Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


АСҚАЗАН -ӨҢЕШ РЕФЛЮКС АУРУЫ. РЕФЛЮКС ЭЗОФАГИТ



бет92/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

АСҚАЗАН -ӨҢЕШ РЕФЛЮКС АУРУЫ. РЕФЛЮКС ЭЗОФАГИТ.

Асқазан - өңеш рефлюкс ауруы, рефлюкс эзофагит.


Гастроэзофагальды рефлюксты ауру (ГЭРА) – спонтанды, қайталамалы түрде асқазандық немесе өңештік құрамының спонтанды түрде өңешке лақтырылуымен жүретін және өңештің төменгі бөлігінің зақымдалуымен байқалатын созылмалы рецедивтеуші көп симптомды ауру. Асқазанның құрамындағы заттардың осылай төменгі өңештік сфинктер арқылы өңешке өтуі гастроэзофагеальды рефлюкс деп аталады. Бұл қалыпты жағдай болып саналады, егер сирек кездессе және жағымсыз субъективты сезім анықталмаса. Бірақ, егер бұндай сезім жиілесе және қабынумен немесе өңештің шырышты қабатының зақымдалуымен жүрсе патология ретінде саналады.
Қарқынды урбанизациямен, өмір екпінің жоғарлауымен, қоршаған ортаның кері стрессті әсерімен және тамақтанудың күрт төмендеуімен сипатталатын қазіргі қоғамның социальды - экономикалық құрылымының белсенді өзгеруі халық денсаулығына тікелей әсер етуде. Осыған байланысты гастроэнтерологиялық аурулардың жиілігінің артуы байқалады, солардың ішінде ерекше орынды асқазан - өңештік рефлюкс ауруы алады. ДМҰ-ң мәліметіне сәйкес бұл патологиямен халықтың 40% ауырады. Ең алғаш бұл ауру 1879 жылы Куйнкемен анықталған. Асқазан- өңештік рефлюкс ауруы- асқазан затының өңешке өтуімен жүретін өңештің төменгі үштен бір бөлігінің зақымдалуымен сипатталатын созылмалы ауру.
Этиология. Асқазан ішіндегі заттың өңешке кері өтуіне жол бермейтін – асқазан - өңештік сфинктер. Сау адамда бұл сфинктер тамақты жұтқаннан 1,5 – 2,5 секундтан кейін ашыла бастайды, 5 – 12 секунд ашылып тұрып, қайтадан жабылады. Сонымен, кардиальдік сфинктер жұтқанда ғана ашылып, басқа уақытта жабық күйінде болады. Кардиальдік сфинктердің гипотониясы немесе оның спонтанды релаксациясы асқазан - өңештік рефлюкстің дамуына әкеледі.
Өңештің төменгі сфиктерінің гипотониясын туғызатын себептер:

  • Коффеинге бай сусындарды, шай, кофе, какаоға құмарлық немесе коффеин қосылған дәрмектерді (кофетамин, цитрамон) ұзақ қолдану

  • Өңештің төменгі сфиктерінің тонусын төмендететін дәрмектерді жиі қолдану (кальций антогонистері, миоспазмолитиктер, нитраттар, холинолитиктер, анальгетиктер, теофиллин, бұрыш жалбызы) немесе зиянды әдеттер – темекі тарту, ішімдік.

  • Кезбе нервтің зақымдануы (қантты диабетте дамитын вагустық нейропатия)

  • Жүктілік (сфиктер тонусының төмендеуіне эстрогенемия мен прогестеронемияның жоғарлауы және құрсақ іші қысымының биіктеуі

Өңештің төменгі сфинктерінің спонтанды релаксациясын туғызатын себептер:

  • Невроздан өңеш перистальтикасының бұзылысы (дискенезиясы), бұл жағдайда асқазан - өңештік рефлюкс жұтқан кезде пайда болады.

  • Жүйелі склеродермия

  • Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы (өңеш тесігінің жарығы 50 – ден асқан адамдардың 1/3 – де кездеседі)

  • Тамақты қомағайланып көп және тез ішу, бұл кезде тамақпен бірге ауа көп жұтылады, осыдан асқазан ішіндегі қысым биіктеп, рефлюкс пайда болады.

  • Метеоризм

  • Жара ауруы, әсіресе 12 елі ішектің (асқазан - өңештік рефлюкс науқастардың 1/3 – де болады)

  • Дуоденостаз

  • Асқазанда ұзақ бөгеліп, асқазан ішіндегі қысымды биіктететін ауыр тағамдар (майлы ет, тоң май қосылған немесе өткір, қуырған тағамдар және ұн өнімдері – макарон, вермишель, нан, печенье)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет