Дәрістер кешені


«Серке» газетінің ұйымдастырылуына көмегі



бет13/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
lektsiya

«Серке» газетінің ұйымдастырылуына көмегі. 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетінде Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңі басылады.
Әр түрлі тақырыптар төңірегінде ой толғаған тебіреністері Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» деген атпен 1909 жылы басылып шығады.
Халқының жарқын болашағы үшін ғұмырын арнаған қайраткер ақын, жазушы осылайша туған елінен жырақта, ауыр азапта опат болады. Есімі мен шығармашылығы ұзақ уақыт бойы ауызға алынбады. Тыйым салынды. Қазір қайраткер ақын есімі мен мұрасы туған елімен қайта табысты. Шығармалары жарық көріп, бүгінгі ұрпақ тарапынан оқылып, танылып, зерттелуде.
Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыруы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақырады, халықты ояту идеясын ашық көтереді. Еркіндік аңсаған халықтың ой армандарын тұжырымдаған сүйікті кітапқа айналады. Міржақып өлеңдерінде отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылық идеяның молдығы бар. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегі ақындық қуаты танылады. Онда ақын тамаша лирик, сезімтал гуманист, сергек публицист ретінде көрінеді. Жастарға үлгі-өнеге ұсынады.
«Азамат» жинағында жастарға үлгі-өнеге ұсынуы. Прозасы. «Бақытсыз Жамал» романы. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы қазақ әдебиетіндегі таза проза үлгісіндегі роман жанрының туып, қалыптасуынан көкейкесті мәселесіне арналған. Жамал мен Ғали арасындағы махаббат трагедиясына байланысты суреттер. Заманынан да, айналасындағы адамдардан да, мейірім таппаған екі мұңлықтың қайғылы тағдыры туралы қысқа әрі көркем етіп баяндау шеберлігі. Жамал мен Ғали образдары. Олардың бойындағы өзгелерге үлгі боларлық жарық пен жылу, адалдық пен әділдік сезімдері. Романдағы өзге кейіпкерлер образдары. Міржақыптың қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдардың, бейнелі тіркестердің қолданылу ерекшеліктері. Тіл шұрайының деңгейі. Композияциялық құрылымы. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2002. -430 б.

  2. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет –Алматы:Білім, 1993. –248 б.

  3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы –Алматы:Қазақ университеті, 2002. –360 б.

8 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет