80
қатысушыларына жəне олардың іс-əрекеттеріне қатысы бойынша бастан
өткерген сезімдерін көрсетеді;
в) бағалаушы бағдар, саяси жүйеге, оның қатысушылары мен олардың іс-
əрекеттеріне жеке қатынастарын білдіреді.
Саяси мəдениеттің құрылымында келесі элементтер болады:
а) саяси
білімдердің, көзқарастардың жиынтығы (ақпараттық аспект);
б) саяси сенімдер, идеалдар (құндылықты аспект);
в) саяси əрекеттер, актілер, қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысу (мінез-
құлықтық тəжірибелік аспект);
г) саяси нормалар, дəстүрлер;
д) мемлекет пен қоғамның саяси институттары.
Қоғамның дамуы үшін, əсіресе құқықтық мемлекеттіжасаушы қоғамдар
үшін (оның ішінде Қазақстан), олардың қүқықтық мəдениетінің маңызы зор.
Қүқықтық мəдениет дегеніміз қоғамның жинақталған құқықтық тəжірибесі,
адамдардың құқықтық санасының сипаты, олардың құқықтық əлеуетті
(потенциалды) қолдану əдістері
мен қабілеті, құқықтық институттардың барлық
жүйесінің қызметінің сапасы жəне олардың қоғамдық өмірге ықпалы.
Құқықтық мəдениеттің негізгі құраушыларына мыналар жатады:
а) құқықтық ойлаудың белгілі бір деңгейі;
б) адамдардың заңдарды білуінің тиісті деңгейі;
в) құқық нормаларын құрметтеудің, олардың беделінің жоғары деңгейі;
г) құқық пен құқықтың жүзеге асу процестерінің сапалы жағдайы;
д) құқықтық іс-əрекеттің арнайы əдістері (құқықтық
органдардың
жүмысы, конституциялық бақылау жəне т.б.);
е) адамдар жасаған рухани жəне материалдық жағдайлар түріндегі
құқықтық іс-əрекет нəтижесі (заңдар, заң шығару жүйелері, сот тəжірибесі жəне
басқалары).
Саяси мəдениет қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда нақты қызметтер
атқарады. Саяси мəдениеттің негізгі қызметтері болып табылатындар:
а) танымдық - саяси білімді меңгеру негізінде сенімдер мен саяси
көзқарастарды қалыптастыру;
б) идентификациялау - индивидтің саяси мəртебесін анықтау,
қауымдастықтың қызығушылықтарын көрсету жəне саясатқа қатысу
қолжетімді əдістерін
дайындау;
в) нормативті-құндылықтық - қоғамда қажетті саяси құндылықтарды,
нормалар мен нұсқауларды бекіту;
г) интегративті - қоғам таңдаған саяси құрылымның кең əрі тұрақты
əлеуметтік базасын қамтамасыз ету;
д) коммуникативті - биліктің барлық субъектілері мен
институттарының
өзара əрекеттерін ортақ саяси қызығушылықтар мен мақсаттардың
артикуляциясы базасында қамтамасыз ету.