Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет18/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Гиперстениялық тип - дененің көлденең өлшемінің ұзын болуы. Денесі ұзын, аяқ-қолдары қысқа, іші үлкен, диафрагмасы жоғары орналасқан, ішегі ұзын, қабырғасы қалың және жуан. Бұларда қан қысымы, гемоглобин, эритроцит, холестерин деңгейі жоғары.
Асқазанның гиперфункциясы және гипермоторика. Жыныс бездерінің және бүйрек үсті безінің функциясының жоғары болуы.
Нормастениялық тип- астениялық типпен гиперстениялық типтің арасындағы орташа тип.
Жүріс- тұрысы (Осанка)
Адамның жүріс-тұрысына қарап бұлшықеттің дамуының дәрежесін оның мамандығы және әдеттері жайлы қорытынды жасауға болады. Тік жүріс-тұрыс, жеңіл ыңғайлы қозғалыс, ағзаның жақсы жағдайда екенін көрсетеді. Жүйке жүйесінің кейбір ауруларында арнайы жүрістер болады. Физикалық ауру науқастар немесе психикалық жағынан төмен адамдарда өздеріне арнайы жүріс болады, «үйрек» жүрісі жанбас буыны туа шығып кеткенде және остеомаляциясында кездеседі.
Басын қарау
Бастың формасының және көлемінің өзгеруінің диагностикалық маңызы зор.
Гидроцефалия кезінде бас шектен тыс үлкен болады, ал микроцефалияда бас өлшемі кіші болады. Бұлар туа біткен сырқаттар бастың төрт бұрышты болуы және төбе бұдырының үлкен болуы рахитпен ауырғаның немесе туа пайда болған мерез ауруының бар екендігін көрсетеді. Өздігінен бастың қозғалуы паркинсонизмде, бастағы пульсация- аортальді қақпақшаның жетіспеушілігінде кездеседі. Ал бастағы тыртық жарақаттың белгісі болады. Ол бастың қатты ауруына соқтырады және эпилепсиялық тырысуды шақыруы мүмкін. Басты қараған кезде шаштың жағдайына көңіл бөлу керек: сыңғыш,үшталған- анемияда, қатты түскен- эндокринді ауруларда. Аймақты таздар-саңырауқулақтардың белгісі. Басты қараған кезде құлақпен сыртқы тесігіне көңіл бөлу керек..
Бетін қарау. Беттің жағдайы әр түрлі психикалық, патологиялық және
соматикалық жағдайда, жасына, жынысына байланысты өзгереді.
Әйелдерде түрдің ерекше болуы немесе еркектерде әйелше түрдің болуының диагностикалық маңызы зор. Бұдан басқа да өзгерістер кездеседі:

  1. Ісінген бет- бүйрек ауруында, жергілікті венаның іркілуінде, тұншығу ұстамасында, жоғарғы қуыс венаның қысылуында болу мүмкін

  2. «Корвизар» беті- жүрек жетіспеушілігінде болады. Бет ісінген сарғыш- бозғылт, көкшілденіп, аузы үнемі жартылай ашық , ерні көкшіл, көзі сығырайып тұрады.

  3. «Қалтырау беті»- терісі қызарып, көзі жылтырап тұрады, түрі қозғыш келген, әр түрлі инфекциялық ауруларда кездеседі

  4. Акромегалиялық бет- кейбір бөліктері үлкейген/мұрын,жақ/, сонымен қатар жүктілік кезінде болады.

  5. Микседемалық бет- қалқанша безінің функциясы төмендегенде болады- бет біркелкі толған, шырышты қабатта ісік, көзі кішірейген /сығырайған/, беті тегіс, беттің ұшы қызарған-қуыршаққа ұқсас.

  6. Ай тәрізді бет-қатты қызарған, жылтыраған, әйелдерде сақал өсуімен бірге болады. Иценко-Кушинга ауруында кездеседі

  7. «Арыстаң беті»-бұл проказа ауруында басталады. Ол кезде бұдырлы түйінді қалың тері көз алдында және қасында пайда болады да мұрны кеңейеді.

  8. «Паркинсон бет пердесі» - энцефалит ауруларында болады.

  9. «Қуыршақ» беті аздап дөңгелектеу, өте бозғылт- сарғыш келген, бұл адамдарда анемия ауруында және Аддисон-Бирмер ауруында байқалады

  10. Гиппократ беті – көзі шүңірейген, мұрны үшкір, терісі өлі адамның терісіндей боз, көкшілденген. Кейде үлкен тамшылы суық термен қапталған. Бұл өзгеріс құрсақ қуысының өте ауыр ауруларына байланысты, мысалы: перитонит, ойық жараның перфорациясы.

  11. Беттің бұлшықетінің ассиметриялық қозғалысы невриттен кейін және миға қан құйылудан кейін байқалады.

Қабақты, көзді қарау. Қабақтың ісінуі бүйрек ауруларында, анемияда, жиі жөтел ұстамасында ұйқысыз болған түнде, кейде сау адамдарда ертеңгісін пайда болуы мүмкін.
Көз шелінің кеңеюі және қабақтың толық жабылмауы беттің жүйке талшығының қабынуында кездеседі, ал тарылуы микседемада болады. Көздің шарасынан, шығып тұруы- тиреотоксикозда немесе жақыннан көрүдің ауыр бұзылыстарында болады. Көз алмасының төмен түсуі- микседемада болады. Қарашықтың тарылуы уремияда, ми ісігінде, миға қан құйылғанда, морфин препараттармен уланғанда кездеседі. Ал қарашықтың кеңеюі- кома жағдайында , ал қарашықтың бірдей емес өзгеруі жүйке жүйесінің зақымдануында, қылый көздік көз бұлшықетінің параличінде кездеседі.
Мұрынды қарау. Мұрынды қарағанда оның үлкейгеніне,қалындауына, формасының өзгерісіне, деформациясына көңіл бөледі. Мысалы:гумозды мерезде мұрын ішке қарай түсіп кетеді. Яғни сынған болуы мүмкін. Ішімдікте- қызарып турады. Ауыз қуысы залалсызданған шпательмен қаралады.
Ауыздың түрі ,бұрышының симметриясы, еріннің түсі ,ондағы көпіршіктер, жарылудың бар жоқтығы ауыздың шырышты қабаты/дақтар, Филатов-Коплик дағы, қан құйылулар т.б/ қаралады. Қызыл иектің өзгеруі цингада, жедел лейкозда, қант диабетінде. Стоматитте афталар байқалады.
Тістерді қарағанда олардың түріне көлеміне, орналасуына, кариесті тістердің бар жоқтығына көңіл бөледі.Тілді қараудыңда маңызы зор. Тіл асқазанның айнасы. Кұрғақ жарылумен және қоныр қабықшамен жабылған тіл- ауыр интоксикацияда және инфекциялық ауруларда болады, ал тегіс жылтыраған тіл анемияда кездеседі., жылтыраған тіл- асқазан рагінде. Тістің іздері, тыртықтар тілде кейде тістеп алғаннан болады. Яғни көмей, миндалиналар, тілшік қаралады.
Мойынды қарау. Қарағанда ұйқы артериясының лүпіліне көңіл аудару керек. Мойынның лимфа түйіндерінің көлемін қараймыз және қалқанша бездің үлкейген және үлкеймегеніне көңіл аударамыз.
Теріні қарау. Қарағанда: терінің түсіне, эластикалық қабілетіне, ылғалдығына, бөртпелерге, тыртықтарға көңіл аударамыз. Терінің түсі бозғылт, сарғыш, жер түсті, күл түстес немесе қоныр болуы мүмкін. Терінің эластикалық қабілетін немесе тургорын екі саусақпен теріні бүгу арқылы анықтаймыз.
Егер терінің эластикалық қабілеті қалыпты болса, екі саусақпен бүккен жер, қолды алған кезде тез жоғалады, ал тері тургоры төмен болса, бүгілген тері орнына жәй келеді. Терінің әжімденуі-оның эластикалық қабілетінің төмендеуіне байланысты кәрі жаста және сусыздану кезінде болады..
Терінің ылғалдығы- көбіне көп тері бөлінгенде болады. Терінің бөртпелері- әр- түрлі болады. Терінің түсінің өзгеруі: гиперемия/қызару/ қалтырауда, қозуда, ішімдікте және т.б жағдайда кездеседі. Бозаруы анемияда, коллапс, шокта, сарғаюы- бауыр, өт жолдарының ауруларында. цианоз- жүрек,өкпе ауруларында. Акроцианоз- жүрек әлсіздігінде.шаштың өсуінің бұзылуы эндокриндік ауруларда кездеседі. Ал тырнақтардың сынғыштығы микседемада, анемияда, гиповитаминозда, саңырауқулақ ауруларында кездеседі.
Тері асты май қабатының дамуы - қалыпты төмендеген және жоғарлаған болуы мүмкін. Сонымен қатар ісінулердің бар жоқтығын көреміз.
Лимфа түйіндерін қарау. Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері көзге көрінбейді және қолға ұсталмайды. Патологиялық көлеміне байланысты лимфа түйіндері бұршақ мөлшерінен алманың мөлшеріне дейін жету мүмкін. Оның көлеміне, ауырсынуына, жылулығына, консистенциясына, теріге жабысқандығына көңіл аударарлық.
Бұлшықет жүйесін қарау. Бұлшықеттің даму дәрежесін анықтаймыз, ол пациенттің жұмысына, спортпен шұғылданғанына байланысты болады, сонымен қатар аяқ- қолдардың, омыртқаның ,кеуденің бас сүйегінің әр түрлі кемшіліктеріне көңіл аударамыз.
Буындарды қарау. Буындардың конфигурациясына, қозғалыс және қозғалыссыз жағдайда ауырсынуына, қозғалыстың шектелгеніне және маңындағы ұлпаларда ісік, гиперемия болуына көңіл бөлеміз.
Аяқ-қолдарды қарау. Тамырлардың варикозды кеңеюін, ісіктің бар жоқтығын, терінің, бұлшықеттің өзгерісін, аяқ-қолдың дірілдеуін, деформациясын, буын маңының гиперемиясын, ісігін қараймыз және тыртық, жараларға көңіл бөлеміз. Табанның формасын қараймыз/жалпақ табандылық/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет