Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Науқастарды қарап тексеру



бет62/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Науқастарды қарап тексеру. Жалпы қарағанда науқастың бет әлпетін, ыңғайлы жағдайын, терінің түсін, ісіктің көлемін, домбығы бар ма екенін қарау керек. Жүрек маңайының ауруында, ентікпеде науқас өзіне ыңғайлы жағдай іздейді. Ауырсыну кезінде дененің жоғарғы бөлігін қозғалтуға қорқады. Ауа жетіспегендіктен қан айналымының бұзылғанынан және гемоглобиннің тотықпауынан науқастың еріннің, мұрын ұшының, аяқ пен қолдың саусақтарының көкшіл түсті болуы цианоз деп аталады. Әдетте цианоз ісіктен бұрын пайда болады және жүрек шамасыздығына тән. Көкшіл түске боялу құрамында көп мөлшерде тотықсызданған гемоглобині бар қанның тері саңылаулары арқылы шығуы деп түсіндіріледі. Қалыпты жағдай-ға қарағанда тіндер гемоглобиннің оттегіні көп мөлшерде даму себебіне тотықсызданған гемоглобин көбейеді, бұл дәріске жүректің жиырылу қызме-тінің төмендеуі әсерінен капиллярлардағы қанағымының азаюы да әсер етеді. Жүрек шамасыздығында цианоз жергілікті түрде байқалады. Туа біткен ақауы бар адамдарда және митрал қақпақшаның қатаюында көгеру қатты білінеді. Кейбір жүрек - тамыр ауруларында науқастың терісі сарғаюы мүмкін. Өйткені бұл бауырдың билирубин шығару қызметінің бұзылуынан болады. Жүрек маңайын қарағанда ол жердің төмпекшеніп көзге көрінуіне көңіл аударамыз. Қалыпты жағдайда ол көзге көрінбейді. Бұлшық еттің гипертрофиясында сол жақ қарыншаның жиырылуы жиіленеді және көлемді болады. Сол жақ қарыншаның дилетация (босану) кезінде жоғарғы бөліктің итерімі (күші) сол жақ және төменге қарай беріледі. Қолқаның аневризмасында кеуденің жоғарғы ойындысында оң жақ екінші қабырға аралықта пульстің соғуы білінеді. Жүректің аневризмасында пульстің соғуы кеуденің сол жақ төртінші қабырға аралығында білінеді. Жауырын аймағындағы пульстің білінуі - бұл жүрек ақауындағы оң жақ қарыншаның гипертрофиясында және өкпе эмфиземасы болып табылады.Жүрек ұшын және жүрек думпуін пальпация әдісімен тексеру. Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады. Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші, төртінші қабырғалар аралығында жатуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Сонымен жүрек ұшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мән беруіміз керек. Пальпация жасағанда жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды. Ол үшін жоғарыда айтылған оң қолдың үш саусағының ұшымен жүрек ұшы тұрған нүктені дәл анықтап белгілеу керек. Егер жүрек ұшының түрткісі едәуір жерді алып көлбеп жатса, ең сыртқы, төменгі нүктені таңдап аламыз. Науқастың кеудесін алға еңкейтіп ұстауын өтіну керек, неге десеңіз бұл кезде жүрек ұшының түрткісін табу ыңғайлы болады.Жүрек түрткісінің аумағы деп түрткінің әсерінен кеуде клеткасыньң қозғалуын айтамыз, оның калыпты жағдайда диаметрі 1-2 см болады. Егер ол 2 см-ден үлкен болса — жайылған және одан кіші болса - шектелген деп есептелінеді. Жайылған түрткі жүрек өлшемдерінің ұлғайғанын көрсетеді, бұл жағдай адам жүдеу болғанда, кабырға аралықтары кең болғаңда, сол жақ өкпенің төменгі бөлігі жиырылғаңда кездеседі. Семіздікте, өкпе ауруларында, диафрагманың төмен орналасуында түрткінің шектеулі түрі кездеседі, яғни жүрек кеудеге аз көлемімен түйіседі.
Жүрек түрткісінің биікгігі деп - кеуде қуысы тербелісінің амплитудасын айтамыз. Биіктігі жағынан жүрек түрткісі жоғары және төмен болып екіге белінеді.
Пальпация әдісімен зерттеу кезінде жүрек ұшының саусақтарға әсер ететін қысымы жүрек ұшы түрткісінің күші деп аталады. Ол сол жақ қарыншаның жиырылуына байланысты болады. Алдыңғы екі қасиеті сияқты, түрткінің күші де кеуде қуысының қалыңдығына және оған жүрек ұшының жақын орналасуына байланысты. Ең бастысы, ол сол жақ қарыншаның жиырылу күшіне сәйкес келеді.
Пальпация жасалғанда жүрек түрткісінің серпімділігін байқауға болады, бұл дегеніміз гипертрофия кезінде сол жақ қарыншаның бұлшық еті тығызданады, серпімділігі артады. Ал сол жақ қарынша қатты қалыңдағанда "күмбез" тәрізді түрткі сезіледі, себебі бұл кезде жүрек кеуде қуысына тығыз жанасып жатады.
Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см оңға қарай бесінші қабырға аралығында жатады. Егер науқас сол жағымен жатса, бұл нүкте солға 2 см, оң жағымен жатса, оңға 1-1,5 см ығысуы мүмкін. Ал адам тік тұрғаңда мұңдай өзгерістер болмауы тиіс. Жүрек ұшының ығысуына жүректен тыс себептер де әсерін тигізеді. Оларға кеуде пердесінің жоғары тұруы, кеуде қуысы көлемінің өзгеруі, өкпенің бүрісіп қалуы т. с. с себептер болады.
Пальпация арқылы “мысықтың пырылдауы” сияқты симптомын анықтауға болады. Бұндай симптом сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның аралық тесігі тарылғанда кездеседі. Пальпация арқылы кеуде торшасының деформациясын табуға болады (жүрек томпаюы).
Тамыр соғуы (пульс) - бұл жүректің жиырылуы кезінде айдап шыққан қанның әсерінен артерия қабырғаларында пайда болатын кезеңді тербелістер. Әдетте пульсті білезік артериясында үш саусақпен анықтайды. Пульсті самаймен ұйқы артериясында анықтауға болады. Пульстің бірнеше сиапттамалары бар: жиілігі, ырғықтылығы, толуы, толықсуы. Пульстік толқыны келесі түрде пайда болады. Сол жақ жүрекшеден қолқаға айдалған қан, артерияларға тарап оларды толтырады. Дені сау адамда пульстің соғуы минутына 60 – 80 рет, әдетте ырғағы дұрыс ( пульстің соғу аралығы бірдей уақытта өтеді). Білезік артериясының қанмен толуы жеткілікті. Пульстің толықсуын артериядағы тербелістер тоқтағанға дейін оны қысып тұруға керек күшпен бағалайды. Пульстің толуын пульсті толқын өту кезінде артерияның көлемінің ұлғаю дәрежесімен анықтайды. Пульстің келесі түрлері бар: толық, бос және жіп тәрізді. Пульстің соңғы екі түрі өткір жүрек жетіспеушілігінде пайда болуы мүмкін, ауыр жағдайды білдіреді. Пульстің жиілігі – бұл пульстік толқынның көтерілуінің жылдамдығын есептеу. Пульстің аритмиясын табу өте маңызды. Аритмиялар жүректің қызметінің бұзылыстарымен байланысты болуы мүмкін. Жүрек – қан тамыр ауруларындағы артериалдық қан қысымын өлшеу маңызды болып табылады. Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларында сырқатқа қатысты биохимиялық қан анализінде мүмкіншілікті өзгерістер байқалады: протромбин, холестерин, ферменттердің мөлшерінің көрсеткіштері өзгереді. Қазіргі заман талабына сай шығарылған мониторлы ЭКГ, УДЗ және тағы да басқа тексерістер түрлері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет