Дәрістер тезисі



бет8/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

иконографиялық құжаттар: аудио, бейне, кино және фотоқұжаттар, картиналар, гравюралар;

  • фонетикалық: лазерлік дискілер, магниттік жазбалар, грамофон күйтабақтары;

  • Интернет жүйесі


    Құжаттарды мазмұнына қарай былай топтастыруға болады:

    • Мемлекеттік және ведомстволық статистиканың түрлі мәліметтері: халық санағы мен халықты ағымдық есепке алудың (туған сәбилерді, некені, қайтыс болған адамдарды, қоныс аударғандарды тіркеу) мәліметтері;

    • Түрлі ұйымдар мен мекемелердің ағымдық іс жүргізуінің құжаттары;

    • Әлеуметтік зерттеулер қорытындысының мәліметтері;

    • БАҚ – социологиялық зерттеулер үшін дәстүрлі ақпарат көзі болып есептеледі: зерттеушілер қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты зерттеу проблемасына қажетті мәліметтерді тауып, сол құжаттарға талдау жасайды

    Контент-талдау (ағыл.contents-мазмұны) немесе құжаттарды талдау – мәтіннің мазмұнын талдау, яғни ақпараттың әлеуметтік, саяси және басқа да мазмұнын сандық және сапалық әдіспен зерттеу.
    Құжаттарды талдау әдісінің ерекшелігі:

    • Басқа әдістерге қосымша ретінде, (көбінесе бақылау мен сауалнамаға) алынған ақпараттарды тексеру мақсатында қолданылады.

    • Көп шығынды қажет етпейді және қысқа мерзім ішінде ұжым туралы фактілік мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.


    Контент талдау әдісінің тиімділігі:

    • жұмыстың арзандығы

    • мәліметтер тез жиналады

    • ақпарат алу көзінің көптігі.

    Контент талдау әдісінің қысқаша тарихы:

    • алғаш рет XVIII ғасырда Швецияда қолданылды, мәтіннен «еретиктік» астар іздеді

    • АҚШ-та ХХ ғ. 30-жылдары журналистика саласында қолданыла бастады. Негізін қалаған журналистер Ж.Кайзер, Б.Берельсон, т.б.

    • 1940 жылдары әлеуметтанушылар Г.Лассуэлл мен Н.Лейтес “Истинный американец” газетінің материалдарына контент-талдау жүргізіп, газеттің фашистік бағытта екенін дәлелдеді

    • Әлеуметтанушы М.Ричмонд «Әлеуметтік диагноздар» атты еңбегінде клиент туралы қандай ақпаратты жинау керектігін, оларды талдау әдістерін, сұхбат алудың әдістемесін көрсеткен

    • АҚШ әлеуметтанушылары У.Томас пен Ф.Знанецкий «Европа мен АҚШ-тағы поляк шаруасы» атты еңбегін құжаттарды талдау әдісін қолданып жазған. Поляк мигранттарының жеке құжаттарын, хаттарын, өмірбаянын қолданған




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет