В12 жетіспеушілік анемия емі:
егер глисттыинвазия болса дегельминтизация
ішектің органикалық зақымдалуы және іш өту кезінде ферментативті препараттар (панзинорм, фестал, панкреатин)
ішек флорасын қалпына келтіру (панзинорм, фестал, панкреатин) және диспепсия алдын алатын, қажетті диетаны сақтау
витамин, ақуызға бай тағамдар қолдану, алкогольды шектеу
патогенетикалық терапия В12 витаминін парентеральды қабылдау (цианкобаламин), сонымен қоса гемодинамиканы қалпына келтіру
Гемотрансфузия тек гемоглобин деңгейі біршама төмендеген кезде және коматозды жағдайда жүргізіледі. Эритроцитарлы масса 250 - 300 мл (5 - 6 трансфузия) енгізіледі.
Преднизолон (20 - 30 мг/тәул) аурудың аутоиммунды табиғатында қолданылады.
Терапия принциптері:
Жиі цианкобаламин 200-300 микрограмм (гамм) дозада қолданылады.( бұл доза асқынулар болмаса) (фуникулярлымиелоз, кома). Егер асқыну болса 1000 микрограмм қолданылады, он күннен соң доза төмендетіледі. Инъекция 10 күнге созылады, кейін 3 ай бойы апта сайын 300 микрограмм енгізіледі. Осыдан кейін, 6 ай бойы 1 инъекция әрбір 2 апта сайын жасалады.
Емнің эффективтілігінің критерилері:
шұғыл ретикулоцитоз 5-6 инъекциядан соң, егер байқалмаса диагностика қателігі;
1.5 - 2 айдан соң қан құрамының толықтай қалпына келуі, неврологиялық бұзылыстардың қалпына келуі жарты жыл ішінде байқалады.
Кейбір тағамдардағы В12 витаминінің деңгейі (100г. өнімде)
Сиыр бауыры - 60 мкг
Шошқа бауыры - 30 мкг
Тауық бауыры - 16 мкг
Скумбрия-12 мкг
Қоян еті - 4,3 мкг
Сиыр еті - 2,6 мкг
Шошқа еті - 2 мкг
Треска балығы - 1,6 мкг
Карп балығы - 1,5 мкг
Тауық жұмыртқасы -0,5 мкг
Қаймақ - 0,4 м
Достарыңызбен бөлісу: |