар



Жүрек – қантамыр жүйесінің ауруларының қауіп факторларын анықтау
Негізгі:

  1. Ерлер > 55 лет;

  2. Әйелдер > 65 лет;

  3. Шылым шегу;

  4. Холестерин > 6,5 ммоль/л;

  5. Жанұяда ерте жүрек-қантамыр аурулары болуы (әйелдерде < 65 лет, ерлерде < 55 лет);

  6. Қант диабеті;

  7. Ерлерде мықын айналымы >102 см, әйелдерде > 88 см (абдоминалды семіздік);

  8. Семіздікпен (ДСИ (ИМТ)>30) немесе артық салмақпен науқастар (ДСИ (ИМТ) =25-30).

Қосымша қауіп факторлары:

  1. ЖТЛП холестериннің төмендеуі;

  2. ТТЛП холестериннің артуы;

  3. Микроальбуминурия диабет кезінде;

  4. Глюкозаға толеранттылық бұзылысы;

  5. Семіздік;

  6. Аз қозғалыстық өмір салты;

  7. Фибриноген артуы;

  8. Эстроген дефициті;

  9. Гемоцистеин артуы;

  10. СРБ артуы;

  11. Әлеуметтік-экономикалық қауіп тобы (психоәлеуметтік факторлар)

Клиникалық көрінісі. Қазіргі кезде АГ –ні сатыларға бөлу жіктемесі істен шыққан, бірақ клиникасын сатылы түрде суреттеу, аурудың даму динамикасын жақсы ұғынуға мүмкіндік береді.
І сатысы – Клиникалық белгілері тез пайда болып, тез басылады. Көбіне ауыратыны – шүйде, төбе аймағы және желке тұсы. Анда- санда мұрын қанауы мүмкін, қатты дыбысты, шуды, жарқыраған жарықты жақтырмау. Бұл кезде науқастардың көбі ауруға шалдыққанын аңғара қоймайды. Бұл сатыда САҚ 160-179 мм. с.б. ДАҚ 95-104.
Дем алып тыныққанда АҚ өз-өзінен қалпына келеді. Ішкі мүшелер зақымданбайды.
ІІ – сатысы. Бұл кезде белгілер айқын. Науқастар басының жиі ауруына, айналуына, жүрек тқсының шаншуына, жқмысқа жарамсыздығының төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Кейбір науқастарда АҚҚ тербеліп тұрады, бірақта қалыпты деңгейге түспейді. Бұл сатыда гипертония криздері жиіленеді. Жүректе сол қарыншаның гипертрофиясы пайда болады. Аортаныњ үстінен 2-ші тонның акценті байқалады.
ІІІ – сатысы. Бұл сатыға АҚ-ның аса биік деңгейге тұрақты көтерілуі тән: САҚ 200-229, ДАЌ –115 –129. Бқл сатыда нысаналық мүшелер ауыр түрде зақымданады: миокард инфарктысы, сол қарынша шамасыздығы, ми инсульті, бүйрек шамасыздығы, көздің торқабығына қан құйылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет