Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Клинико- лабораториялық зерттеу әдістер



бет23/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Клинико- лабораториялық зерттеу әдістер
Қанның жалпы анализы
Қан-бұл ағзаның белгілі морфологиялық құрамымен әр түрлі қызметтері бар ішкі ортасы, қанды ағзаның айнасы деп айтуға болады.Қанның құрамы:
формалық элементтер: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер
қанның плазмасының құрамы: ақуыз, ферменттер, гормондар, витаминдер және басқада гормональды заттар
Қанның қызметтері:
Тыныс алу/ ұлпаларды өттегімен қамтамасыздандыру және олардан көмір қышқылын әкету/
Қорғаныс- антиденелермен фагоциттерді түзу
Экскреторлы- алмасу қызмет- ағзадан зат алмасудың қалдықтарын шығару: мочевина,азот қалдықтары және т.б.
Тамақтандыру/көмірсу, ақуыз, майларды тасымалдау/
Гемостаз қызметі-тамырлардың ішінде қанды белгілі мөлшермен сапада ұстау
Физико-химиялық-микроэлементтер алмасуы /кальций,калий, фосфор, темір, йод/ су алмасуы, ұлпалардың осмотикалық тепе - теңдігін сақтау.
Нейрогормональды-сүйек майынан қанға клеткалардың шығуы.
Эритроциттер /қанның қызыл денелері/ формалық элементтердің негізгі
салмағын құрайды.
Өмір сұру ұзақтығы 120күн. Көк бауырда бұзылады,негізгі қызметі- өттегіні тасымалдау.
Қалыпты жағдайдағы мөлшері әйелдерде 3,9х4,7х1012 /л ,
ер адамдарда 4-5х1012/л.
Эритроциттің санының көбеюін эритроцитоз дейді/полиглобулия/. Бұл жағдай эритропоэз күшейгенде және қан қоюланғанда/қан жоғалту,шок, сүйықтықта, аштықта/ кездеседі.-
Эритроциттің санының азаюын эритропения дейді, ал гемоглобинмен қатар азайса- анемия дейді. Эритроциттің диаметрімен формасы өзгерсе ол патологиялық процессті көрсетеді, эритроциттің өзгерген көлемі В12- жетіспеушілік анемияда, ішек рагында лейкоздарда кездеседі
Пойкилоцитоз- формасы әр түрлі болып өзгереді. Анизоцитоз- көлемі әр түрлі болып өзгереді.
Ретикулоциттер-жас эритроциттер. Қалыпты жағдайда-0,2-1% құрайды, жедел постгеморрагиялық анемияда көбейеді.
Гемоглобин- Эритроциттердің негізгі тыныс пигменті.
Ол хромопротеидтерге жатады, ағзаны оттегімен қамтамасыз етеді, гемоглобин құрамына глобин мен гем кіреді. Гемоглобиннің түсі құрамындағы темірге байланысты.
Гемоглобиннің қалыпты мөлшері дені сау ер адамдарда 132-160г/л, әйелдерде 120-140г/л. қанда гемоглобиннің азаюы- анемияның негізгі белгісі/олигохромия/ гиперхромия- гемоглобиннің бір эритроцитте көбеюі, эритремия, симптоматикалық эритроцитоздарда кобееді, эритремияда гемоглобиннің мөлшері 180-210г/л шамасына дейін көбеюі мүмкін.
Түс көрсеткіш- әр эритроциттің гемоглобинмен қанығу дәрежесін көрсететін белгі. Сау адамда 0,85-1,15 шамасында болады. Темір жетіспеушілік анемияда 0,4 ке дейін, В12 жетіспеушілік анемияда –1,3-1,5 дейін көтеріледі,
Эритроциттер тұну жылдамдығы/ЭТЖ/ қалыпты мөлшері сау адамдарда
4-10мм/сағ, әйелдерде 4-15мм/сағ тең болады. ЭТЖ септикалық, қабыну, бауыр ауруларында, жүктілікте, қатерлі ісіктерде және т.б жағдайларда көбееді.
ЭТЖ-ның баяулауыда қауыпты жағдай-гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің төмендеуін білдіреді/4-1мм/сағ/ кездеседі:
1. Вирусты инфекциялардан кейін/грипп
2.Балалар мен әйелдер/тез шаршайтын, басы ауыратын, физикалық дамуы қалыңқы балалар, созылмалы гинекологиялық аурулары бар әйелдер және жиі лейкопения қатар болады/

  1. Ұзақ уақыт кортикостероидтер алатын пациенттер, өкпе эмфиземасында.

Лейкоциттер. Бұл қанның ақ денелері, өмір сұру ұзақтығы бір неше сағаттан екі күнге дейін. Олар тамыр ішінде болып, кейін ұлпаларға сініп кетеді де сол жерде қорғаныс, трофикалық, фагоцитоз және басқада қызметтерін атқарады. Қалыпты жағдайда 4-9х109/л болады. Саны көптеген факторларлдың әсерінен тез өзгеріп отырады.
Лейкоцитоз- лейкоцит санының көбеюі тамақтан кейін, бұлшық еттерінің жұмысынан кейін, жүктілік кезде.
Патологияда- жедел қабыну процестерде, инфекционды ауруларда, миокард инфарктысында, күйктерде, лейкоздарда, қатерлі ісіктерде т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет