Диагностикасы
Өңештің және асқазанның рентгеноскопиясы. Асқазан - өңештік рефлюксті анықтау үшін науқасқа тік қалпында контрастты зат ішкізіп, баридің өңештен асқазанға түсуін қадағалайды, содан соң науқасты жатқызып горизонтальды қалыпта тексереді. Асқазан - өңештік рефлюкс болса, асқазан ішіндегі барий өңешке кері оралады, сонымен қатар рефлюкс – эзофагиттің белгілері анықталады: өңеш қуысының кеңуі, контурының тегіс еместігі, перистальтикасының баяулануы. Рентгендік зерттеумен диафрагманың өңештік тесігінің жарығы, өңештің стриктуралары, спастикалық тарылулары, жаралары және ісігі анықталады.
Метилен көгімен жасалатын сынама. Рентгендік бақылауды жүргізе отырып дуоденальдік зонд арқылы жатқан күйіндегі науқастың асқазанына бояудың ерітіндісін жібереді, содан соң зондты сумен шаяды да, зондты бері тартып, ұшын кардиден бірнеше сантиметр жоғары қалдырады. Содан соң шприцпен өңеш ішіндегі затты ақырындап сорады. Егерде шприцте метилен көгі пайда болса, онда асқазан - өңештік рефлюкстің болғаны.
Фиброэзофагогастродуоденоскопия. Эндоскопия кезінде кардиальдік қысқыштың толық жабылмауы – асқазан - өңештік рефлюкстің болуына тән белгі. Эндоскопиялық көрінісінде кілегей қабықтың гиперемиясы, ісінуі, бүрмелерінің қалыңдауы және өңештің ішкі бетінің ақшыл шөгіндімен қапталуы анықталады. Кейбір аймақтарда ақшыл шөгіндінің астынан алқызыл жолақтарға ұқсайтын өңештің кілегей қабығы көрінеді. Науқастарда эрозиялар мен жаралар болады.
Өңеш ішілік мониторлық рН метрия. 24 сағат жүргізілген рН – метрия асқазан - өңештік рефлюкстің деңгейін нақты анықтайды. Атипті түрлерін анықтайды. Мысалы, үнемі жөтелудің, төс артының ауырсынуының себебін табуға немесе науқасты антирефлюкстік операцияға дайындау үшін қолданады. Қалыпты жағдайда өңеш ішіндегі рН бейтарапты немесе сәл сілтілік – 7,0 – 8,0 шамасында.
Мониторлық рН – метрия асқазан - өңештік рефлюкстің тәулік санын, ұзақтығын, тәуліктік динамикасын зерттеуге мүмкіндік береді.
Асқынулары
Асқазан - өңештік рефлюкстің мүмкін болар асқынулары – егерде науқаста бұл ауру көптен бері келе жатса, онда өңештің кілегей қабығындағы клеткалар метаплазиясы мен дисплазиясы дамиды, және ем тағайындалмаса, болашақта қатерлі ісікке әкеледі соңы – ол өңеш қатерлі ісігі деп аталады. Қансырау жиі пайда болатын асқынуға жатпайды, ол тек 2 % - дан төмен жағдайда кездеседі, ал перфорациясы өте сирек кездеседі. Жалпы бұл ауруда асқыну сирек кездеседі.
Емі
Жалпы ем шаралары.
жататын төсектің бас жағынан ең кемінде 15 см биіктеу.
артық дене салмағын түсіру.
жатар алдында тамақ, алкоголь қабылдамау.
тағамдағы майдың мөлшерін азайту.
темекі тартуды тоқтату.
өңештін моторикасына теріс әсер ететін дәрмектерді қолданбау.
Достарыңызбен бөлісу: |