Дәрістер кешені


Кітап шығару ісінің өрістеуі. Қиындықтар



бет3/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
lektsiya

Кітап шығару ісінің өрістеуі. Қиындықтар. XIX ғасыр соңындағы қазақ әдебиетінің ең ірі өкілдерінің бірінен саналады. Ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеуші ғалымдар пікірі бойынша, ол 1831 жылы Башқұрт жерінде дүниеге келеді. Ақмолла ақын өмірі мен шығармашылығы қазір ағайынды үш халық тарапынан бірдей зерттелуде, оқылуда. Олар: қазақ, татар, башқұрт халықтары. 1892 жылы Қазақ қаласында «Дамелла Шаһабутдин Хазретнең Мәрсиясы» деген атпен шығармалар жинағы басылып шығады. 1904 жылы тағы да Қазан қаласында «Ақмулла әфенденең мәнзуматы» атты шығармалар жинағы кітап болып басылып шығады. 1907 жылы Қазан қаласында «Мәшһүр шағир Ақмулланың Шаһабутдин Маржани мәрсиясы уә башқа шиғрлары» атты кітабы басылады.
Сәкен Сейфуллин 1935 жылы Алматы қаласында ақынның өлеңдер жинағын жеке кітап етіп бастырып шығарады. (Ақмолла. Өлең жинағы). Осы кітапқа арнайы жазған алғы сөзінде С.Сейфуллин ақын өмірі жөнінде былай дейді: «Бұл кісінің әкесі қазақ, шешесі татар, аты Муфтахеддин. «Ақмолла» деп қазақтар атап кеткен. Ақмолланың әкесі Мухамедияр Сырдария өзенінің бойындағы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) аймағының қазағы. Мухамедияр жас күнінде Нығметолла қазірет деген молдамен Башқұртстанның Істерлібаш деген қаласына еріп кеткен. Сол қазіреттің асыранды қызын Мухамедияр алып, содан Ақмолла туады. Ақмолланың әкесі өліп, анасын Камалетдин деген бір татар алады. Ұзамай анасы да өледі. Сөйтіп ақын өгей ата, өгей ананың қолында жастайынан жетім қалады.
“Кітаби ақындар” тобының мұрасы. Оқу-ағарту ісіне қосқан үлестері. Шығыстық медресе, мектептерде білім алған ақын-жыраулар бізде шығыстық дәстүрдің қалыптасуына зор үлес қосты. ХХ ғасырда шығыс әдебиеті мен өнерін игерген Арқада Мәшһүр Жүсіп, оңтүстікте Шәді Жәңгіров, Мәделі, Майлықожа, батыста Ғұмар Қарашев, шығыста Жүсіпбек Шайхыұлы болса, Сыр бойында Балқы Базар, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп сияқты сауатты ақындар қазақ әдебиетіне тың екпін әкелді. Бұл ақындар шығыстық дәстүрлі тақырыптарды заманмен үндестіре жырлап, қазақ даласына қазақы үрдіспен жеткізе білді. Соның нәтижесінде шығыс әдебиетіндегі гуманистік, адамгершілік, ағартушылық сарындар қазақ әдебиетінде бой көтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет