27
Басу
синдромынан:
аяқ – қолдарды басу 15 минуттан көп болған кезде;
ісік пайда болғанда және аяқ бұлшық
етінің рельефі жоғалған кезде;
егер жіліншікте тамыр соғуы байқалмаса күдіктену қ
ажет.
Зардап шеккендердің бірінші минутта және босатылғаннан кейін бірнеше
тәуліктен кейін қаза болу себептері.
Плазманың үлкен мөлшерде зақымданған аяқ–қолға (қан айналымының көлемі 30%
дейін) етуі организмді
айтарлықтай құрғатып қоймайды, артериальды қысымды
түсіреді сонымен қатар концентраттан тыс уыттарды да туындатады. Бұл
(организмдегі сұйықтық босатылған аяқ – қолға, ал
уытты ыдырау өнімдері және
миоглобин зақымданған аймақтан қан тамыр арнасына бағытталады) барлық
мүшелер мен жүйелердің, жүрек қызметінің лезде қысылуына мүмкіндік туғызады.
Нақ осы жағдай үйінділер мен қирандылардың астынан
шығарып алғаннан кейін
бірінші минуттан кейін қаза болудың себебіне әкеледі. Ұзақ уақыт басу синдромы
кезіндегі басқа да қауіпті асқыну – ол бұлшық ет
талшығының зақымдану
нәтижесінде
қанға
бос
миоглабиннің
пайда
болуы.
Миоглабиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйректің арналарын зақымдайды
ол бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бірінші тәуліктің өзінде зәр ашық – қызыл
түсті болады (зәрде миоглабиннің болу белгілері), ал келесі тәулікте бүйрек
жеткіліксіздігінің даму мөлшеріне байланысты зәрдің бөлінуі толығымен
тоқтатылады. Зардап шегуші жедел бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: