құтқарушылардың
және
техникалардың
жүруіне
рұқсат
етілмейді.
Өтетін тесіктерді және өтетін жерлердің жұмыстарын жасап болғаннан соң
құтқарушылар адамдарды босатуға кіріседі. Бірінші кезекте зардап шегушінің
жағдайы және оның алған жарақатының дәрежесі анықталады. Содан кейін басылып
қалған немесе қысылып қалған дене мүшелеріне бір уақытта бұрау және қысып
тұратын таңғыш байлап босатады, ауыз және мұрын қуыстары тазартылады, зардап
шегушінің үстіндегі қирандылардың майда бөлшектері, қоқыстар, ұсақ тастар
алынып тасталады. Зардап шегушінің жағдайына байланысты оны шығарып алу және
тасымалдау әдістері таңдалады. Зардап шегушіні үйіндіден кем дегенде екі
құтқарушы шығарып алу керек. Егер мұндай мүмкіндік болса, онда оны қолынан
немесе үстіңгі иық белдеуінен тартып шығарады. Егер бұл мүмкін болмаса, онда
құтқарушылар оның иық белдеуінің және сегіз көзінің астына қолын салып, тек содан
кейін ғана зардап шегушіні абайлап шығарады. Кейде зардап шегушіні жатқызу үшін
тығыз матаны немесе зембілді қолданған қолайлы. Егер зардап шегуші үйіндінің
үлкен және ауыр элементтерінің астында қалса онда оны қысқыштың, домкраттың,
жүк көтеретін техникалардың көмегімен босатады. Зардап шегуші топыраққа ба-
сылып қалған жағдайда оны қазып алу арқылы босатуға болады.
Глоссарийлар
Апаттық жағдай - қауіпті жағдай, оқиғаның алдын – алу мүмкін емес жағдай.
Апаттық жиілілік - халықаралық тербеліс жиілігі, толқын ұзындығы, авариялық
немесе апаттық хабарлама таратуда кемелік немесе жағалаулық радиостанция жұмыс
істейді.
Авариялық - қалпына келтіру жұмыстары – жеке бүліну ошақтары мен жоғары
қауіпті аймақтағы бірінші кезектегі жұмыс, коммуналды желілердегі авариялар мен
бүлінулерді жою, халықтың өмір сүруге қажетті жағдай жасау, сонымен қоса аумақты
санитарлық тазарту және залалсыздандыру.
|