59
құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін
анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;
ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған
жағдайда) іздеу;
радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден,
топырақтан, объектілерден,
техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу;
метрологиялық бақылау;
радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққан құрылымның жеке құрамына
дозиметриялық бақылау жүргізу.
Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі
жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың
қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым
орналасқан аудандағы
радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін
объектідерде
радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі
міндетіне:
дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру;
радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, сонымен
қатар метеорологиялық бақылау жатады.
Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол
сәулелену
мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3
метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке
өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен,
хабарландыру
және байланыс құралдарымен, радиациялық жағдайдың параметрін
жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.
Достарыңызбен бөлісу: