Дәрістер кешені


Өлеңдерінде сатираның мол болуы. Көпшіліктің мүддесін жеке бастыкінен жоғары қоюы. («Туысыма», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», т.б.)



бет12/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
lektsiya

Өлеңдерінде сатираның мол болуы. Көпшіліктің мүддесін жеке бастыкінен жоғары қоюы. («Туысыма», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», т.б.) “Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан “жақсылығы өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртыма”, “Қарқаралы қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. “Анама хат”, “Жауға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. “Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”, “Данышпан Аликтің ажалы”, “Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан аударылған “Сорлы болған мұжық”, “Қаздар” шығармалары да берілген.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2002. -430 б.

  2. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет –Алматы:Білім, 1993. –248 б.

  3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы –Алматы:Қазақ университеті, 2002. –360 б.

7 дәріс


МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ ЖӘНЕ АЗАТШЫЛ ӘДЕБИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ


М.Дулатовтың шығармашылық өмірбаяны. Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 ноябрьде бұрынғы Торғай облысы Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында туған.
Ауыл молдасынан хат таниды. Соңынан ауылдық мектепте орысша оқытатын Мұқан Тоқтайбайұлы деген мұғалімнен оқиды.
Торғай жерніде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мектебі бұл кезде іргесін әжептәуір бекітіп, еңсесін көтеріп айналаға игі ықпалын тигізіп тұр еді.
1897 жылы ол Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, 1902 жылы ол Торғай қаласындағы бітіріп шығады. Содан алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет