Дәрмекті ем.
Ем тактикасы аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты.
аурудың I- II дәрежелерінде: ранитидин 150 мг күніне 2 рет 4-6 апта + Н 2- гистаминблокаторлар (маллокс, фосфалюгель, ремагель) күніне 3 рет беріледі. Ем курсы 4-6 апта.
аурудың III дәрежесінде: Н2 блокатор ранитидин 150 мг + прокинетик мотилиум 10мг + сукральфат 0.5-1.0 г береміз. Ем курсы 6 апта.
аурудың IV дәрежесінде: омепразол 20 мг күніне 2 рет + прокинетик + сукральфат.
Емнің ұзақтығы 6-8 апта.
Хирургиялық ем
Алдын – алу шаралары
Тағайындалған дәріні уақытында және коп мөлшерлі сумен қабылдау керек, себебі эзофагит және өңеш кілегей қабығының тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
Ішімдік қабылдауды тоқтату қажет.
Темекі тартуды тоқтату қажет.
Құрамында кофеині бар сусындарға, майлы және тәтті тағамдарға,цитрусты және томатқа шек қою керек.
Ұйықтағанда бастың көтеріңкі болуын қадағалау керек.
Артық салмақты жою керек.
Өз дәрігеріңіздің қарауында жиі болуға тырысыңыз, және дәрігеріңізге өз ауруыңыздың симптомдары айқын көріне бастаса міндетті түрде хабардар ету керек.
Болжам. Аурудың болжамы қолайлы. Бірақ өңештің төменгі сфинктерінің гипотониясы өршитін болса болжам нашарлайды. Осыған байланысты диспансерлік бақылауға тұру қажет, және жылына 1-2 рет ФГДС жасалуы қажет.
ӨҢЕШ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫ0
Өңеш рагы - қатерлі, тіндер мен мүшелерді бұзып-жарып өсетін, өңешті тарылтатын, ыдырататын, метастаз беретін, ауыр интоксикация және прогресивті түрде арықтататын ісік.
Өңеш рагының этиологиясы:
Шылым шегу және алкогольді ішімдіктерді пайдалану кезінде;
Өте ыстық сусындар мен астарды қабылдау кезінде;
Баррет өңеш
Химилық фактор әсері;
Физикалық фактор әсері- иондалған сәуле.
Созылмалы өңеш аурулары химиялық күйіктен кейінгі тыртықтану, кардииахалазиясында, рефлюксті-эзофагит;
Теміржетіспеушілік анемия;
Пламмер –Винсон ауруында
Достарыңызбен бөлісу: |