Бұл
жұмыстарды
жүргізетін
аймақ
қоршалуы
тиіс.
Көптеген ғимараттар адамдардың болуы мүмкін жертөлелер мен, баспаналармен,
технологиялық үй асты қоймаларымен жабдықталады. Пайда болған үйінділер, тәртіп
бойынша, шыға берістерді жабады, ауаның кіруін қиындатады, бұл баспаналарда
адамдардың
өз
беттерімен
шығуына
мүмкіндік
бермейді.
Құтқарушылардың
міндетіне:
басылып қалған баспаналарды іздеу;
баспананың ішіндегі жағдайды (адамдардың саны, олардың жағдайы, бұзылған
баспананың дәрежесі, судың, тамақтың, дәрі – дәрмектердің бар – жоғын)
анықтау;
баспанаға ауаның, судың, тамақтың, дәрі – дәрмектердің, таңатын
материалдарды, қорғау құралдарын беруді ұйымдастыру;
баспананы қазу, тазалау, зардап шегушілерді көшіру, оларға көмек
көрсету кіреді.
Басылып қалған баспаналарды іздеу қала, аудан, көшелердің жоспарының көмегімен,
ішкі белгілерімен (ауа алу құбырлары), дыбысты дабылдармен (айқай, ыңырсу,
тарсылдату), итті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Баспананы тапқаннан кейін
зардап шегушілермен байланыс орнатылады (дауыспен, тарсылдатумен, радио
арқылы немесе телефон байланысымен). Құтқарушылар баспананы тазалауға және
қазуға
бір
уақытта
кіріседі.
Бірінші кезекте люктердің, есіктердің, ойықтардың ауа алу кұбырларының
орындары босатылады және тазартылады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса онда
құтқарушылар қабырғаға немесе жабық жерлерге тесік ояды. Бұл жұмыстар бетон
сүйменнің, шой балғаның, сүйменнің, ауыр балғаның, кескіштің, күректің көмегімен
орындалады. Тесіктер ауа, су, тамақ, дәрі – әрмектер беру үшін қызмет етеді. Оларды
кеңейткеннен кейін олар адамдарды көшіру үшін пайдаланылады. Жарым – жартылай
бұзылған ғимараттардағы адамдарды құтқару жұмыстары ішкі қабырғалардың
бұзылуын және бос тұрған құрылыстарды, ішкі бөлмелерді, адамдардың табылу
64
орнын және оларды көшіру мүмкіндігін қараудан және тексеруден басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |