Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет56/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Адамдарды құтқару тәртібі өрттің нақты жағдайына байланысты анықталады. 
Бірінші кезекте өмірлеріне қауіп төніп тұрған зардап шеккендерге, сонымен қатар 
балаларға, 
ауруларға, 
қарт 
адамдарға 
көмек 
көрсетіледі. 
Fимараттарда өрт 
болған кезде
 
зардап шеккендердің құтқарушылардың алып жүруімен шығуы; 
 
зардап шеккендерді сатымен, арқанмен, жең қаптармен көшіру, тік ұшақпен 
көшіру үшін төбеге көтеру – аман қалудың негізгі әдісі болып табылады. 
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушылар алып жүре алатын қысқа 
және 
қауіпсіз 
жолдарды 
таңдаулары 
керек: 
 
негізгі кіретін және шығатын, запас (өрт) шығулар, өрт сатылары; 
 
сатыны, арқанды пайдалану арқылы терезе ойықтары және балкондар; 
 
қабырғаларға және жабық жерлерге құтқарушылар жасаған саңылаулар. 
Зардап шегушілер отырған жабық терезелер мен есіктерді құтқарушылар сүйменнің, 
ауыр балғаның, балтаның, кескіштің, балғаның, электрлі және пневматикалық 
құралдың, газэлектр балқытуды және жарудың көмегімен ашу керек. 
Жанып жатқан ғимараттың есігін абайлап ашу керек және кенеттен от және түтін 
шыққан жағдайда жарақат және күйік алмас үшін оның бір шетіне қарай тұру қажет. 
Терезені ашу келесі әдіс арқылы жүргізіледі. Құтқарушы оған сатымен немесе 
механикалық көтергіш құрылғысымен көтеріледі. Егер терезе торланған болса, онда 
торды кесу керек. Торды алып тастау үшін сылақты терезенің периметрімен алып 


57 
тастайды, содан кейін кірпіштерді оның бекітіліп тұрған орнынан ұрып шығарады. 
Бұл жұмыстар терезенің үстіңгі бөлігінен басталады. Терезені аша алмаған жағдайда 
әйнекті сындыру керек, рамада қалған сынықтарды алып тастап ғимаратқа кіру қажет. 
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушыларға металдан, жұқа тақтайдан, 
черепицадан, шифердан, руберойдтан жасалған шатырды ашуға тура келеді. 
Металл шатырларды сүйменнің, балтаның, араның, металдан жасалған тістеуікпен 
және қол араның көмегімен ашады. Черепицалы және шиферлі шатырлар торға 
арамен кесіп саңылау жасап черепицаларды және шиферлерді ашу жолымен 
жүргізіледі; руберойдты шатырға саңылау (ойық) балтамен, сүйменмен, арамен, 
электр ажарлайтын машинамен жасалады. Жұқа тақтайлы шатыр төбені ашып және 
сүйменнің, балтаның, көмегімен тақтайларды жұлып алады. Оған ойық 2-3 тақтайды 
алып тастағаннан кейін арамен жасалады. Сабан және қамыс төбелерді төбені 
жабатын 
материалдарды 
багроммен 
және 
вилламен 
алып 
тастайды. 
Құтқарушылар ғимараттың ішіне кіргеннен кейін олар зардап шеккендерді 
іздеуге кіріседі. Бұл жұмысқа бір уақытта бірнеше адам қатысуы керек, оның үстіне 
олар бір – бірімен үнемі радио, дауыс, ым, жарық дабылдар арқылы байланыста 
болулары тиіс. Іздеу кезінде барлық ғимарат қаралып шығады, дауыспен және 
тарсылмен дабыл беріледі, жауап, ыңырсу, айқай белгілері болуы мүмкін. 
Құтқарушылар ереже бойынша үлкен адамдар жанып жатқан үйден есікке, терезеге, 
балкондарға жиналып өз беттерінше шығуға тырысатынын білу керек; балалар 
бұрышқа, төсектің, үстелдің астына, шкафтардың артына немесе шкафтардың ішіне 
тығылады, қоймаларға, дәретхана және ванна бөлмелеріне жасырынады. Шақырған 
дауыстарға олар мүлде жауап бермейді десе де болады. Іздеу тек бар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет