Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Өңеш рагының классификациясы (жіктелуі)



бет97/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Өңеш рагының классификациясы (жіктелуі):
І.Ісіктік процестің таралуына байланысты:

  1. Өңеш-жұтқыншақтық.

  2. Мойындық.

  3. Жоғары кеуделік бөлім.

  4. Ретро-бифуркациялық.

  5. Субаортальды.

  6. Ортаңғы кеуделік бөлім

  7. Диафрагамаүсті бөлім

  8. Диафрагмальды бөлім.

  9. Абдоминальды бөлім.

II. Макроскопиялық белгісі бойынша:

  • Инфильтративті рак

  • Жаралы рак

  • Түйінді рак

III.Гистологиялық көрінісі бойынша:

  • Жалпақжасушалы (түлейтін,түлемейтін)

  • Аденокарцинома

ІV.Таралуы бойынша:

  • Лимфогенді

  • Гемотогенді

Өңеш рагының даму сатысы:

  1. Өсу кезінде түйіннің көлемі 3см-ден аспайды,сырқат кілегейлі қабықшада дамиды,лимфа түйіндерінде метастаз жоқ.

  2. Өсу сатысы. Ісік бұлшық етке жетеді де метасдар бермейді(ІІ А),көлемі 5 см-ге дейін барады.Лимфа бездерінің бір-екеуіндеметастаздар бар(ІІ В)

  3. Өсу сатысы. Ісіктің көлемі 5 см-ден асып, мүше қабырғасының түгел жарақаттануы,лимфа бездерінің метастазы көп болуы.

  4. Өсу сатысы. Ісік сау мүшелерге тараса(4А) лимфа бздерініңметастаздан қозғалмай қалуы, алыс мүшелердің жарақаттануы.

Клиникалық белгілері:
Жалпы клиникалық белгілері:

  • Салмақ жоғалту, кахексия.

  • Жалпыәлсіздік

  • Анемия.

Негізгі клиникалық белгілері:
Дисфагия – тағамның өңештен қиналып жүруі. Дисфагияның бес сатысын ажыратамыз:

  • I кезең – барлық тағам өтеді, бірақ қатты тағамды жұту жағымсыз сезімдер байқалады(қыжылдау, жырылулар, кейде ауырсыну).

  • II кезең – қатты тағамдар өңештен өтпей тұрып қалатындықтан сумен бірге ішеді.

  • III кезең –қатты тағам өтпейді.Науқас суйық және жартылай суйық тағаммен қоректенеді.

  • IV кезең – өңештен тек сұйықтық ғана өтеді.

  • V кезең –толық өңеш өтімсіздігі. Науқас жұтыну барысында сілекей өтпейді.

Тағамды қабылдау кезінде регургитация байқалады, ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
Гиперсаливация, сілекейдің көп бөлінуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет