Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет32/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Басу синдромының анық белгілері: 
 
босатылғаннан кейін жағдайының бірден едәуір нашарлауы; 
 
қызғылт немесе қызыл зәрдің пайда болуы. 
Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі 
Яғни, кедергілерді лезде жойып тастауға болмайды екен. Біріншіден, плазманы 
ауыстыратын ерітінділерді ішке жіберуді реттеу керек, ал олар болмаған жағдайда 
сусынды молырақ беру қажет. 1,5-2 литр сұйықтықты тамшылатып беру қорғайтын 
бұрау 
салудан 
және 
аяқ 
– 
қолды 
сақтаудан 
құтылдырады. Суықты пайдалану жағдайды жақсартады. Шығарып алғаннан кейін 
барлық аяқ – қолды бинтпен қаттырақ байлау қажет (аяқты өкшеден шатқа дейін, 
қолдан иыққа дейін) Бұл тек қана ісікті азайтпайды, сонымен бірге таралып кеткен 
плазманың 
көлемін 
шектейді. 
Аяқ 
қолды 
босатқанға 
дейін: 
 
жылы сусын және ауыруын басатын дәрі – дәрмек беру; 
 
басылып жатқан жерден төмен суық басу (мүмкіндігінше). 
Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар 


28 
Үйіндіде қалған адамдардағы ерекше жарақаттарға сынықтар, жарақат алулар, 
мидың шайқалулары жатады. Өзгеше жарақаттарға бұлшық еттерді және ішкі 
органдардың ұзақ басылып жатуы – ұзақ басу синдромы жатады. Бұл жарақаттың 
әртүрлілігі басылып қалған дене мүшесіндегі заттардың алмасуын және қан кетуді 
тоқтатумен сипатталды ол уытты өнімдердің ыдырап жиналуына және қарқынды 
пайда 
болуына, 
ұлпалардың 
бұзылуына, 
зат 
алмастыру 
өнімдерінің 
қышқылдануының тапшылығына әкеліп соқтырады. Басылып қалған дене мүшесін 
босатқаннан кейін және қан айналымы қалпына келтірілгеннен кейін организмге 
үлкен мөлшерде уыт жайылады. Ол зақымданған дене мүшелерінің көлеміне және 
басылу уақытына тікелей байланысты. Сонымен қатар, зақымданған бөліктердегі 
уыттардың беті қайтқаннан кейін, осы орындарға үлкен мөлшерде қан плазмалары 
толады (кейде 3 – 4л). Аяқ – қолдардың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні 
бұзылады, ісік барынша тығыздалып, адамның жанын ауыртады. Уыттарды және қан 
плазмаларын қайта бөлу организмнің барлық жүйесіндегі қызметтерге қысым 
келтіреді және ол зардап шегушілерді үйіндінің астынан алып шыққанан кейінгі 
бірінші минутта өлуіне себеп болады. Зақымданған бұлшық еттерде уытты заттардың 
пайда болуымен қатар бір мезгілде миоглобин молекулалары пайда болады. Олар 
қанмен бірге бүйрекке түседі де олардың өзекшелерін зақымдайды, бұл бүйрек 
жетіспеушілігіне 
әкеледі 
да 
содан 
адам 
өлуі 
мүмкін. 
Дененің ұзақ басылып жатуы кезінде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу 
үшін, оны босатқанға дейін оның қанына плазма алмастыратын ерітінді жіберу, 
жылы суды көп беру, зақымданған жерге суық басу қажет. Босатқаннан кейін лезде 
басылып қалған жерді ісікті және таралып бара жатқан плазманың көлемін азайту 
үшін қаттылап бинтпен таңып тастау керек. Сынық болса да, болмаса да зақымданған 
сүйектерге таңғыш тақтай қойылады, суық басылады, ауырғанын басатын дәрілер 
беріледі, міндетті түрде зардап шегушіні «жасанды бүйрек» аппараты бар емдеу 
мекемесіне жеткізеді. Құтқарушыға басып қалудың нақты басталған уақытын білу өте 
маңызды, бірінші – екінші сағатта жарақаттың салдары кері сипатта жүреді және 
адамға қауіпсіз болады. Осы уақыт аралығында құтқарушылар мүмкіндігінше көп 
адамды 
босатып 
алулары 
керек. 
Зардап шегушілерді басып қалу синдромынан құтқару кезіндегі тиімді көмек көрсету 
әдістері 
мыналар: 
 
Апат болғанан кейінгі алғашқы 2 сағаттың ішінде зардап шегушілерді басып 
қалудан босату үшін барлық күш пен құралдарды жұмылдыру керек, ол уыттың 
денеге ең аз мөлшерде жайылуын қамтамасыз етеді. 
 
Екі сағаттан кейін зардап шегушілерді екі топқа болу керек (жеңіл 
жараланғандар және ауыр жарақат алғандар). Жарақаттың сипаты басылып 
қалған ткандардың массасына және зардап шегушінің жалпы жағдайына 
байланысты бөлінеді. Басып қалудан жеңіл жарақат алғандарды тез босатып 
алып, емдеу мекемесіне жіберу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет