АҚШ ғалымы Алан Брайман ұсынған контент-талдау әдісінің этаптары:
1. Мәтінді толық оқып шығып, жалпы идеясын түсініңіз
2. Мәтінді блоктарға бөліп, негізгі ұғымдарды табыңыз
3. Қажетті сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемді белгілеп, талдау жасауға кірісіңіз
Контент талдау жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалар:
Тексеру сұрақтары:
Еліміздің тарихи кезеңдерінде әлеуметтанулық зерттеулер қай бағытта дамыды?
Чикаго мектебінің әлеуметтанулық зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі қандай?
Әлеуметтанулық зерттеулердің бағдарламасын құру не үшін керек?
Сандық және сапалық зерттеулер дегеніміз не?
Сұхбат әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Бақылау әдісінің қанша түрі бар?
Әлеуметтік экспериментті қалай түсінесіз?
Әдебиет:
Әлеуметтану: Оқулық. Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т. Қарағанды, 2019 жыл
Әлеуметтанулық зерттеулердегі сандық және сапалық әдістер. Оқу құралы. Ә.Т.Омарова, С.М.Дүйсенова, С.А.Амитов, И.С.Сарыбаева. Алматы, Қазақ университеті, 2019 жыл
Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл
Қолданбалы әлеуметтану: Оқу құралы. Забирова А.Т. Алматы, 2016 жыл
4-дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы социологиясы
Дәрістің жоспары:
Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификация теориялары.
Әлеуметтік мобильділік теориясы
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік топтарды жіктеудің негізгі критерийлері.
Дәрістің мақсаты – білім алушыларға қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы әлеуметтанулық білім беру. Дәрісте қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттайтын негізгі ұғымдар түсіндіріледі және әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтану ғылымындағы классикалық және қазіргі заманғы тұжырымдамалар қарастырылады. Сондай-ақ мобильділік теориясы мен қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |