Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет20/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Перкуссия /тықылдату/
/Латын тілінен- Percussio - тікелей аударғанда «тері арқылы»/ Бұл әдісті 1761 ж Австриялық дәрігері Ауэнбругер ұсынған. Бұл тоқылдату әдіс. Дененің әр бір жерін тықылдатып әр түрлі дыбыс естийміз, солар арқылы тықылдатқан жердегі мүшелердің жағдайын білуге болады. Тықылдатқан кезде астындағы ұлпа қозғалып қоршаған ауа әр түрлі амплитудалық толқын береді,ол толқындар дыбыс болып естіледі. Тығыз мүшелері/бауыр, көк бауыр, бұлшық еттер, қуыстағы сүйықтар/ төмен амплитудалық қозғалыс береді, соңдықтан дыбыс тұйық, тынық болып шығады.
Айқын дыбыс қуысты ауасы бар мүшелерден шығады: өкпе, іш, көмей, ауыз қуысы.
Осы әдіспен мүшелердің орналасуын ,түрін, шегарасын патологиялық өзгерістерін анықтау болады.
Перкуссияның тікелей және тікелей емес түрлері болады.
Тікелей перкуссияны Ауэнбруггер алғашқы рет усынған, екінші немесе үшінші бүгілген саусақпен мүшенің үстінен тікелей тықылдату. Қазіргі уақытта балаларда қолданылады және сүйектер тексеріледі.
Тікелей емес перкуссия плессиметр/пластина/ арқылы жүргізілетін болатын, үстінен кішкентай балғамен тықылдататын, 1935жылдан бастап саусақпен саусақтың үстінен қағады.
Дыбыстардың түрлері
Тынық дыбыс ауасы жоқ үлкен мүшелердің үстінде естіледі: бауыр, бұлшық ет.
Тынықталған дыбыс ауасы жоқ кіші мүшелердің үстінен естіледі: жүрек, көк бауыр.
Патологиялық жағдайда тынықталған дыбыс өкпе үстінде естілсе онда ошақты пневмония немесе абсцесс, туберкулез және басқада патология туралы ойлау болады.
Айқын, анық перкуторлы дыбыс құрамында ауасы бар мүшелерден шығады: өкпе, асқазан, ішектер. Өкпе эмфиземасында қораб дыбыс естіледі. Тимпаникалық дыбыс ол дабыл дыбысындай болады, бос асқазанмен ішек үстінде естілу мүмкін.
Перкуссияның түрлері

  1. Топографиялық перкуссия - мүшелердің шегарасын,көлемін, түрін анықтайды

  2. Салыстырмалы перкуссия мүшелердегі патологиялық өзгерістерді анықтауға негізделген. Салыстырмалы перкуссия өкпенің симметриялық нүктелерінің дыбыстарын салыстыру үшін қолданылады және соққының күші бір келкі болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет