Дәрістер тезистері Дәріс №1 Тақырыбы



бет15/24
Дата26.10.2022
өлшемі381.5 Kb.
#463371
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Д рістер тезистері Д ріс №1 Та ырыбы

Ата-ананың беделі
Ата-ананың алдында беделі болуға тиіс,мұнсыз тәрбие мүмкін емес.
Ата- ананың беделі неге негізделген? Ата-аналардың бұл жөніндегі түсінігінде қателер кездеседі.Олар жөнінде А.С.Макаренко ата-аналарға
арнап оқыған лекцияларында иландыра айтқан болатын.Ата-ана беделінің негізгі ата-ананың азаматтық келбеті,олардың өмірі,жұмысы,мінез-құлқы,өз отбасы үшінқоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну болып табылады.Еңбек пен қоғамдық қызметті отбасындағы міндеттермен ойдағыдай ұштастыратын,өз балаларының өміріне ықылас қойып,көңіл бөліп отыратын,олардың өмірі мен дамуына шебер әрі әдеппен басшылық жасап отыратын ата-аналар ең көбірек беделге ие болады-мұның анаға да,әкеге де бірдей қатысы бар.
Ата-ананың балаға дұрыс қөзқарасы
Ата-ананың балаға көзқарасы оған деген табиғи әрі тамаша махаббат сезіміне негізделген. «Махаббат-барлық асылдың, мерейлінің, ұдыреттің, жылы мен жарқынның жасушысы»-деп жазғанды Ф.Э. Дзержинский.Бар әңгіме ата-ананың махаббатының шегінен асып кетпеуінде,оның баланың жеке басына деген талапкершілікпен және құрметпен ұштасуында.Баланы шексіз жақсы көріп,оның «Мен ананы жақсы көремін», «Бер», «Сатып әпер»деген тілектері мен талаптарының бәрін екі етпей орындай беру,оған ашықтан-ашық үздігіп тұру,оның білінер-білінбес қабілеттерін жер-көкке сыйғызбай дақпырттау-осының бәрі сәбиге зиян келтіреді,оны шәлкес,өзімшіл етеді,ерік-жігерін әлсіретеді.Балаға деген мұндай сүйіспеншілікті соқыр сүйіспеншілік деп атайды.А.С.Макеренко ата-ананың балаға бұлай қарауын «асып-төгілген махаббат» деп сипаттаған болатын.
Ата-ананың балаларға дұрыс қарауы еркелетуді,жұмсақтықты,аялауды баланың мүмкіншілігін,әсіресе жасын ескерктін қатаң дәйекті талапкершілікпен ұштастыра білуде. А.С. Макаренко ата-аналарға «баланы қалағаныңызша еркелетіңіз, қалжыңдаңыз, ойнаңыз, бірақ қажет болған кезде қысқа, бір-ақ рет тәртіп бере біліңіз...» деп кеңес айтқан болатын. Демек, ата-ананың балалармен қарым-қатнасы сабырлылықты, салмақтылықты, жылы жүзділікті шешімділікпен, іскерлікпен ұштастыратын болуға тиіс. Балаға дұрыс қарау дегеніміз-бала әлі кішкентай,әлі өмір тәжірибесі,білімі аз болғанымен,оны адам деп құрметтеу, оның ересектер назарында болу,олармен қатнас жасау, алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне жағдай туғыздыру правосын қадірлеу деген сөз.
Мектепке дейінгі мекемелердің отбасымен жұмыстағы міндеттері.
Отбасымен жұмыс-м.д.м тәрбиешісі мен басқа да қызметкерлері қызметінің маңызды да күрделі саласы.Ол мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
-балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату,
-ата-аналарға педагогикалық білім беру,
-отбасындағы тәрбиенің озат тәжірибесін зеріттеу және тарату,
-ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өмірімен және қызметімен таныстыру.
Балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату.
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін бүкіл жұмысы осы міндетке бағындырылған. Балаларды тәрбиелеудегі бірлік балалардың бойына дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, дағдыларды,білімдерді,іскерліктерді меңгеру процесін тездетеді,балалардың алдында ересектердің-ата-аналардың тәрбиешілердің беделінің артуына көмектеседі.Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі мекеме жұмысы туралы хабардарлығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет