Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет29/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Техниканы пайдаланып іздеу 
Зардап шеккендерді үлкен аумақтарда іздеуді тездету үшін ұшқыш аппараттарын
өзен (теңіз) кемелерін, жер техикаларын қолданады. Зардап шеккендерді үлкен 
аумақтарда көзбен шолып іздеу үшін авиациялық техника пайдаланылады. Мұндай 
тәсіл көбінесе авиациялық, теңіз апаттарында, су басуларда, апатты өрттер кезінде 
тиімді. Іздестіруге қатысатын тік ұшақтар мен ұшақтар бортында зардап шегушілерді 
тапқан кезде тастайтын азық – түлік, жүзу құралдарының қоры болу қажет. Жеке 
жағдайда 
құтқарушыларды 
әуеден 
түсіреді.
Суда және судың астында іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзі жүретін 
құралдар пайдаланылады. Акваторияны қарау көзбен шолу арқылы жүзеге 
асырылады, ал суға батып кеткен нысаналар арнайы аспаптармен немесе 
сунгуірлердің 
көмегімен 
табылады. 
Ол адам үшін тіршілік ортасы бола алмайтындықтан, зардап шеккендерді судың 
астында іздеу ерекше сипатта болады. Арнайы аспаптарсыз адам судың астында 
шамамен 3-4 мин бола алады, ал суық суда бірненше минуттан кейін қаза болады. Бұл 
іздеу сүңгуірдің жабдықтарын, торларын, «имек темір», жүзу құралдарын пайдалану 
арқылы 
жүзеге 
асырылады. 
Құтқарушылар іздеуді негізгі жергілікті жердің бет – бедерін тиімді қолдана отырып 
жүргізуі керек. Көзбен шолып қарауды ұзын ағаштың немесе таудың шыңына шығып 
жүзеге асырған жөн. Осы жерлерден дыбыс дабылдарын берген жақсы. Іздеу кезінде 
жануарлар мен құстардың іс – әрекетін пайдалануға болады (қорыққан жануарлардың 
немесе құстардың айқай шуы). Зардап шеккендерді тәулік бойы іздеуді ұйымдастыру 
мақсатында құтқарушылар жұмыс орындарын жарықтандырулары керек. 
Бұл мақсатқа: ашық жалын (от, алау); автономды қуаттағы электрлі жарық түсіргіш 
аспаптар; стационарлы қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; жарық 
түсіргіштер; жарық түсіретін ракеталар; шамдар; білтелер, сіріңкелер, көліктердің 
және 
басқа 
техникалардың 
фарлары. 
Зардап шеккендерді тапқаннан кейін құтқарушылар оларды қоршаудан босатуға 
кіріседі. 


26 
№ 9 дәрісЗардап шеккендерді қоршаудан босату 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет