ДӘрістердің комплексі fis 1209


Зәрдің құрамы мен қасиеттері



бет13/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.72 Mb.
#19934
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Зәрдің құрамы мен қасиеттері 

Зәр - құрамында  96% су және 4% қүрғақ қалдық бар сұйық  зат. Оның құрамы қорек сипатына, ішілген су мөлшеріне, организмнің физиологиялық күйіне, ауа райы мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады.

Зәрдің түсі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы  урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Адамда зәрдің иісі қышқыл, ал малда ол түлік түріне байланысты өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне ұқсас, ал сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.

Зәрдің осмостық қысымы 23-30 атм. шамасында, ал тығыздығы -1,020-1,040 аралығыңда сақталады. Оның құрамында  50-120 г/л еріген заттар болады, олардың 2/3-сі органикалык, ал 1/3 - бейорганикалық заттар үлесіне тиеді. Органикалық заттардың 80-85%-ы мочевинадан, ал қалған 15-20 %-ы креатин, зәр қышқылы, аллантоин (пуриннің алмасу өнімі), аммиак, амин қышқылдары сияқты заттардан тұрады. Бейорганикалық қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмір қышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды тұздары, кальций оксалаты мен фосфаты түрінде болады. Зәрдің әрекетшіл ортасы организмнің қоректену ерекшелігіне байланысты. Ет құрамында қоректілерде ол қышқыл, шөп қоректілерде - сілтілік, талғамсыз қоректілерде - амфотерлік.

Зәр түзу екі кезеңнен - сүзу (филыпрация) және кері сіңіру {реабсорбция) - тұратын күрделі физиологиялық процесс. Зәр түзу процесі нефрон капсуласына қанның сұйық  бөлігінің сүзіліп өтуінен басталады. Осының нөтижесінде капсула қуысына коллоид заттардан тазартылған, құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас сұйық - алғашқы зәр өтеді. Капсула қабырғасынан қанның сұйық бөлігінің сүзілуіне шумақ тамырларының жоғары қысым тудыратын (с.б. 70-90 мм) құрылымдық ерекшеліктері мен ондағы майда тесіктер — жасушалар, ықпал жасайды. Бұл  жасушалар молекулалық салмағы 7000-нан артық заттарды өткізбейді, сондықтан алғашқы зәр құрамында  белок болмайды, оны белоксыз ультрафильтрат (сүзінді) деп те атайды. Плазманың онкостық қысымы (с.б. 30 мм) судың сүзілуіне кедергі

жасағанымен, оның деңгейі шумақтағы қан қысымы деңгейінен (с.б. 70-90 мм) төмен болады. Осы екі қысым айырмасы с.б. 40-60 мм құрайды да, сүзілу (фильтрациялық) қысымы деп аталады. Осы қысым қанның сұйық бөлігінің капсулаға өтуін қамтамасыз етеді. Шумақ пен капсуладағы қысым деңгейі теңескен кезде сүзілу процесі тоқтайды.

Тәулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі (адамда 150-180 л, сиырда 540-1800 л). Демек, бүйрек тамырларынан орасан көп мөлшерде (адамда 1700-1800 л) қан өтіп отырады. Әрбір 6-10 л қан-нан 1 л алғашқы зәр түзіледі.

Алғашқы зәр ирек түтікшелер жүйесіне түскеннен соң зәр түзудің екінші кезеңі - кері сіңіру - басталады да, судың көп мөлшері, кейбір еріген тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т.б. қанға қайта өтеді. Кері сіңіру процесі түтікшелер эпителийінің құрылым ерекшеліктеріне байланысты атқарылады. Түтікшелердің ішкі беткейінде ащы ішектегі сияқты микротүктер болатын көрінеді. Қазір әрбір эпителий торшасының беткейінде 6500 микротүк болатыны анықталған. Осының нәтижесінде түтікшелердің ішкі беткейінің сіңіру ауданы 40 есе артады, ол адамда 40-50 м2, малда 40-50 м2 құрайды. Мұндай морфологиялық ерекшеліктер кері сіңіру процесінің қарқынды жүруіне мүмкіндік береді. Арнаулы зерттеулер бүйректе түзілген 100 л алғашқы зәрдің 98,5 л кері сіңірілетінін көрсеткен.

Зерттеулер нәтижесінде натрий, глюкоза, амин қышқылдарының кері сіңірілу процесі ырықсыз (активті) түрде жүретіні анықталған. Ал, хлоридтер мен су ықпалды (пассивті) түрде осмос және диффузия зандылықтарына сәйкес сорылады. Ырықсыз тасымалдау тетіктері нефрон түтікшелерінің бастапқы бөлімдерінде шоғырланады, ал түтікшелердің соңғы бөлімдерінде заттар кәдімгі диффузия нәтижесінде тасымалданады. Ырықсыз тасымалдау нәтижесінде түтікшелер қуысына концентрациялық градиентке қарсы түрлі иондық қосылыстар - холин, гистамин, гуанидин, тиамин, серотонин т.б, өтеді. Бұл  иондық қосылыстар Иа+ және К+ тәуелді аденозинуфосфатаза ферментінің қатысуымен тасымалданады.

Алғашқы зәрден түтікшелердің бастапқы бөлімдерінде глюкозаның, натрийдің, калийдің, кальцийдің және басқа заттардың бүйрек ұлпасы мен қанға кері сіңірілуі нәтижесінде ұлпалық сұйық тағы осмостық қысым жоғарылап, алғашқы зәрдің осмостык, қысымы төмендейді. Осының салдарынан су алғашқы зәр құрамынан ұлпа сұйығы мен қанға өте бастайды. Нефрон түтікшелерінің белсенді әрекетінің нәтижесінде алғашқы зәр құрамы өте қатты өзгереді де, несепнәр мөлшері 60, аммиак - 40, фосфаттар - 30, зәр қышқылы 25 есе өседі.

Зәр түзу процесі тек қана сүзу және сіңіру процестерінің нәтижесінде ғана жүрмейді, ол бүйрек торшаларының белсенді әрекетімен атқарылатын процесс. Бүйректе күрделі синтездеу процестері жүреді. Зәр қүрамына енетін гиппур қышқылы бүйректің өзінде түзіледі. Бүйректе аммиак пен креатининнің де көп мөлшері түзіледі. Секрециялық кызмет арқасында бүйрек арқылы организмге енген дәрі-дәрмектер шығарылады.

Алғашқы зәр құрамындағы  заттар екі топқа бөлінеді: шығару, табалдырығы жоғары және шығару табалдырығы төмен заттар. Шыгару табалдырыгы жогары заттарга алғашқы зәрден қанға кері сіңірілетін қосылыстар - глюкоза, хлоридтер, фосфаттар, калий, кальций, натрий, зәр қышқылы - жатады. Бұл  заттар нағыз зәрде тек қана олардың қандағы мөлшері шамадан тыс жоғарылағанда ғана байқалады. Мысалы, алиментарлықгипергликемия, сусамыр (диабет) ауруы салдарынан зәрде қант пайда болады.

Бүйрек түтікшелерінен қанға кері сіңірілмейтін заттар шығару табалдырығы төмен заттар деп аталады. Оларға сульфаттар, креатинин, несепнәр жатады. Бұл  затгар организмнен толығымен нағыз зәр құрамында  шығарылады. Шығару табалдырығы темен заттардың зәр құрамындағы  мөлшеріне қарап бүйрек түтікшелерінің өрекетін сипаттауға болады. Бүйректің экскрециялық қызметін клиренс (тазалау) деген түсінікпен сипаттайды. Бүйрек клиренсін бір минут ішінде белгілі бір заттан (мысалы, сульфаттан) тазарған плазма мөлшерімен (мл) анықтайды. Клиренсті анықтау үшін белгілі бір заттың зәр мен плазма құрамындағы  мөлшерін және минуттық диурезді (түзілген зәрді) анықтап, мына формуламен есептейді: С=У\\?, мүнда, -С - клиренс (мл/мин); V - заттың зәрдегі мөлшері; V - минуттық диурез (мл); Р - заттың плазмадағы мөлшері.

Зәр түзуді (диурезді) реттейтін орталық сопақша мида орналасады. Ол аралық мидағы су мен тұздың алмасуын реттейтін орталықпен тығыз байланысты. Орталық зәр түзу процесін нервті-рефлекстік не гуморальды жолмен реттейді.

Бүйрек қызметін рефлекстік жолмен реттеуде осморецепторлар мен волюмрецепторлардың маңызы өте зор. Бүйрек симпатикалық және парасимпатикалық нервтермен жүйкеленеді. Бұл  нервтер бүйрек жұмысына оның қанмен жабдықталу деңгейін өзгерту арқылы әсер етеді. Бүйрек тамырлары тарылып, қан қысымы төмендесе зәр түзу әлсірейді, керісінше, бүйрек тамырлары кеңейіп, жалпы қан қысымы

жоғарыласа - күшейеді. Симпатикалық нерв тітіркенгенде нефрон шумақтарының қанмен жабдықталуы өзгеріп, зәрмен судың бөлінуі кемиді де, хлорлы натрийдің бөлінуі артады. Кезеген нервті тітіркендіргенде зәрмен судың бөлінуі күшейіп, денеден азотты заттардың шығарылуы кемиді.

Зәр түзу процесі қанда хлорлы натрий, несепнәр, пурин негіздерінің концентрациясы жоғарыласа күшейеді. Диурезді реттеуде вазопрессин және альдостерон гормондары маңызды рөл атқарады.

Организмде су тапшылығы байқалса, қан құрамыңда хлорлы на-трий концентрациясы өседі де, ұлпалар мен ағзалардағы осморецепторлар тітіркенеді. Тітіркеніс афференттік жолмен гапоталамус арқылы нейрогипофизге беріліп, вазопрессиннің бөлінуі күшейеді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің түзілуін жандандырады. Бұл  ферментгің әсерімен нефронның екінші қатарлы түтікшелері эндотелидің торшаларын біріктіріп тұратын мукополисахарид - гиалурон қышқылы, еріп, түтікшелердің соңғы бөлімдерінің эндотелий қопсиды да, судың кері сіңірілуі күшейеді. Осының нәтижесінде организмде су жинақталып, зәр түзу қарқыны төмендейді (олигоурия) немесе зәр бөлу тоқтайды (анурия). Организмде су кеп жиналса, вазопрессин аз бөлінеді, гиануронизада синтезі төмендейді, галурон қышқылы ерімейді де, түтікшелер қабырғасы тығыздала түседі, судың кері сіңірілуі нашарлап, зәр түзу күшейеді. Гипоталамус зақымданса, қанға вазопрессин бөлінбейді де, зәрдің бөлінуі шамадан тыс артып кетеді (полиурия). Тироксин зәрдің түзілуін күшейтеді, ал адреналин — бәсеңдетеді.

Ұлпааралық сұйық пен тамырлардағы қан мөлшері көбейсе оң жүрекшеде, артерияларда, ми сауытында орналасқан волюмрецепторлар (толым рецепторлар) тітіркеніп, тітіркеніс афференттік жолмен гипоталамуске бағытталады, рефлекс ретінде вазопрессиннің бөлінуі тежеледі де, зәр түзу күшейіп, организмнен су мен натрий көп шығарылады. Қан тамырларының толу деңгейі азайса, зәр түзу баяулайды. Зәрдің түзілуін реттеуге адреналин гормоны да қатысады. Оның аз дозасы бүйрек шумағының әкетуші тамырларын тарылтып, фильтрациялық қысым деңгейін жоғарылатады да, зәрдің түзілуін күшейтеді Ал адреналиннің үлкен дозасы қан

әкелуші тамырлар арнасын да тарылтады, сондықтан зәрдің түзілуін нашарлатады.

Зәр түзу процесіне үлкен ми сыңарларының алдыңғы бөлімдері де әсер етеді. Оны 1879 ж. В.М.Бехтерев байқаған. Ми қыртысындағы орталық зәр түзу қарқынына,зәрдің құрамына аралық мидағы, ортаңғы мидағы, гипоталамустағы, сопақша мидағы орталықтар арқылы әсер етеді. Бүйрек қызметіне шартты рефлекстер қалыптастыруда болады.

Зәрдің түзілуі

Зәр бүйректе үздіксіз түзіледі. Нағыз зәр, жинағыш түтікшелермен бүйрек астаушысына құйылады да, ол жиырылғанда зәрағарға өтеді. Зәрағардың толқынды жиырылуы нәтижесінде, секундына 2-3 см жылдамдықпен жылжып, зәр қуыққа жиналады.



Куық - зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Оның қабырғасының етті қабаты үш бағьтта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Оның ортаңғы қабаты сақина бағытты, ал ішкі және сыртқьг қабаттары бойлама еттерден құралады. Қуық бос болған кезде, оның қабырғасының калыңдығы 1,5 см, ал ол зәрге толық, керілген кезде - 2-3 мм-ге дейін жұқара созылады. Бірыңғай салалы ет талшықтарының ерекше кернеуді өзгертпей жиырылатын қасиетімен байланысты зәр көп жина-лып, қуық қанша керілсе де, оның ішіндегі қысым аса көп көтерілмейді.

Қуықтан зәр шығару түтігі басталар жерде сақиналы ет талшықтары ішкі қысқыш құрайды да, ол зәр шығару каналын жауып тұрады. Ал, зәр шығару каналының ұзына бойында орналасқан көлденең жолақ ет талшықтары қуықтың сыртқы қысқышын құрайды.



Зәр түзілу үрдісінің реттелуі  

Зәр құыктан рефлекс түрінде шығарылады. Қуықта жиналған зәрдің қысымынан қуықтың кілегей қабығы мен ет қабатында орналасқан рецепторлар тітіркенеді. Тітіркеніс орталыққа тепкіш жыныс нервтері арқылы жүлынның қүйымшақ бөлігінде орналасқан зәр шығару орталығына беріледі. Орталықтан қозу импульсі орталықтан тепкіш симпатикалық және парасимпатикалық нервтермен қуық етіне, қуық қысқышына, зәр шығару каналының еттеріне бағытталады.

Зәр шығару орталығынан қуыққа импульс парасимпатикалық нервпен (жамбас нерві) бағытталса, қуық еттері жиырылғыш, қысқыш пен зәр шығру каналдары еттері босаңсиды да, зәр шығарылады Ал импульс қуыққа шажырқайлық түйіннен басталатын симпатикалық нерв (құрсақ нерві) арқылы бағытталса, қуық еттері босаңсып, қысқыш пен зәр шығару каналы еттері жиырылады да, зәрдің шығарылуы тоқтап, ол қуыққа жиналады.

Қалыпты жағдайда тәулігіне адам - 1-1,5 л, жылқы - 5-10 л, ірі қара - 6-20 л, қой-ешкі - 0,5 л, шошқа - 2-5 л, ит 0,5-2 л зәр шығарады.

Құстарда қуық болмайды, зәр ағар саңғуырға ашылады да, зәр нәжіспен араласып, организмнен қоймалжың зат түрінде шығарылады. Құс зәрінің құрамында  көп мөлшерде зәр қышқылы болады.

Терінің құрылысы мен қызметі және  бөлу жүйесінде алатын орны

Тері - денені сыртқы ортадан шектеп тұратын  жабынды қабық. Ересек адамда оның жалпы беткейі 1,5-2 м2 жетеді. Құрылысына, табиғатына және атқаратын қызметіне қарай ол үш қабатқа бөлінеді: сыртқы - эпидермис, ортаңғы - нағыз тері, немесе кориум, және ішкітері шелі.

Эпидермис сырткы ұрықтық қабықтан - энтодермадан дамиды да, көп қабатты эпителийден құралады. Оның беткей қабаты өлекселеніп, мүйізденіп, қабыршықтанып сыдырылып түсіп, үздіксіз жаңарып отырады. Мүйізденген торшалардан тереңірек тіршілігі тоқтамаған, цилиндр пішінді, көбею қабілеті жойылмаған ядролы торшалар орналасады. Тері беткейіне ығысқан сайын олар жалпайып, ядросын жоғалтады. Эпидермистің терең қабатындағы торшалар құрамында  организмді ультракүлгін сәулелер әсерінен қорғайтын меланин деген пигмент болады.

Нағыз тері – кориум, ұрықтың ортаңғы қабықшасы мезодермадан дамиды. Ол құрамында  көптеген оралымды талшықтары бар дәнекер ұлпадан құралады. Сондықтан тері оралымды және серпімді құрылым. Нағыз тері еміздікше және торлы қабаттардан тұрады.

Еміздікше қабат эпидермистің астында орналасып, одан негіздік жарғақпен (мембранамен) бөлінеді. Бұл қабат борпылдақ және торлы дәнекер ұлпадан түзіледі, бір-бірімен торлана байланысқан коллаген талшықтары будасына бай. Олардың арасында теріге серпімділік беретін эластин талшықтары орын тебеді. Еміздікше қабатта эпидермисті қоректеңціретін қан тамырлары мен жанасуды, жьшылықты, суықтықты, ауырсынтуды қабылдайтын сезімтал нерв үштары орналасады. Мадда Бұл  қабат түктің өсуіне тікелей әсерін тшізеді, соңцықтан жүнді көп беретін жануарларда ол қалың болады.

Торлы қабат - бір-бірімен торлана байланысқан коллаген талшықтары будалары мен олардың арасындағы эластин талшықтарынан қүралған тығыз дәнекер үлпадан түрады. Коллаген талшықтары будаларының жуандығы, тоқылу тәртібі жануарлардың түріне, дене аумағына қарай өзгеріл отырады.

Дермада май, тер бездері және түк түбірлері орналасады.

Тері шелі нағыз тері сияқты мезодермадан дамиды. Ол дерманы дененің беткейлік шандырымен байланыстырады. Оны түзетін борпылдақ дәнекер үлпа талшықтары арасында май түйіршіктері (май қоры) орналасады. Шел майы денені механикалық соққылардан сақтап, қорғаныстық қызмет атқарады.

Құрылым  ерекшеліктеріне байланысты тері бірнеше қызмет атқарады.

1.   Қорғаныстық қызмет - серлімді берік құрылым  болғандықтан
тері денені қысым, үйкеліс, сокқы әсерінен туындайтын механикалық зақымданудан сақтайды.

2.   Тері организмді шамадан тыс су жоғалтудан, ультракүлгін сәулелерден, ауру тудырушы микроорганизмдердің енуінен сақтайды.

3.   Теріде ультракүлгін сәуле әсерімен эргостериннен Д дәрмендәрісі
түзіледі.

4.   Өзінде орналасқан қан тамырларының арнасын, тер бездерінің


әрекетін өзгерту арқыпы және шел майын жинауға байланысты тері
жылу реттеу процесіне қатысады.

5.   Тері болу процесінде маңызды рөл атқарады, Тер арқылы денеден су мен минералды тұздардың  артық мөлшері, азотты заттардың алмасуы нәтижесінде түзілген соңғы өнімдер бөлінеді.

6.   Теріге тыныстық қызмет те тән. Таза теріде 1 % мөлшерінде газ
алмасу процесі атқарылады.

7.   Теріде жанасу, ауырсынту әсерлерін, температура ауытқуларын


қабылдайтын сезімтал нерв ұштары орналасады.

8.   Тері организмді сырткы орта құбылыстарына бейімдейтін маңызды мүше.

  Тер және май бездерінің әрекеті нәтижесінде тері экскрециялау қызметін атқарады. Тер құрамында су, минералды заттар (хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар), несепнәр, зор қышқылы, креатинин, май қышқылдары т.б. зат алмасу өнімдері бөлінеді.

Тер бездері көп торшалы, қарапайым, түтікше бездерге жатады. Олар нағыз теріде (дермада) орналасады. Тер бөлу ерекшеліктеріне қарай тер бездері екі топқа бөлінеді. Эккриндік бездер сұйық  секрет бөледі және әрекет үстінде өздері Бұл інбейді. Олар жылқыда кездеседі. Эпокриндік бездер құрамында  май тектес заттары көп шайырлы тер беледі. Әрекет үстіңде Бұл  бездердің біраз торшалары бұзылады. Олардың секреті құрамында  су аз, құрғақ зат көп болады. Бездің секрециялық бөлімінің сыртқы қабаты миоэпителиалъдық торшалардан, ал ішкі қабаты - безді текше торшалардан құралады. Без өзектері иректеле келіп түк қапшықтарына немесе түк шанағына, ал дененің түксіз жерлерінде - тері бетінде арнаулы тесікпен ашылады.

Май бездері көбіне түк қапшықтарының жанында орналасады. Бұл  бездер голокриндік бездерге жатады. Олардың өзектері түк қапшықтарына ашылады.

Тер бездері дененің әр түрлі беткейінде бірдей таралмаған. Адамда олар алақан мен табанда көп болады. Терінің жұқарған жерінде (құрсақ пен кеуденің вентральдық бөлігінде, қолтық пен шатта, құлақ қалқанында т.б.) олар көбірек. Адаммен салыстырғанда малда тер 2-3 есе аз бөлінеді, оның себебі тер бездері қанмен нашарырақ жабдықталады. Тәулігіне адам — 1 л (жазда 2-2,5 л), жылқы 2,5-3 л, сиыр - 4-5 л тер бөледі.

Тері рефлекс ретінде жылылықты қабылдайтын сезімтал нерв үшта-рының тітіркенуіне жауап түрінде бөлінеді. Тер бөлуді реттейтін орталық жұлында орналасады. Тер бездері үшін симпатикалық нервтер секрециялық нерв болып табылады.
Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-11

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:



  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

Негізгі:
1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Қосымша:


  1. Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.

  2. Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.

  3. Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.

  4. Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.

  5. Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.

  6. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  7. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  8. 3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.

  9. Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.

  10. Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.

  11. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  12. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

Контрольные вопросы (обратная связь):

  1. Какие вещества реабсорбируются в проксимальном канальце нефрона

  2. Что такое индекс утилизации инулина

  3. Какова роль легких в выделении

  4. Какие вещества секретируются в почечных канльцах?

  5. Чему равен объем первичной мочи?


«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Кредит № 2.

6 Дәріс.



Tақырыбы: Анализаторлар, олардың бөлімдері туралы түсінік. Анализаторлардың қызметтік ерекшеліктері.

Мақсаты: жалпы талдағыштардың қасиеттері жайлы түсінік беру, И.П. Павловтың талдағыштар туралы ойын түсіндіру, негізгі талдағыштар бөлімдерінің қызметтік механизмдерін түсіндіру, талдағыштық жүйені зерттеу ілімі, бөлек талдағыштар туралы білім беру, негізгі талдағыштар анализаторлар қызметтерінің механизмдерін түсіндіру; көру, есту, иіс, дәм сезу және ауырсыну талдағыштарын зерттеу ілімі.

Дәріс тезисі:

Талдағыштардың құрылымы мен қызметі

Жоғары омыртқалы жануарлар мен адамның барлық талдағыштар жүйесіне мынадай жалпы құрылыс негіздері тән:

1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке нейрондарынан тұрады. Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш құрылымдармен, ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланысты бо­лады. Ал қабаттар, олардың аксондары түзетін, өткізгіш жолдар арқылы өзара байланысады. Талдағыштардың мұндай құрылымы әртүрлі қабаттарда мәліметтерді өндеуге, арнаулы бағытқа салуға мүмкіндік туғызады. Бұл организмдерде барлық талдау жасалған жай сигналдарға тез әсер тигізуіне жағдай жасайды.

2. Талдағыштар көп жолды болады. Олардың әрбір қабатында барлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген (он мындаған, ал кейде миллиондаған) жүйке элементтері бар. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың, өте сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді. Байланыс арналарының сенімділігі нейрондардың өзара жапсарласуынан ұлғаяды. Бір нейрон тарамдалыс (дивергенция) арқылы жоғары деңгейде орналасқан бірнеше нейрондармен ұштасады. Ал көптеген нейрондардың тек біреуіне түйістірілісі (конвергенция) ақпаратты дәл жеткізіді.

3. Шектес қабаттарда сезіну "алқымы" деп аталатын әртүрлі элементтер саны кездеседі. Мәселен, адамның көру жүйесінің торлы қабығындағы фоторецепторлар қабатының 150 млн элементі бар, ал шығаберістегі ганглиоздық аймағында небәрі 1 млн. 250 мың эле­мент қалады. Бұл тарыла түсетін "алқымның" мысалы. Алайда көру жүйесінің жоғары деңгейінде кеңейетін "алқым" қалыптасады.

Есту және басқа кейбір талдағыштарда қабылдағыштан миға дейін тек кеңейетін "алқым" кездеседі. Тарылатын "алқымдар" құбылысының физиологиялық мәні - миға келетін хабардың санын азайту. Ал кеңейетін "алқымның" қызметі әртүрлі сигналдың белгілерін жете және өте терең талдауға мүмкіндік жасау.

4. Талдағыштардың тура және көлденең бөлшектері болады. Жүйке элементтерінің бір немесе бірнеше қабаттан құрылатын бөлімі тікелей ажыратылыс (дифференциация) деп аталады. Әрбір бөлімнің (мәселен, иіс буылтығы, иінді дене) өзінің атқаратын жеке қызметі болады.

5. Сезім жүйелері тіршіліктік мәні бар ақпараттарды кері байла­ныс негізінде белсенді түйсінетін және өндейтін үрдіс ретінде қаралады.

6. Сезім жүйесінің өрлеуші өткізгіш жолдары ми қыртысының тұрақты және қосымша жобаланыс аймақтарында тұйықталады. Біріншілей жобаланыс аймақта жылдам өткізуші арналар аяқталады. Екіншілей аймақтар осы сезім жүйесінің мамандалған арналары арқылы бірлестірілген ақпаратты қабылдайды. Ал ми қыртысының үшінші жобаланыс аймақтары сезімаралық әрекеттесу өтетін әртүрлі сезім жүйесінің ұласқан аясын қалыптастырады.

7. Әрбір сезім жүйесі қосқапталдас өлшемдестік (симметрия) түрінде құрастырылады. Мидың орталық құрылымдары қабылдағыш аппаратқа сәйкес жұптасып калыптасады. Сезімдік жүйелердің жұптасуы негізінде, кеңістікте әркелкі орналасқан нысандарды қабылдау осы әрекеттік тетіктер арқылы атқарылады.



Талдағыштың шеткі бөлімі

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар құрады.

1. Алуан түрлі қабылдағыштар - тітіркендірістің әсерін жүйкенің ұшына немесе қабылдағыштарға өткізуге икемделген күрделі құрылымы бар сезіну мүшелері.

2. Әрбір қабылдағыш тітіркендірістің белгілі бір түрлерін (мәселен, жарық, дыбыс, жылылық, суықтық т.б.) ерекше сезеді.

3. Талдағыштардың зор қозғыштығы байқалады, яғни олар сыртқы тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне әсерленгіш келеді.

4. Талдағыштар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады. Бұл сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі тітіргендіргішінің әсерін қабылдайтын, өндейтін, қозу толқынын тудыратын, оларды ұғынуға эволюциялық дамуда бейімделген организімдегі арнайы қабылдағыштар арқылы жүзеге асады.

Қабылдағыштардың жіктері. Барлық қабылдағыштар екі үлкен топқа бөлінеді: экстерорецепторлар және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар - көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезімдерін жеткізеді. Ал интерорецепторлар қатарына - ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар мен тірек-қимыл жүйесінің кіреберістік және пропиорецепторлық (проприо- меншікті) қабылдағыштары жатады.

Қабылдағыштар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық қабылдағыштар - олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан (көру, есту, иіс), ал контакты қабылдағыштар тікелей жанасқанда (тері, дәм сезімдері) мәлімет алады.

Қабылдағыштар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі: механорецепторлар - есту, тепе-теңдік, тірек-қимыл аппаратының, терінің; сипап сезу, жүрек пен қан-тамырларының қысым қабылдағыштары, хеморецепторлар - дәм, иіс, және тіндердің химиялық заттарды сезетін қабылдағыштары, фото­рецепторлар - көру қабылдағыштары, терморецепторлар - терінің және ағзалардың, орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіштері. Ауырғанды сезу - ноцицепторлары (лат. посе - зақымдау, кесу) ерекше топты құрады.

Барлық қабылдағыштар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі - иіс, сипап сезу қабылдағыштары және пропиорецепторлар. Бұларда тітіркендірістерді ұғыну және өңдеу үшін

қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісіне дәм сезу, көру, есту, тепе-теңдік сақтау қабылдағыштары жатады. Мұндай қабылдағыштардың сезгіш нейрондары мен тітіркендіргіштердің арасында өте мамандалған (икемделген) қосымша қабылдағыш жасушалар болады. Сезгіш нейронда қозу тікелей әсерден емес, тек осы қосымша жасушалар арқылы туады.

Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты қабылдағыштар тез және баяу бейімделуші, төмен және жоғары табалдырықты, біррайлы және көпрайлы т. б. болып бөлінеді. Іс жүзінде, түйсіктердің сипатына қарай қабылдағыштардың психофизиологиялық жіктелуі өте маңызды орын алады.

Қабылдағыштарды қоздыру тетіктері. 1. Әрбір қабылдағыш тітіркеудің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді. Бұлар қабылдағыш ұғынуға бейімделген барабар (адекватты) тітіркенулер деп аталады.

2. Қабылдағыштардың қозғыштық қасиеттері тым жоғары болады. Алайда қабылдағыштар барабар емес тітіркенулерге де әсерленеді. Дегенмен бұл тітіркендіргішке олардың сезімталдығы өте төмен келеді.

3. Қабылдағыштар тітіркендіргіштер ұзақ уақыт әсер еткен кезде, оларға өте жылдам бейімделеді.

4. Қабылдағыштардың қозғыштығы тым тұрақсыз келеді. Оған қабылдағыштардың өзінде туатын өзгерістер, қабылдағыш құралдардың сезгіштігін өзгертетін орталық жүйке жүйесінің (ми қыртысы, торлы құрылым) ықпалы тиеді. Өйткені сигналдар табуда қабылдағыштардан тыс оған әрбір жүйке қабатының сезгіш нейрондары қатысады. Олардың әртүрлі қозғыштық қасиеті бар.

5. Қабылдағыштарда тітіркендіргіштің әсерінен мембрананың кейбір иондарға (әсіресе натрийге) өткізгіштік қасиетінің өзгеруі салдарынан жергілікті ағын пайда болады. Бұл құбылыс қабылдағыштың потенциал деп аталады. Ол жүйке талшықтарының, әрекет потенциалының негізін құрайды. Бұл потенциал көбінесе бірінші сезетін қабылдағыштарда кездеседі. Ол "түгел немесе түк жоқ" заңына бағынбайды, яғни тітіркендіргіш күшінің өзгерістеріне байланыс­ты болады. Егер тізбектелген тітіркенулер қолданылса, жалпы әсерлері жинақталады және жүйке талшықтарының бойымен өрістемейді.

6. Қабылдағыштық потенциал ұзаққа созылады. Кейбір қабылдағыштарда ол тітіркендіргіш әсер еткен мерзімге сай бірнеше минутқа дейін ұзақ уақыт сақталады. Мәселен, күретамырдың синусындағы қабылдағыштарда, қанның қысымына байланысты, бірнеше сағатқа созылатын потенциал жазылып алынған.

7. Қосымша қабылдағышы бар талдағыштардағы алғашқы сезгіш нейронның синапстан (түйіспеден) кейінгі потенциалы генераторлық (өндіргіштік) потенциал деп аталады. Егер генераторлық потенциал белгілі ауыспалы кезеңіне жетсе, қабылдағыштың жалғасы болатын сезгіш жүйке талшықтарында әрекет потенциалы туады. Генераторлық, потенциал шағын жерде пайда болады және өрістеген сайын бәсеңдейді, яғни декрементпен тарайды.

8. Қабылдағыштардың көпшілігі, тітіркендірусіз, кейде өздігінен медиатор бөліп, қозады. Бұл оларға сигнал туралы мәліметтерді орталыққа жеткізгенде серпіністі тек жиілетіп қана қоймай оны азайтуға да мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет