Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Экстросистолияның емдеу принциптері



бет80/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Экстросистолияның емдеу принциптері

  1. Экстрасистолияиың органикалық немесе функциялық түрін анықтап алу.

  2. ЭКГ-лық. мониторлау аркылы экстрасистолияның тәуліктік саның анықтау. Монитор болмағанда қағазды жай 10-25 мм/с жылдамдықпен жүргізіп, ЭКГ-ны 20 минут үзбестен жазып түсіреді.

Тіркелген экстрасистолалардың санын 3-ке көбейтіп — 1 сағаттағы немесе 72-ге көбейтіп — 1 тәуліктегі санын есептеп шығарады. тәуліктік саны 100-ден аз экстрасистолияға ем жасау қажетсіз. Саны 100-700 аралығындағы экстрасистолияда седативті дәрмектер ал саны 700-ден артық түрінде антиаритмиялык ем міндетті түрде қолданылады.
Функциялык экстрасистолияны емдеу

  1. Ішімдікті, қою шай мен кофе ішуді, темекі тартуды доғару, тамақты тоя ішпеу, ас қорыту жолының функциясын қалпына келтіру.

  2. Седативті дәрмектер мен транквилизаторларды қолдану: валерианка түбірінің түнбасы 1-2 ас касыктан 4 рет; Зеленин тамшылары (кұрамына белладонна кіретін) 20-25 тамшыдан 3-4 рет, бұл брадикардия үстіндегі экстрасистолияда тиімді; валокордин 25-30 тамшыдан 3-4 рет, т.б.

  3. Бұлар әсер етпегенде антиаритмиялық әсерлі транквилизаторлар қолданылады: диазепам (седуксен), элениум, андаксин т'.б.

  4. Калий дәрмектері: панангин 2 др. 3-4 рет; калий хлориді 10% ерітіндісін 1 ас қасықтан күніне 3-6 рет жеміс шырынына қосып; поляризациялаушы ерітінді венаға тамшылатып; калийге бай тағамдар.

  5. Ваготонияға байланысты акстрасистолияда (тыныш қалыпта болып, дене кызметіне азаятын немесе жойылатын) М-холинолитиктер, мәселен қүрамьша белладонна кіретін дәрмектер және дене жаттығулары тиімді болады. Бекарбон 2 табл. 3-4 рет; Зеленин тамшылары 15-30 тамшыдан 3-4 рет; атропин сульфаты 0,1% ерітіндісі, 5-6 тамшыдан бастап 8-10 тамшыға дейін көбейтіп, күніне 3-4 реттен.

  6. Күш түсуге (симпатикотонияға) байланысты экстрасистолияда, кан қысымын, пульсті кадағалай отырып, β-адреноблокаторлар қолданылады: конкор 5 - 10 мг тәулігіне 1 рет; тразикор 0,02-0,04 г 3-4 рет; виасен 0,005-0,01 г 1-2 рет; корданум 0,05-0,1 г куніне 3 рет т.б.

Қарыншаүстілік экстрасистолияда қолданылатын дәрмектер:
β-адреноблокаторлар, әсер етпесе калций антагонистері (финоптин 0,04 г 3 рет. қажет болса дозасын 0,08 г 3 ретке дейін ұлғайтып), әсер етпесе - хинидин 0,2-0,3 г 3-4 рет немесе оның ұзақ әсерлі түрі хинилентин 0,25 г 4-6 рет. Жүрек шамасыздығы болса, онда ең тиімдісі - жүрек гликозидтері (дигоксин, изоланид). Бұлар көмектеспесе, онда экстрасистолияның барлык түрлерінде әсер ететін дәрмектер (кордарон, аймалын, пулһс-норма, ритмонорм т.б.) немесе дәрмектер қоспасы қолданылады: хинидин + дигоксин, хинидин + верапамил, β-блокаторлар + дигоксин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет