Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет63/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Артериялық қысымды өлшеу Артериялық қан қысымды өлшеудің медициналық маңызы өте зор. Сол жақ қарыншаның систоласына сәйкес келетін максималды (систолалық) және минималды (диастолалық) қысымды ажыратады. Қалыпты жағдайда ересек адамның систолдық қан қысымы орта есеппен алғанда 120-139с.б.б. , диастолдық 80-89 с.б.б. Систолдық және диастолдық қысымның арасындағы айырмашылық тамыр соғу қысымы пульстік деп аталады. Оның көрсеткіші 40-50 с.б.б. Қан қысымын иық артериясынан Коротков тәсілі бойынша анықтайды.
Қан қысымын өлшеу ережелері:

  1. тынық кезде;

  1. өлшемді бір қолдан өлшеген дұрыс;

  1. науқасты жатқызып немесе отырғызып, колды жүректің деңгейінде ұстау. Егер қолы жүрек денгейінен төмен болса, қан қысым көрсеткіші жоғарылайды, ал егер жоғары болса – қан қысым көрсеткіші төмен болады;

  1. жалаңаштанған иыққа манжетті бір саусақ сиятындай етіп қысып салу;

  1. манжеттің төменгі шегі шынтақ ойығынан 2,5 см жоғары болуы керек;

  1. манжетке резеңке баллон көмегімен ауа жібереді. Манжеттің ішіне кірген ауа иық артериясын қысып, ондағы қан ағысын тоқтатады (манжетте тамыр соғысы жоғалады);

  1. фонендоскопты шынтақ буындағы шынтақ артериясына қояды. Ары қарай ауаны манжеткадан секундына 2 атмосферамен шығарып, шыбық артериясымен қан өткенде пайда болатын дыбысты тыңдайды. Бірінші естілген дыбыс (І тон) - систолды қысымға сәйкес. Ауаны шығарғанда аппараттың шкаласына мұқият қарап отырады. Артериядағы қан ағысы толық қалпына келгенде дыбыс жоғалады, бұл кез диастолдық қысымға сәйкес (ІІ тон). Ал екі көрсеткіштің айырмашылығы пульстік қан қысым болып табылады;

  1. 2-3 минут аралығықпен 3 қайтара өлшеген дұрыс;

  1. үш көрсеткіштің ең аз көрсеткіші нақты көрсеткіш болып табылады.

Перкуссия Бұл әдіс арқылы жүректің көлемін, оның орналасуын, шекарасын, кескін үйлесімін (конфигурация), сол сияқты қан тамырлары шоғырының енін де анықтауға болады. Негізінде жүрек екі жағынан өкпемен жабылып жатады, перкуссияның шарты бойынша, өкпе ауасы бар мүше, онда ашық дыбыс, ал жүрек ауасыз мүше, оңда тұйық дыбыс естіледі. Осындай әр түрлі жағдайлар перкуссия әдісін тиянақты түрде қолдануға мәжбүр етеді.
Жүректің алдыңғы бетінің кішкене аймағы ғана кеудеге жақын жатады, қалғаны өкпемен шектеулі, сол ашық жатқан кішкене аумақта абсолютті тұйық дыбыс естіледі. Бұл шекара жүректің абсолютті тұйықтығы деп аталады. Ал өкпемен қоршалған жүректің аумағына перкуссия жасағанда, өте тұйық емес, одан бәсендеу, тұйықталған дыбыс естіледі. Мұны жүректің салыстырмалы тұйықтығы деп атайды.
Жүректің нағыз шекарасы салыстырмалы тұйықтыққа сәйкес, яғни ол кеудедегі жүректің кескіні. Абсолютті тұйықтық - ол жүректің өкпемен қоршалмаған ашық, оң жақ қарыншасынан тұратын бөлігі.
Перкуссия жасағанда төменгі көрсетілген ережелерді басшылыққа алған жөн. Науқастың қалпы: жүрек перкуссиясын жасағанда науқас тік тұруы тиіс, екі қолы төмен түсірілген, ал халі ауыр, өздігінен тұра алмайтын науқастарды төсекте жатқан қалпында перкуссия жасайды. Есте ұстайтын бір нәрсе: тік қалыптағы науқастардың жүрегінің мөлшері аз болса да төмендейді, яғни аздап кішірейеді (15—20 %), ал ол көлденең қалыпта кеуде пердесінің қалпына байланысты үлкеюі мүмкін. Жүректің шекараларына өкпенің шеттері әсер етеді, өйткені оның дем алып, дем шығарған сәттерде өзгеруі мүмкін.
Дәрігердің калпы: дәрігер плессиметр саусағын дұрыс өзіне ыңғайлы қоюы қажет. Жүрекке тікелей емес перкуссияны қолданған ынғайлы болады. Жүрек шекарасын Образцов-Яновский тәсілімен анықтайды.
Плессиметр саусақтын қалпы: плессиметр саусағын кеудеге тығыз ұстап, анықтайтын шекарамызға сәйкестендіріп (параллель) қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет