Миокард инфарктісінің негізгі ЭКГ белгілері:
Патологиялық Q тісшесі ( 0.03 сек кең)
AVR және V1 тіркемелерінен басқаларында QS комплексі ( трансмуралды МИ)
ST дискорданттылығы
+_ T
Терең Т ( клиникасымен бірге сәйкестендіру)
Тыртықтану кезеңінде ST сегментінің, Т қалыптасуы, терең Q тісшесі ұзақ сақталады.
Субэпикардиалды МИ ST сегменті мен Т тісшесі изосызықтан жоғары
Субэндокардиалды МИ ST сегменті мен Т тісшесі изосызықтан төмен
Диагностикасы
Ерте:
Электрокардиография
Эхокардиография
Кардиотропты белоктарды анықтау (МВ-КФК, АсАТ, ЛДГ1, тропонин)
Кейінге қалтырылған:
Коронография
Миокардтың сцинтографиясы
Ауруханаға дейінгі кезде көрсетілетін көмек:
Тіл астына нитроглицеринннің бір таблеткасын салып, 0,25-0,35 г аспирин ішкізу
Анальгетиктер салып ауырсынуды толық басу
Қатерлі болуы мүмкін ырғақ бұзылысын жою.
Жедел жүрек шамасыздығын жою
Кардиогенді шоктан шығарып алу
Клиникалық өлім болғанда реанимацияны жүргізу
Науқасты кардиологиялық бөлімшеге мүмкіндігінше тез жеткізу
Ауруханалық этапта жүргізілнтін шаралар:
Ауырсынуды жою. а)нитроглицерин б) нейролептоанальгезия (фентанил, таламанол)
Оксигенотерапия
Тоқтаған қан ағымын қайта жүргізу және тромбтың әрі қарай ұлғаюына немесе жаңадан түзілуіне жол бермеу.
а) тромболизистік ем; б) антикоагулянттық ем; в) антиагреганнтар
Өмірге қауіп төндіретін аритмиялардың алдын алу
(ß-адреноблокаторлар, метапролол)
Реваскуляризацияны ерте қалыптастыру және некроз көлемін шектеу. (каптоприл, эналаприл)
Метаболиктік кардиопротекторлармен емдеу (глюкоза,неотон, милдранат, гиполипидемиялық кардиопротекторлар)
Миокард инфаркті -асқынулары:
Ерте:
Жедел жүрек жетіспеушілігі
Кардиогенді шок
Ырғақ және өткізгіштік бұзылысы
Тромбоэмболиялық асқыну
Перикардит
Жүрек тампонадасының дамуымен миокардтың жыртылуы
Кеш:
Постинфарктты синдром (синдром Дресслера)
Тромбоэмболиялық асқыну
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі
Жүрек аневризмасы
Миокард инфарктісінің болжамы: өмір сүруге қолайсыз, еңбекке қабілеттілікті төмендетіп СЖЖ-не әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |