Коронарлы артерияларда тұрақсыз атеросклерозды бляшкалардың (түймедақ) болуы
Науқаста шумақшалардың зақымдануымен жүретін бүйректің созылмалы ауыруының болуы. Бұндай науқастарда ауыр екіншілік АҚҚ болады. АҚҚ тұрақты жоғарлауы негізінде сол жақ қарыншаның жүрек бұлшықетінің қалыңдауы (гипертрофия) және созылуы (дилятация) болады.
Науқастың ата-анасында алпыс жасқа дейін жүрек ұстамаларының пайда болуы, жас кезде миокард инфарктісінің дамуының бірден бір факторы
Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері
Инфаркт миокардісінің гастриттік түрі – гастриттің шаншу белгілерімен сипатталатын түрі. Айқын ауру сезімімен көрініс береді. Бұл кезде сол қарыншаның миокардының төменгі бөліктері зақымдалады, диафрагмаға бекіген бөлігі.
Инфаркт миокардының демікпелі түрі – бронхиалды демікпе белгілеріне өте ұқсас келеді. Құрғақ жөтелмен, кеудеде дискомфорт белгілермен сипатталады.
Инфаркт миокардының ауыру сезімінсіз түрі – ұйқының бұзылуымен, көңіл-күйдің бұзылуымен, көп мөлшерде тер бөлінуімен көрініс береді.
Инфаркт миокардының аритмиялық түрі - жүрек ырғағының бұзылыстарымен байқылады.
Инфаркт ошақтары ақшыл сары, көкшіл қоңыр, немесе жасылсарытүрінде көрініп, олардың жиектерінде қызыл түстегі қан құйылу ошақтары табылады. Оны қызыл жиекті ақ инфаркт дейді. Инфарктқа ұшыраған ет талшқтары, аралық тін, қан тамырлары лейкоцит ферменттері әсерінде түгел өледі.
Жай микроскоппен қарағанда инфарктың бірінші сағаттарында, микроциркуляция арнасындағы майда қан тамырларының өз тонустарын жоғалтып кеңейіп кеткендігін, капиллярлардағы қанның іркілу және іркілу алдындағы жағдайын, қан құйылу ошақтарын көреміз.
Миокард инфарктінің клиникалық көрінісі
Күш түсумен байланыстыратын, нитраттарға басылмайтын, бір сағатқа созылатын төстің артындағы қатты күйдіріп, қысып, батып, тырнап ауырсыну. Көбінесе сол жақ иық, жауырын асты, қолға берілетін интенсивті ауырсыну. Суық жабысқақ термен жүреді. Жиі қорқыныш сезімі, әлсіздік, ентігу қосылады
Достарыңызбен бөлісу: |