Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Перкуссияның негізгі ережелері



бет21/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Перкуссияның негізгі ережелері

  1. Бөлме жылы және тыныш болу керек

  2. Фельдшер ыңғайлы орналасып, қолы жылы болу керек

  3. Пациенттің жағдайы ыңғайлы, еркін болу керек. Перкуссияны пациентті тұрғызып немесе отырғызып жүргізген дурыс, тек қана ауыр халде жатқан пациенттерге жатқызып өткізіледі.

  4. Сол қолдың алақаны денеге тығыз қойылады, арасында ауа қалмай

  5. Оң қолдың ортаңғы саусағын бүгіп, сол қолдын ортыңғы саусағының ортаңғы фалангасынан тік қағу

  6. Перкуссиялық қағу тек білезік буынның қимылы арқылы іске асырылуы керек. перкуторлы соққы қысқа болу керек плессиметр- саусақты тез алып кету керек. әр перкуссиялық соққының күші бірдей болуы керек.

  7. Қойған мақсатқа қарай перкуссияның соққысының күші терең немесе жай болады. Күшті перкуссияда тербеліс толқыны 6-7 см тереңдікке және 4-6см шетке тарайды. әлсіз/жай/ перкуссияда тереңдігі 4см, шетке 2-3см тарайды

  8. Топографиялық перкуссияда сол қолдың саусағын мүшенің шегарасына паралельді қою керек, перкуссияны күшті дыбыс беретін мүшеден тынық дыбыс беретін мүшеге қарай жүргізеді. Мүшенің шекарасын саусақтың анық дыбыс шығатын жағынан белгілейді.

  9. Салыстырмалы перкуссияны, симметриялық жерлерде ғана жүргізу керек және соққының күші бірдей болу керек.

  10. Аускультация

Аускультация – пациентті тыңдау.Бұл әдіс ағзадағы табиғи жағдайда пайда болған дыбыстарды тыңдауға негізделген.Бұл да ертеден қолданылып келе жатқан әдіс болғанымен, оның авторы француз клиницисі Рене Лаэннек болып есептелінеді. Ол 1819жылы «Аускультация» немесе осы жаңа зерттеу тәсіліне негізделген өкпе мен жүрек ауруларын анықтау туралы»- деген еңбегін жариялады. Кезінде басқа дәрігер- зерттеушілер бұл тәсілді көп жетілдірді. Аускультация әдісіне байланысты тікелей және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Тікелей аускультацияда дәрігер құлағын пациенттің денесіне тікелей тақап тыңдайды. Тазалықты сақтау үшін құлақтың астына орамал төсейді. Бұл тәсілдің өзіндік артықшылығы да кемшілігіде бар.
Артықшылықтары:

  1. Аускультациялық дыбыстар өзгеріссіз естіледі

  2. Аспапен тыңдағанда естілмейтін кейбір дыбыстарды тікелей тыңдағанда естуге болады/мысалы,жүректің 111тоны/

Кемшіліктері:

  1. Тазалық сақтау қиындығы

  2. Қолдануға ыңғайсыздығы

  3. Кейбір дыбыстардың кейде естілмейтіні

  4. Этикалық жағынан жараспауы

Аспапты аускультацияда әр түрлі аспаптар/стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп/ қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет