Жүрек перкуссиясы: бұл кезде ең алдымен жүректің қай шекарасын анықтаймыз, соны білу қажет. Салыстырмалы тұйықтықты анықтау үшін орташа күшті перкуссияны қолданады. Абсолютті тұйықтықты анықтағанда бәсең перкуссияны қолданады. Кейбір клиницистер өте бәсең Гольдштайдер әдісін де қолданады.
Перкуссияның бағыты: жүрек перкуссиясын ашық дыбыстан бәсең дыбысқа қарай, өкпеден жүрекке қарай жасайды.
Жүрек шекарасын белгілеу: жүрек шекарасының белгісін плессиметр саусағының өкпе перкуссиясы сияқты ашық дыбыс жағынан (сыртқы жағынан) белгілейді.
Жүректің және қан тамырлар шоғырының енін анықтау. Ол үшін жүрек перкуссиясын төменгідей төртіппен жүргізеді: ең алдымен жүрекгің оң жақ ше-карасын кейін, сол жақ және жоғарғы салыстырмалы тұйықтыктығын анықтайды, қосымша жүрек кескін үйлесімін (конфигурациясы) сантиметр өлшемімен өлшейді. Салыстырмалы тұйықтыктан кейін абсолюттік тұйықтықты және қан тамырлар шоғырының енін анықтайды.
Журектің салыстырмалы түйықтығын анықтау. Жүректің салыстырмалы тұйықтығын анықтаудың алдында дәрігерде кеуде пердесінің биіктігі туралы түсінік болу қажет, себебі кеуде пердесінің қалпына қарай жүректің шекарасының өзгеруі мүмкін. Кеуде пердесі жоғары тұрса, яғни биіктесе, жүрек көлденең калыпта болады, осы жағдай жүректің салыстырмалы шекарасының үлкейгенін көрсетеді. Ал кеуде пердесі төмендесе, жүрек тік қалыпта тұрса, оның шекарасы кішірейеді. Кеуде пердесінің қалпын анықтау айтарлықтай қиын емес. Ол үшін оң жақ өкпенің төменгі шекарасын білу қажет. Перкуссияны ортаңғы бұғана сызығы бойынша плессиметр саусақты үшінші қабырға аралығына койып, төмен қарай жылжи жүргізеді де, бұл қалыпты жағдайда алтыншы қабырға аралығында болады.
Жүректін салыстырмалы тұйықтығының оң жақ шекарасын анықтауүшін өкпенің төменгі шекарасын анықтағаннан кейін плессиметрді бір қабырғаға жоғары көтеріп орналастырады - төртінші қабырға аралығында және саусақты қабырғаларға көлде-нең қойып жүрекке қарай жылжытып перкуссия жасайды. Анық ашық дыбыстан оның бәсеңдегеніне дейін соғып, саусақтың сыртқы жағынан белгі қойылады, осылайша жүректің оң жақ шекарасын табады. Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ шетінен 1 см алшақ орналасады.
Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасын анықтаған кезде жүрек түрткісі орналасқан қабырға аралығынан анықтайды, өйткені бұл жерде жүректің сол жақ қарыншасы орналасады және ол жүректің сол жақ шекарасы болып есептеледі. Біріншіден, пальпация әдісімен жүрек түрткісін тауып алады, содан соң саусақ плессиметрді оның сырт жағынан қойып, сол деңгейде төске қарай жылжытып перкуссия жасайды. Егер жүрек түрткісі анықталмаса, перкуссияны бесінші қабырға аралығыңда ортаңғы қолтық сызығынан теске қарай анықтайтын шекараға сәйкестендіріп жүргізеді.
Жүрек перкуссиясы кезінде орташа не бәсең күш қолданады, шекара белгісін саусақтың ашық дыбыс шығатын сыртқы жағынан қояды. Қалыпты жағдайда жүректің салыстырмалы тұйыктығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасып, жүрек түрткісімен сәйкес келеді. Бұл жүректің сол жақ қарыншасы болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |