Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-9
ӘДЕБИЕТ:
Негізгі:
-
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.
-
Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.
-
Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.
Қосымша:
-
Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.
Орыс тіліндегі әдебиеттер:
Негізгі:
1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.
2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.
3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.
4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.
5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология
человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.
Қосымша:
-
Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.
-
Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.
-
Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.
-
Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.
-
Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.
-
«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.
-
Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .
-
3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.
-
Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.
-
Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.
-
Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .
-
Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.
Бақылау сұрақтары(кері байланыс):
1. Негізгі алмасуды анықтағанда қандай ережелерді сақтау қажет?
2. Тыныс алу коэффициентін қалай есептейді?
3. Оң азотты тепе-теңдік дегеніміз не?
-
Майлы тағам қолданғанда тыныс алу коэффициенті неге тең?
-
Негізгі дәрумендер тобын атаңыз.
-
Нефронның проксимальды каналында қандай заттар сіңіріледі?
-
Өкпедегі бөлінудің қандай мәні бар?
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Кредит № 2.
№ 2 Дәріс.
Tақырыбы: Терморегуляция.
Мақсаты: Физикалық және химиялық жылу реттелгіш механизмдерін оқу, изотермия,гипертермия және қызба мағынасын ұғу, дененің температуралық схемасын құрастыра білу.
Дәріс тезисі:
Жылу реттелісі
Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотермия), яғни ішкі ортаның тұрақтылығы (гомеостазистің) көрнекі көрсеткіштерінің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қаншама құбылмалы болса да төтеп береді. Ол 70-80° аязға да, 50-60° ыстыққа да көндіге алады. Бірақ сыртқы температура қаншама құбылмалы болса да адам денесі температурасы өзгермейді, ұдайы - 36-37° шамасында сақталады.
Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жылу пайда болуы, оның сыртқа шығуы сияқты үрдістерге қатысатын бірқатар ағзалар мен жүйелер жүйесі қызметінің жүйке-қан арқылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция).
Жылу реттелуі дегеніміз сырттағы температура өзгерсе де дененің ішкі, өз температурасын қалыпты тұрақты күйінде сақтауы. Бұл арнайы әрекеттік жүйе арқылы іске асырылады.
Дене температурасы ұдайы бір деңгейде, тұрақты қалыпта сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция), жылу өндіріп оның сыртқа шығуын реттейтін ағзалар мен ағзалар жүйесі және оларды реттеуші тетіктер кіреді. Жылудың дәл де нәзік жымдасып реттелуіне байланысты адам жер жүзін түгелдей, яғни тропикадан Арктика мен Антарктикаға дейінгі аймақтарды тегіс игерген. Жылу реттелуі адам мен құстарда, өте жоғары дәрежеде дамыған. Жер бетіндегі жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар т.б. түрлердің көпшілігінде дене температурасы тұрақты емес, сырттағы температураның өзгеруіне қарай құбылып отырады.
Дене температурасының реттелуіне қарай гомойотермді (жылықанды) және пойкилотермді (салқынқанды) жануарлар болып 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататын жануарлардың температурасы тұрақты: олардың орталық жүйке жүйесі жақсы дамыған, осыған орай, жылу реттеу тетіктері де өте жоғары дәрежеде. Ең жоғары сатыдағы гомойотермді организм - адам. Екінші топтағы, яғни пойкилотермді жануарда дене температурасы құбылмалы сырттағы температураға тәуелді. Мәселен, қыс пен жаз аралығында олардың температурасы 10°-теп 40-50°-қа дейін өзгереді. Олардың, әсіресе микроорганизмдердің тіршілік шегі өте кең. Мәселен, микроорганизмдер Камчаткадан да, яғни мұзды аймақтан да (0°-тан 50° аязға дейін) табылған. Микробтар тіпті температурасы 170° ыстық бұлақ - гейзерлерде де кездеседі. Өзбекстан ғалымдары метеориттен де тірі микроорганизмдер тапқан. Космоста температура өте салқын абсолюттік 0-ге жақын, ал метеорит атмосфераға кірген сәтте өте ыстық (металдар балқиды).
Х.С. Коштоянің деректеріне қарағанда, табиғатта нағыз пойкилотермді жануар жоқ: кез келген пойкилотермді жануардың дене температурасы сырттағы температурадан 1-2 градус жоғары. Бұл денедегі зат алмасуына байланысты. Жылы және салқын қанды жануарлар аралығындағы жарқанаттар күндіз дем алғанда пойкилотермді, ал түнде ұшып жүргенде гомойотермді болады. Бірқатар гомойотермді жануарлар кейбір жағдайларда пойкилотермді жануарларға айналады. Мәселен, ауыздық кигізіп, тілі салақтамайтын халге келтірген иттің температурасы жылу камерасында ысып, тез көтеріле бастайды. Онтогенезде жылу реттелу тетіктері біртіндеп д амиды: ол орталық жүйке жүйесінің дамуына байланысты. Жаңа туған нәресте - гомойотермді: оның денесі тез қызып, тез суиды. Дегенмен, гомойотермді организмдердің температурасы күні бойы аз да болса өзгеріп отырады (тәулігіне 0,5-0,9°), кешкі 16-18 сағатта ең жоғары, таңғы 3-4 сағатта ең төменгі деңгейде болады. Ұйықтап жатқанда төмендеп, қара жұмыс істеген кезде 1-2° көтеріледі. Жүкті және босанған әйелде дене температурасы әдеттегіден сәл жоғарылау. Дәріскердің, артистің, емтихан тапсырып отырған студенттің температурасы да сәл жоғарырақ, эмоция салдарынан олардың қанайналымы аз мөлшерде күшейіп, қызуы көтеріледі.
Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөліктерінің температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзгереді. Бауырда 37,8-38°С, тері сыртында 29,5-33,9°С, тік ішекте 37,2-37,5°, қолтықта 36,0-36,9°С.
Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндіру мен жылу шығару үрдістерінің тепе-тендігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның негізі - белгілі физиологиялық жүйе тетіктерінің қызметі.
Жылу реттелуі физикалық және химиялық реттелу болып екіге бөлінеді. Физикалық реттелу жылу шығару деңгейін өзгерту арқылы, ал химиялық - жылу өндіру үрдісін күшейту не әлсірету арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгерту арқылы іске асырылады. Жылу органикалық заттар тотыққан кезде пайда болады. 1 г белок не көмірсу тотыққанда 4,1 ккал, 1 г май тотыққанда 9,3 ккал жылу пайда болады.
Денедегі тіндердің қай-қайсысында да тотығу үрдістері (диссимиляция, катаболизм) бір тоқтамастан ұдайы жүріп жатады. Бұл экзотермалдық (сыртқа жылу шығару) үрдістер. Жылу барлық ағзаларда пайда болады: жолақ еттерде барлық жылудың 80-60%-і, бауыр мен асқорыту ағзаларында 20-30%-і, бүйрек пен басқа ағзаларда, тіндерде 10-20%-і өндіріледі. Сондықтан да жолақ еттерді организмнің жылу өндіргіш машинасы деуге де болады. Тіпті қозғалмайтын тыныш отырған адамда жылудың 2/3-і дене еттерінде өндіріледі. Жолақ еттер тыныш отырғанда да белгілі бір дәрежеде тонусынан айырылмайды. Олар жиырылған кезде жылу өндіру үрдісі күшейе түседі, тіпті аздап дірілдеген сәтте жылу өңдіру 50-60%, ал қара жұмыс істегенде 400-500% артады. Тәжірибе жүзінде жолақ еттерді босаңсытатын миорелаксанттар енгізсе организм тез салқындай бастайды. Бұл да жоғарыда айтылған зандылықпен үндес. Тамақ ішкеннен кейін (әсіресе белокқа бай) зат алмасу қарқыны мен жылу өндіру деңгейі күшейеді. Аш адамның тонғақ, ал тоқ адамның тоңбайтыны осыған байланысты.
Сонымен тоңа бастаған кезде дене температурасын тұрақты (бір деңгейде) сақтауда химиялық реттелудің маңызы зор. Физикалық реттелу - жылу шығару үрдісін реттеу үрдісінің мәні, әсіресе айналадағы температура шектен тыс жоғары болған жағдайда, мәселен, күн ыстық күндері бөлме температурасы жоғары болса, арта түседі. Физикалық реттелу бірнеше жолмен іске асырылады.
1) Жылу өткізгіштік, яғни денеге тиген заттарға, мәселен, ауаға жылу беру; бұл - конвекциялық жол, бұған денеде пайда болатын барлық жылудың 15%-і кетеді. Адам үшін мұның мәні аз: ауа мен киім жылуды нашар өткізеді.
2) Жылуды сейілдіру (жылу шығарудың радиациялық жолы), яғни жылудың инфрақызыл сәулелерін қызған дененің бетімен жан-жаққа сейілдіру. Бұл жолмен тіршілікке бірден-бір қолайлы (қажетті) температураға (18-20°) сәйкес бөлінетін жылудың 66%-і сыртқа шығады.
3) Тері мен өкпе арқылы жылу шығару. Бұл жолмен сыртқа жылудың (бу арқылы шығатын жасырын жылудың) 19%-ы шығады. 1 мл суды буға айналдыру үшін, 0,53 ккал жылу жұмсалады.
Ланге деректеріне қарағанда комфорт температура жағдайында дене беткейінің 1 м2-нің тер арқылы 13 г тамақ ішкеннен кейін 29 г су шығады. Тіпті негізгі зат алмасу кезінде тер арқылы денеден тәулігі-не 700-850 мл су шығады. Ыстық цехта қара жұмыс істеген кезінде жылу шығарудың бұл жолы басқа жолдардан әлдеқайда басым болады да барлық жылудың 75%-і (кейде 10-12 л) сыртқа шығады.
4) Барлық жылудың 3,5-4% өкпеге келіп түскен ауаны, ас қорыту түтігіндегі тамақ пен суды жылытуға жұмсалады. Жылудың 0,7 %-і несеп пен нәжіс арқылы сыртқа шығады. Келтірілген мәліметтерді талдай келе жылу шығаратын негізгі ағза - тері екеніне көзіміз жетеді (барлық жылуың 82-85%-і). Радиация, конвекция және бу арқылы жылу шығару қарқыны сырттағы ауаның температурасына байланысты. Желді күндері, жүгірген, қатты жүрген кездерде жылу шығару үрдісі күшейе түседі. Тері астындағы май (шел) денедегі жылу-дың шығуына кедергі жасайды. Сондықтан шел неғұрлым қалың болса, жылу соғүрлым аз шығады, семіз малдың суыққа төзімді, бірақ ыстыққа шыдамсыз болатыны осыған байланысты. Шел майының әсіресе суда тіршілік ететін сүтқоректілер үшін мәні бар. Эволюция (тарихи даму) барысында жылу реттелуі шындала түсті. Соның айғағы - қан тамырларының әсерленісі: айналадағы температура өзгеріп денеге әсер еткен сәтте, шелдегі (тері астындағы) қан тамырларының тонусы рефлекс арқылы өзгеріп, тамыр не кеңейіп не тарылып отырады. Ыстықтың әсерінен қан тамыры кеңейіп жылу шығару үрдісі күшейеді, ішкі ағзалардағы ірі тамырларымен аққан қан көп мөлшерде теріге келеді. Салқын әсерінен керісінше, тері тамырлары тарылып сыртқа жылу шығару карқыны төмендейді.
Физикалық реттелудің қалыптасуында, осыған орай гомойотермдік қасиет пайда болуында қаптаушы құрылымдар эволюциясының үлкен маңызы болды. Жылу шығару үрдісінің реттелуіне, оған бейімделуге байланысты құста қауырсын, сүтқоректілерде түк (жүн) пайда болады. Бұл құрылымдар жылуды нашар шығарады. Қауырсын мен жүнді селдірету не қалыңдату арқылы тері арқылы жылу шығару реттеледі. Айталық, суықта жануардың жүні үрпиіп "тік тұрады". Мүндай жағдайда тері бетінде жылуды нашар өткізетін ауа кеңістігі пайда болады. Бұл тетік рудимент ретінде адамда да сақталып қалған: салқын күндері дененің "түршігуі" "қаз терісіне" ұқсап бүртіктенуі осыған байланысты. Сыртқа жылу шығару үрдісін адам киім арқылы реттейді, жылы күндері жеңіл, салқын күндері жылы киім киеді. Жылу шығару дене қалпын өзгерту арқылы да реттеледі, тоңған кезде бүрісіп жатып алу жылу шығуын азайтады, аяқ-қолын алшақ тастап ашық жату, керісінше, ыстыққа бейімделу белгісі.
Сыртта күн ысыған сайын, әсіресе ауа температурасы дене температурасына жақындаған сайын адам (жануар) терлейді де жылу үрдісі үдей түседі. Ауа ыстық әрі ылғал болса, ыстыққа шыдау қиындайды, мәселен, Қырым (құрғақ) мен Сочиді (ылғалды) салыстыруға болады.
Адамда, 4 түрлі малда, кейбір приматтарда тер шығару – жылу реттеудің негізгі жолы. Мысықта, итте, кірпіде, кейбір басқа жануарларда тер бездері нашар дамыған (олар тек табанда орналаскан). Сондықтан соңғы аталған жануарларда жылу тер арқылы реттелмейді, денедегі су басқа жолмен, яғни сулану (өкпе) арқылы, сондай-ақ кілегейлі қабығы арқылы реттеледі.
Бұл - температуралық полипноэ. Иттің ыстық күндері аузын ашып, тілін салақтатуына байланысты әдетте минутына 2 л, ал ыстық күні 50-70 л дымқыл ауа шығарады. Ыстық күндері құстың өкпесі жиі желдетіледі.
Сонымен, сырттағы ауа температурасына қарай физикалық және химиялық жылу реттелуі өзгеріп отырады, бұл арқылы денеде тұрақты температура сақталады.
Жылу өндіру де, жылу шығару да - нәзік үрдістер. Бұлар жүйке-қан арқылы реттеледі.
Жылу ретелісі
Гомойотермді жануарларда дене температурасы аса күрделі нейрогуморалдық тетіктер (жүйке-қан) арқылы реттеледі. Бұл тетіктер дененің компенсаторлық (есесін қайтару) әсерленісін, яғни жылу өндіру (химиялық) және жылу шығару (физикалық) үрдістерін бағыттап, қажет болса, өзгертіп отырады. Жылу реттелу - дене температурасының тұрақтылығын сақтайтын қызметтік жүйе, орталық жүйке жүйесімен тікелей және кері жүйкелік байланыс арқылы өзін-өзі реттейтін үрдіс. Пойкилотермді жануарларда жылу өндіру зат алмасуы күшейіп, сырттағы ауаның температурасы артқан сайын күшейеді де жылу шығару азая түседі, оларда жылу реттеу тетігі болмайды. Ал гомойотермді жануарларда, керісінше, ондай жағдайда жылу өндіру нашарлап, жылу шығару артады. Салқын әсерінен жылу шығару үрдісі осы екі түрлі жануарларда керісінше өзгереді. Бұл мағлұматтар жылу реттелу үрдісіне көптеген ағзалар мен жүйелер (жүрек-қан тамыр, тыныс, ет жүйелері, тер бездері) қатысатынын, оны іске асыруда зат алмасу қарқынының үлкен мәні бар екенін көрсетеді. Осыған орай жылу реттелуінің орталық және шеткі (афференттік және эфференттік) бөлімдерінің әрқилы екенін, олардың өзара қарым-қатынасы сырттағы ауа температурасы мен дененің ішкі температурасына тәуелді екенін айта кеткен жөн.
Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-10
ӘДЕБИЕТ:
Негізгі:
-
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.
-
Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.
-
Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.
Қосымша:
-
Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.
Орыс тіліндегі әдебиеттер:
Негізгі:
1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.
2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.
3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.
4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.
5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология
человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.
Қосымша:
-
Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.
-
Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.
-
Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.
-
Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.
-
Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.
-
«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.
-
Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .
-
3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.
-
Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.
-
Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.
-
Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .
-
Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Гипертермиядан қызбаның айырмашылығы неде?
-
Жылу реттелгіштің физикалық түрлерін атаңыз.
-
Адам асқазанының температурасы неге тең?
-
Күннің ыстық кезінде екі адамның ішінен кім – арық әлде толық көп мөлшерде сұйықтықты қолданады?
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Кредит № 2.
№ 5 Дәріс.
Tақырыбы: Зәр шығару физиологиясы.
Мақсаты: Изучить механизмы клубочкой фильтрации, канальфевой реабсорбции и канальцевой секреции, уметь объяснять механизм образования конечной мочи и поворотно-противоточной системы, уметь анализировать состав конечной мочи.
Дәріс тезисі:
Зат алмасу үрдісі барысында бір жағынан организмге қажетті жаңа қосылыстар түзілсе, екіншіден организм пайдалана алмайтын түрлі ыдырау өнімдері пайда болады. Мысал ретінде несепнәр, зәр қышқылы, креатинин, аммиак т.с.с. атауға болады. Бұл өнімдер организмде көп жиналса, оның тіршілік әрекетіне үлкен зиян келеді, организм уланады, мұндай жағдай өлімге әкеп соқтырады. Сондықтан қалыпты жағдайда арнаулы мүшелер қызметі нәтижесінде уытты ыдырау өнімдерінің мөлшері организмнің ішкі ортасында артып кетпей бір деңгейде сақталады. Организмнің зат алмасу процесінің уьттты ыдырау өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың шамадан артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе экскреция деп атайды.
Адам мен жоғары сатыдағы жануарларда бөлу қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас қорыту жолы атқарады. Өкпе арқылы организмнен көмір қышқыл газы, су, наркоздан кейін эфир мен хлороформ, алкоголь буы бөлінеді. Сілекей бездері мен қарын бездері кейбір ауыр металдарды, дәрі-дәрмектерді, бөгде органикалық заттарды бөледі. Бауыр қанды тироксин, фолликулин гормоңдарынан, гемоглобиннің ыдырау өнімдерінен, азотты заттардың алмасу өнімдерінен тазартады. Ішек пен ұйқы безі арқылы ауыр металдар тұздары, өт пигменттерінің өнімдері бөлінеді. Бүйректе түзілетін зәр құрамында зат алмасу процесінің ақырғы ыдырау өнімдері - несепнәр, зәр қышқылы, аммиак, креатанин, креатин бөлінеді. Тері (тер бездері) арқылы су, минералды тұздар, азотты заттардың алмасу өнімдері (несепнәр, зәр қышқылы, ауыр дене жұмысы кезінде - сүт қышқылы) бөлінеді.
Аталған мүшелерден қүралған бөлу жүйесі организмді зат алмасу процесінің уытты өнімдерінен, бөгде заттардан тазартып, денедегі сұйықтың мөлшерін, осмостық қысым деңгейін, қанның иондық құрамын, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті, гомеостазды сақтауда маңызды рөл атқарады.
Бүйректің құрылысы
Адам мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың зор бөлу жүйесі қос бүйректен және олардан шығатын зәр ағарлардан, қуықтан, зәр арнасынан (каналынан) тұрады.
Бүйректің құрылысы өте күрделі. Ол сыртқы қыртыстық қабаттан және ішкі бозғылт заттан тұрады. Қыртыстық қабат нефрондардан құралады. Нефрон ішінде капилляр шумағы (Мальпиги шумағы) бар нефрон (Шумлянский-Боумен) капсуласынан басталады (28-сурет). Капсула қос қабырғалы бір қабат эпителий ториаларынан құралған тостаған пішінді кұрылым. Оның қабырғаларының арасында саңылау-қуыс жатады. Капсуланың ішкі қабырғасы капиллярлар шумағымен тығыз жанасып, сүзгіш мембрана құрайды. Капсулаға капилляр қабырғасы арқылы қаннан сүзіліп шыққан сұйықтық - алғашқы зәр - жиналады.
Капсуланың қысқа мойыны бірінші қатарлы (проксимальды) ирек түтікшелермен жалғасады. Бүйректің бозғылт қабатына жеткенде бұл түтікшелер жазылып жіңішкереді (қылталанады) де, теренцей созылып, нефрон (Генле) ілгегінің төмен кететін иінін түзеді. Бозғылт қабаттың бітер тұсында бұл түтікше ілгек тәрізді иіліп, қайта кеңейеді де, қыртыстық кабатқа қарай жоғары көтеріледі. Түтікшенің бұл бөлігін Генле ілгегінің жоғарғы иіні деп атайды Жоғары өрлеген бұл иін қыртыстық қабатта екінші қатарлы (дистальдық) ирек түтікшелерге айналады, ал олар жинағыш түтікшелермен жалғасады. Жинағыш түтікшелер тоғыса келіп еміздікшелер түзеді. Ал еміздікше түтікшелер зәрді бүйрек астаушасына құяды. Өз ретінде ол бүйрек қақпасынан басталатын несеп ағармен жалғасады. Осы баяндалған кұрылымдар нефрон деп аталады да, бүйректе зәр түзу процесін қамтамасыз етеді.
Адамның екі бүйрегінде 2 млн. астам, ірі қарада - 8 млн., шошқада -1,5, қойда -1 млн. нефрон болады. Нефронның ішкі беткейінің жалпы ауданы адамның екі бүйрегінде - 4-6 м2, ірі қарада - 39,5, шошқада - 7,2, қойда - 3,5 м2. Әрбір нефронның ұзьшдығы 30-50 мм, ал олардың ұзындығының жалпы қосындысы 60-70 км жетеді.
Бүйректің қанмен жабдықталуындағы ерекшеліктер
Қыртыстық қабатта артерия тамырлары нефрон капсуласына кіріп, онда ұзындығы 0,5 мм шамасындағы 30-50 капиллярларға тарамда-нады да, шумақ құрайды. Шумаққа қан жеткізетін тамырларды әкелуші тамырлар дейді. Аталған капиллярлар жинала келіп қанды әкететін артериялар құрайды. Қаңды әкелуші тамырлар диаметрі қанды әкетуші тамырлар диаметрінен 2 есе кең болады. Осымен байланысты шумақта қан іркіліп, оның қысымы с.б. 70-90 мм дейін көтеріледі. Шумақтан шыққан тамыр ирек түтікшелер мен нефрон ілгегі маңында қайтадан тарамданып, екінші рет капиллярлар торын құрайды. Осыдан кейін ғана капилляр тамырлардағы қан вена торына жиналып, бүйрек венасына құяды. Шумақтағы қысымның жоғары болуына бүйрек артериясының тікелей қолқа артериясынан басталуы және оның келтелігі де ықпал етеді.
Бүйрек қанмен өте мол жабдықталады, басқа мүшелермен салыстырғанда оған қан 20 есе көп келеді. Мысалы, адамның өр бүйрегіне минут сайын 750 мл қан келеді. Тәулігіне бүйрек тамырларынан 1700 л қан өтіп, оның 170 л мальпигий шумақтарында сүзіледі. Адам денесіндегі 5 л қан тәулігіне бүйректен 200-300 рет өтеді.
Юкстагломерулярлық аппарат
Бүйректе зәр түзуші нефрондармен қатар бозғылт затта орын тепкен ерекше нефрондар да болады. Олардың шумақтары қыртыстық қабат пен бозғылт зат шекарасында (кортико-медулярлық аймақта) жатады, ал нефрон ілгегі бүйрек астаушасына іргелес орналасады. Мұндай нефрондарды юкстагломерулярлық нефрон деп атайды. Юкстагломерулярлық аймақтағы нефрон шумағы ірірек келеді. Олардың қанды әкелуші және әкетуші тамырларының арнасы бірдей болады да, түтікшелер маңында капилляр торын құрмай, шумақтардан тікелей еміздікшелерге баратын қатар-қатар майда артерия тамырларына айналады. Бұл тамырлар бозғылт қабатқа дейін бойлай тарап, қыртыстық қабатқа кері оралады да, капиллярларға тарамданбай ұсақ веналармен тікелей жалғасып, доғалық веналар құрады. Бүйрекке келген қанның 80 пайызы қыртыстық шумақтар, ал 20 пайызы юкстагломерулярлық шумақтар арқылы өтеді.
Юкстагломерулярлық аймақта әрбір 100 шумақтың 12-15 шумағында қанды әкелуші және әкетуші артериялар шумаққа енер не шығар жерде невромиоэпителиальды торшалар кешенімен жанасады да, юкстагломерулярлык, аппарат (ЮГА) деген құрылым түзеді. Бұл құрылым нефронның екінші қатарлы иірімді түтікшелеріне жанаса орналасады. Осы ЮГА ренин гормонын түзеді. ЮГА торшаларында түзілетін заттар альдостеронның бөлінуін күшейтіп, нефрон түтікшелерінің соңғы бөлімдерінде натрий иондарының кері сіңірілуін жандандырады. Бүйректің бозғылт затының аралық (ин~ терстициялық) торшаларында ЮГА өнімдерінің антагонисі болып табылатын простаглаңдиндер бөлінеді. Олар антигипертензиялық әсер етіп, электролиттер мен судың алмасуын реттейді.
Бүйректе көптеген биологиялық белсенді заттар бөлінеді, олар мыналар:
1. Ренин гормоны. Ол бүйрек артериясындағы қан қысымы төмен
десе, қандағы натрий иондарының үлесі азайса бөліне бастайды. Бұл
зат қан тамырлары арнасын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады.
2. Эритрогеин, ол плазмадағы эритропоэтаногенді эритропоэтинге
айналдырып, эритроциттердің түзілуін реттейді.
3. Кининоген, ол нефрон түтікшелерінің дистальдық бөлігіндегі
қалын дақ аймағында түзіліп, кининогенді кининге айналдырады.
4. Медуллин (простагландин А) бүйректің бозғылт қабатында түзіліп,
бүйректегі қан айналуды жақсартады, қанның бүйректік қыртыстық
қабаты мен бозғылт затының арасында таралуын реттейді, натрий
иондарының бөлінуін күшейтіп, ангиотензиннің тамыр тарылтатын әсерін әлсіретеді, тамырларды кеңейтеді.
5. Уриназа - плазминоген әрекетін жандандырады, фибринді
ерітеді.
6. Д3 дәрмен дәрісі - бүйрек түтікшелерінде кал ий мен анорганикалық фосфордың кері сіңірілуін реттейді, кальцийдің ішектен сорылуын жақсартып, сүйектің қатаюына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |