Дәрістер тезистері Дәріс №1 Тақырыбы



бет4/24
Дата26.10.2022
өлшемі381.5 Kb.
#463371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Д рістер тезистері Д ріс №1 Та ырыбы

ә) тар жеке тұлғалық мотивтер:
- сәттілік мотивтері (мұғалім, ата-ана, сыныптастары тарапынан қолдау алуға ұмтылу,
жақсы баға алуға тілек);
- жоғары (престижный) мотивтер (алдыңғы оқушылар қатарында болу, достарының арасында беделді орынды иемдену).
3. Жағымсыз мотивтер (жақсы оқымаса мұғалімдер,ата-аналар, сыныптастар тарапынан туатын келеңсіздіктерден қашу).
Кіші мектеп оқушысының оқу үрдісінде бұл мотивтер тобының қандай орынды алатынын білу керек. Зерттеулер бірінші орынды - кең әлеуметтік мотивтер, екінші орынды – тар жеке тұлғалық мотивтер алатынын көрсеткен.
Мектепке жаңа келген балаларда оқушының ішкі бағдарын бейнелейтін, айналадағылардың арасында жеке жағдайға ие болу, қоғамдық маңызды іс-әрекет атқаруға деген қажеттілігімен байланысты кең әлеуметтік моивтер басым болады. Алғашқы кезеңде бұл мотивтер кейбір танымдық қызығушылықтармен үйлесіп, баланың оқу іс-әрекетін меңгеруін, оған қызығушылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Бірақ зерттеулер кіші мектеп оқушыларының бүгінгі күнмен ғана өмір сүретінін көрсетті. Сондықтан оқу үрдісін оқушылар өздерінің алға жылжығанын, білімдермен қаруланғанын, білмегеннен білгенге өткендерін «көретіндей» етіп құру керек.
Ал бұл оқушы өзіне өзінің нені білетіні, ал нені білмейтіні, әлі нені үйренуі керектігі туралы есеп бергенде ғана мүмкін болады. Осымен байланысты сабақта таяудағы және болашақтағы мақсатты айқын қою бастапқы мәнге ие.
Кіші мектеп оқушысы саналы қалыптасқан ниетінің негізінде өзінің мінез-құлқын басқара алады. Мұндай ниеттердің рөлі оқуға қызығушылық болмай, ал материал қиын болған жағдайда ерекше айқын көрінеді. Бірақ кіші мектеп оқушысының ниеті де өзінен өзі қалыптаспайды. Ниет пайда болу үшін мұғалім мотивтендірілген мақсатты қоя біліп, оқушы оны қабылдай білуі керек. Ал егер оқушы мақсатты қабылдамаса, онда іс-әрекет мотиві ретінде ниет те пайда болмайды.
Мақсат ниетке айналу үшін, оқушылар тек мақсатты қоюға ғана емес, тапсырманы қайталау, мазмұнына ойлану, орындау жоспарын белгілеу сияқты, оған жетудің шарттарын талдауға, талқылауға да қатысуы керек. Сондықтан оқу іс-әрекетінің мақсатын арнайы басқару, кіші мектеп оқушысының алдына мақсат қойғанда, нақты талаптарды орындау қажет.
Біріншіден, мақсат анық және нақты, сондай-ақ көлемі қатаң белгіленген болуы керек.
Екіншіден, жоғарыда айтылғандай, мақсатты оқушы қабылдауы керек, ол мақсатпен іштей келісуі керек.
3. І-ІІ сыныптардағы балалардың бәрі бірдей бағаның рөлі мен мәнін түсіне бермейді. Кейбір кіші мектеп оқушылары ғана баға мен білімнің арасында тікелей байланыс орната алады. Көп жағдайда, балалар, баға олардың өзін немесе ата-аналарын мұңайтатынын айтады. Барлық балалар бағаның мағынасын түсінбесе де, олардың көпшілігі тапсырманы баға үшін орындағылары келеді. Мотивтермен бетпе-бет келгенде, яғни балаларға таңдау берілген кезде – есепті баға үшін шешу немесе ақыл-ой белсенділігін, пайымдауды талап ететін есепті шешуді таңдау ұсынылғанда, І-сынып оқушыларының көбі бағаға арналған есепті таңдайды.
Баға оқушы білімін бағалауды ғана емес, оның тұлғасы туралы пікірді де білдіреді. Сондықтан балалар бағаға білім үшін емес, өзінің беделі мен қоғамдық жағдайын сақтау және көтеру үшін тырысады.
Кіші мектеп оқушысы өз іс-әрекетінің нәтижесін жоғары бағалауға бейім. Ш.А.Амонашвилидің мәліметтері бойынша, «бестіктен» басқа түрлі баға алған кіші мектеп оқушыларының 78% үйге көңілі толмай қайтады. Олар өздері неғұрлым жоғары бағаға лайық, ал мұғалімдер оны төмендетті деп есептейді. Кейбір оқушылар сәтсіздіктерге еті үйреніп, біртіндеп өз күштеріне сенімі жойылады, алған бағаларына мүлдем немқұрайды қарайды.
Кіші мектеп оқушылары өздері бағаның маңызын түсінген-түсінбегеніне қарамай, оған үлкен мән береді. Сондықтан, мұғалімнің бағаның маңызын үнемі көрсетіп отыруы маңызды. Кіші мектеп оқушысының бағаны өзі туралы қоғамдық пікірдің көрсеткіші (Асқар жақсы бала, өйткені жақсы оқиды, Самат жаман бала – ол жаман оқиды) емес, өзінің білімдері мен біліктерінің көрсеткіші ретінде қарастыруларына қол жеткізу керек. Мұның бәрі мұғалімнің ерекше назар аударуын талап етеді. Өйткені баға мотивациясы тұлғаның жағымсыз, эгоистік (өз басын күйіттеу) сипаттарының қалыптасуын өзінде жасыруы мүмкін.
4.Танымдық қызығушылық – бұл тұлғаның ішкі күйі, ол оқушы іс-әрекетінің бағыты мен оқуға қатынасын анықтайды.
Кіші мектеп оқушысының танымдық қызығушылығының елеулі ерекшелігі, әдетте, қызықтылықпен себептеледі. Олар үшін ойын сәттері көп, эмоция тудыратын материалдарға бай сабақтар тартымды болып келеді. Бірақ эксперименттік оқыту жағдайында әрекет тәсілінің өзін игеруге қызығушылық өте анық көрінеді. Бұл үшін құбылыстың барысына, мағынасына, мәніне балалардың зейінін арнайы аудару керек.
«Қызығушылық» пен «қызықтылық» ұғымдарын ажырата білу керек. «Қызықтылық» - заттың, әрекеттің сырттай тартымдылығы немесе оны тиімді, әсерлі көрсете, ұсына білу. Қазақтылық көз тартатын көрнекі құралдармен, әсерлі безендірулермен, тосын тәжірибелермен, қызықты бөлшектермен анықталады. Нәтижесінде эмоциялық қабылдау орын алып, жаңаны білу, яғни сөздің шын мәнінде танымдық қызығушылық болмайды. Бірақ, бұл сабақта қызықтылық мүлдем керек емес деген сөз емес. Ол танымдық қызығушылықты қалыптастырудың алғашқы кезеңінде маңызды рөл атқарады. Шын мәніндегі танымдық қызығушылықтар баланың қандай да бір нақты, жеке нәтижені жәй алуға тырысуынан емес, осындай типтегі барлық нәтижені алудың жалпы амалын табуға тырысуынан байқалады.
Бұдан басқа оқу пәндеріне қызығушылық оқушылардың нақты оқу пәні мазмұнының ерекшелігін бөлу мүмкіндігіне байланысты. Эксперименттік оқытуда бала оқу пәнінің өзіне тән ерекшелігін ерте көре бастайды. Мысалы, ІІ-сыныптың оқушысы былай деп жазады: «Сөз – бөлшектерге бөлінетіндігімен қызық. Жалғау мен жұрнақ сөзді өзгертеді. Түбір – бұл сөздің басты мағынасы. Онсыз сөз болмайды. Жалғау септіктерде сөздің түрленуін білдіреді. Сөз өте қу болады, ол есітуде бірдей болады да, егер орфограмманы тексерсе, екі түрлі сөз болып шығады». Оқылып отырған пәннің мәнін бұлай терең түсіну танымдық қызығушылықтың қалыптасқанын дәлелдейді.
Кіші мектеп оқушыларымен жұмыста танымдық қызығушылық пен қандай да бір іс-әрекетке қызығушылықты ажырату керек. І-сынып оқушылары мектепке қуана барады, сабақта жұмысқа өз ынтасымен кіріседі, оқуды, жазуды, сурет салуды, мүсіндеуді жақсы көреді. Бұл жағдайда тек бір ғана эмоциялық компонентті көруге болады. Мұнда танымдық қызығушылық туралы айтуға болмайды. Белгілі бір нәрсе неге басқаша емес, дәл осылай түсініледі, бұл есепті қандай амалмен дұрысырақ шешуге болады дегендер оқушыны қызықтырмайды. Сондықтан бұл жерде іс-әрекетке деген сүйіспеншілік – танымдық қызығушылықтың алғышарты орын алады. Оқу үрдісін процеске, шешу амалына қызығушылық теорияға, білімдер негізіне қызығушылыққа айналатындай етіп ұйымдастыру қажет. Бұған тек бір тәсіл арқылы – сабақ барысында кіші мектеп оқушыларының зияттылық белсенділігін тудыру арқылы қол жеткізуге болады.
Егер оқыту зияттылық іс-әрекет үшін қажетті күш жұмсауды тудырмаса, оқу іс-әрекетіне қызыушылық төмендеп кетеді. Сондықтан оқушының есте сақтауына емес, оның ойлауына күш түсіру керек. Осы ғана оқушының бүкіл өмірінде оқуға қызығушылығын сақтайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Мотивация және мотив дегеніміз не?
2. Оқу іс-әрекетінің жетекші және қосалқы мотивтері.
3. Мектепке жаңа келген балалардағы басым мотивтер.
4. Оқушының өз оқуын ұғынуына мұғалімнің ықпалы.
5. Кіші мектеп оқушылар үшін бағаның рөлі мен мәні.
6. Кіші мектеп оқушысының танымдық қызығушылығымен «қызықтылық» мәселесі
7.Оқыту үрдісінде кіші мектеп оқушыларының зияттылық белсенділігін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет