Эритроциттің құрылысы мен құрамы. Эритроцит - ядросысыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядросынан сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мұның биологиялық мәні мынада: жасуша ядросының орнын оттегін тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритроцит өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегін жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді.
Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұксайды: оның диаметр 7,2-8,0 мкм, қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі (аумағы) үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады.
Эритроцит бетінің ауданы 140 мкм2. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса, олардың ауданы 3000 м2 болар еді. Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі тінге жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметін орындауға қажет биологиялық құрылым.
Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар, сырт жағынан белок пен липоидтан тұратын мембранамен қапталған. Эритроцит мембранасы иондарды іріктеп өткізеді. Мембрананың Na+, K+ , Са2+ катиондарына өтімділігі өте нашар, ал С1 және НСО3 - (көмір қышқыл аниондары), сутегі және гидроксил (ОН) иондары тез өтеді. Сондықтан эритроцит пен қан плазмасының минералдық құрамы бірдей емес. Эритроцитте калий иондары басым, ал плазмада керісінше, натрий иондары көбірек.
Лейкоциттер
Бір литр қанда 4,5-9x109/л лейкоцит болады. Лейкоцит (leucocytus) қанның ақ жасушасы (leuco - ақ, cytus - жасуша). Эритроциттен айырмашылығы - ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып (псевдоподий) қозғалады.
Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді. Лейкоцит санының көбеюі қан жасушаларының түзілуіне, қан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мәселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (қатты шаттану, зорығу т.б.) салдары болуы мүмкін: эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да қан түзілетін ағзаларды тітіркендіреді (қоздырады). Бірақ лейкоцитоз қан түзілетін ағзалар қызметінен (лейкопоэзден) тысқары жағдайда да болады. Мұндай лейкоцитоз салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады. Салыстырмалы лейкоцитоз - қан мөлшерінің барлық қан тамырларында бірдей еместігінің салдары. Тамыр кеңейіп, қан мөлшері көбейіп оның жылжуы баяулайды, тамыр қабырғасы мен лейкоциттер арасында үйкеліс күшейеді де, лейкоциттер бөгеліп олардың саны көбейеді. Қан тамыры тарылып, оның ішіндегі қанның ағысы күшейсе лейкоцит саны азаяды. Физиологиялык, лейкоцитоздардың көбі аралас, әр текті келеді.
1. Ет тектес (миогенді) лейкоцитоз - қара жұмыс істеген кезде пайда болады. 2. Тамақ ішкеннен кейін пайда болатын лейкоцитоз ас қорыту лейкоцитозы деп аталады.
3. Жүкті әйел лейкоцитозы.
4. Жаңа туған бала - нәресте лейкоцитозы.
5. Статикалық лейкоцитоз шалқасынан жатқан адам ұшып тұрған кезде пайда болады.
Ауру-сырқауға ұшыраған жағдайда лейкоциттердің саны көбейіп кейде эритроциттердің санымен бірдей болуы мүмкін. Мұндай қан "ақ қан" - лейкемия деп аталады. Лейкоциттер саныныц азаюы да көбінесе ауруға байланысты болады (абсолюттік лейкоцитопения).
Лейкоциттердің маңызы
Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады. Лейкоциттің ең басты қызметі - оның фагоцитоздық қабілеті. Бұл И.И.Мечников зерттеулерінен белгілі.
Фагоцитоз - грекше phagien – обыру, жұту, қармалап алу cytus-жасуша. Басқаша айтқанда кармалап алатын жасуша қорытады. Демек, фагоцитоз деп денеге келіп түскен бөгде заттарды, мәселен, микробтарды лейкоциттер аяқтарымен қармалап алып ішне енгізіп ферменттермен қорытады.
Тромбоциттер
Тромбоцит - қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не сопақша құрылым, диаметрі 0,5-4 мкм (эритроциттен 2-8 есе кіші). Сау адамның 1 л қанында 180-320х109/л тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады.
Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген ферменттерден, олардың ішінде АҮФ және лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11-шақты қанды ұйытатын түрткілердан тұрады. Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді.
Қан жүйесі және оның peттелісі
Қан жүйесіне қан жасушалары түзілетін, олар бұзылатын ағзалар және қанның өзі жатады (Ланг).
Қан жасушалары сүйек кемігінде (жілік майында) жасалады. Лимфоциттердің әрі қарай дамуы, жетілуі лимфоидтердің тіндерде лимфа түйіндерінде, тимуста ішекте, бадамша бездерде өтеді. Эритроциттердің пісіп жетілуі, жарылуы - эритропоэз, лейкоциттердікі - лейкопоэз, сондай-ақ тромбоцитопоэз үздіксіз өтіп жататын үрдістер.
Тәулік сайын қан жасушаларының біразы бұзылады, ыдырайды, олардың орындарын жаңа, жас жасушалар басады. Эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер саны биологиялық константаларға жатады. Қан ағынына шыққан ең жас эритроциттер ретикулоциттер деп аталады, олардың саны сау адамда эритроциттердің жалпы санының 1%-нен көп емес. Ретикулоцит протоплазмасында арнайы бояумен боялатын торлы зат болады. Бұл зат, эритроциттер сүйек кемігінен шыққан соң 20-40 сағат өтісімен, яғни эритроцит жетілген соң жойылады. Ретикулоциттер санының көбеюі қанға толық жетілмеген эритроциттердің шыққанын көрсетеді. Эритроцит қанда 120 тәулік, ал, лейкоцит бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жасайды. Кейбір лимфоциттер адам қанша жасаса сонша жасайды. Ал тромбоциттердің тіршілігі 8-11 тәуліктен аспайды. Эритроциттердің көбі көкбауырда, біразы бауырда ыдырайды. Жарылып ыдыраған эритроцит құрамындағы темірдің 95%-ы қайтадан пайдаланылып, жаңа эритроциттің құрамына кіреді. Эритроциттер 3 түрлі жолмен ыдырайды. Ең жас эритроциттер қан ағысына ілесіп жүріп жарақаттанады да ұсақ бөлшектерге бөлінеді (фрагментация), қанда ең тұрақты эритроциттер ғана қалады. "Кәрі" эритроциттерді мононуклеарлы (бір ядролы) фагоциттік жүйе (МФЖ) қармағы жұтып жібереді (фагоцитоз), МФЖ бауыр мен көкбауырда көп болады. Кейбір көне эритроциттер қанның өзінде гемолизге ұшырайды.
Лейкоциттер де жаңарып отырады. Олардың көбі қан тамырынан тысқары шығатын болғандықтан ішек-қарын, ауыз, көздің, шырышты қабығынан өтіп, сыртқа шығады.
Қан жүйесінің қызметін реттеу. Қандағы ыдыраған эритроциттер саны әрқашан жаңадан қанға келіп түскен эритроциттер санына сәйкес келуге тиіс. Бұл сәйкестік жүйке жүйесі және қан (гуморалдық заттар) арқылы реттеліп отырады.
Көптеген тәжірибелерге қарағанда симпатикалық жүйке қан жасушаларының түзілуін тездетсе, парасимпатикалық жүйке (кезеген жүйке) оны керісінше тежейді.
В.Н. Черниговский, А.Я. Ярошевский қабылдағыштардың қан түзілетін ағзаларда қалай орналасқанын, сол ағзалардың жүйке жүйесімен қалайша екі жақты байланыс жасайтынын анықтады. Қан түзілетін ағзалардың жағдайы өзгерсе, тиісті рецепторлар арқылы хабар бірден орталық жүйке жүйесіне жетеді. Ал одан шыққан серпіністер тиісті бұйрықтар арқылы қан түзілетін ағзаларға бағытталады. Рефлекстік әсерленіске гипоталамус, гипофиз және вегетативтік жүйке жүйесі қатысады. Қан түзілу үрдісіне эндокриндік бездер де әсер етеді. Қан түзілуін гипофиз (СГГ, АКГГ) бүйрекүсті безі, қалқанша без гормондары шапшаңдатады. Аналық без гормондары эритроцитопоэзді тежейтін болса, ер адам гормондары керісінше, оны үдетеді.
Жүйке жүйесі, эндокринді бездер қан түзілуіне (гомопоэзге) көбінесе гормондар арқылы әсер етеді. Эритропоэтин, лейкопоэтин тромбоцитопоэтин (глюкопротеидтер) негізінен бүйректе, сондай-ақ бауырда, көкбауырда түзіледі. Қанда оттегі жетіспесе (гипоксии) эритропоэтин рефлекстік жолмен көбейеді.
Лейкопоэзді лейкопоэтин үдетеді. Лейкоциттердің саны азая бастаса, рефлекстік жолмен лейкопоэтин саны көбейе түседі.
Тромбоциттер түзілуіне тромбоцитопоэтиндер әсер етеді. Қан жасушаларының түзілуіне В12, В15, С витаминдері қатысады.
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері
Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің (гемоглобинмен оттегі қосындысы ННвО2), вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемоглобин мен көмір қышқылды газдың қосындысы - ННвСО2) көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин (ННвСО) түзіледі де, қанның түсі қызыл күрең (таңқурай түсті) тартады. Күкіртсутек (H2S) әсерінен сульфгемоглабин түзілсе қан қарайып кетеді. Гемоглобиннің оттегімен тұрақты қосындысы метгемоглобин қосындысынан қан қоңыр түске боялады. Қанның иісі оның құрамындағы тез буланатын май қышқылына байланысты, дәмі түзды, м. с. 1,050-1,060, плазманың м. с.-нан (1,025-1,035) жоғары, бірақ эритроцит тығыздығынан (1,090) төмен.
Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәресте қанының меншікті салмағы едәуір басым (1,060-1,080). Меншікті салмағы негізінен қанда эритроциттердің аз-көптігіне байланысты. Ол тұрақты көрсеткіштердің бірі, бірақ кейбір физиологилық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейіп м. с. артады. Жаздың өте ыстық күндерінде адам қатты терлейді де оның қаны қойылып салмағы артады. Қара жұмыс істеп, қатты терлесе (әсіресе ыстық цехта) қанның меншікті салмағы 1,070-1,077-ге жетуі мүмкін. Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады. Науқас адам жиі-жиі құсса не оның іші өтсе қанда су мөлшері азаяды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тінаралық сұйықтыққа толып кетеді де қан сұйылады, яғни оның тығыздығы азаяды.
Қанның келесі физикалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарына, әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.
Жаңа туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай оның қаны қойылып, эритроциттер саны көбейеді де, қан тұтқырлығы 10,0-14,8-ге жетеді, біріқ 5-6 күннен кейін 8,6-8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген баланікімен теңеледі (4,6-5).
Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі - осмостық (итерме) қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасына мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетін итерме күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы (бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ерітіндінің осмостық мөлшері мен осмостық қысымының аз-көптігі еріген бөлшектердің химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, еріген заттардың иондар саны неғүрлым көп болса, оның осмостық қысымы соғұрлым жоғары болады. Қанның осмостық қысымының 60%-і ас тұзы (NaCI) иондарына байланысты. Плазма құрамында белок көп (7,2-8,5%). Бірақ оның молекулалары ірі болатындықтан саны бейорганикалық зат иондарының санынан аз, сондықтан қанның жалпы осмостық қысымының 1/200 бөлігі ғана белок қысымына байланысты. Қанның осмостық қысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Әдетте қанның қату температурасы А (депрессия көрсеткіш) 0,56°С-0,58°С. Бұл шамада қанның осмостық қысымы 7,5-7,6 атмосфераға тең, ал СИ жүйесі бойынша 302-310 м.осм/л. Қан жасушалары мен плазманың осмостық қысымдары бірдей (тең). Қанның белок молекулалары тудыратын онкос (ісінді) қысымы коллоидтық-осмостық қысым деп аталады. Ол 0,02-0,03 атмосфераға не сынап бағанасы бойынша 25-30 мм-ге тең. СИ жүйесі бойынша 2,0-2,1 м.осм/л. Онкостық қысым аз, бірақ оның қан-тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде зор мәні бар. Белоктардың гидрофилдік (су ұстап түру) қасиеті өте жоғары. Бұл қысым белгілі бір деңгейге жетісімен плазма сұйықтығының сыртқа шығуы тоқтайды да тіндегі судың қан тамырына өтуі үдейді, сондықтан тамырдағы қанның көлемі плазмалық белок мөлшеріне байланысты. Сумен бірге ондағы еріген заттар мембраналар арқылы қанға, лимфаға немесе кері қарай тінге өтеді, яғни тіршілікке өте қажет сіңіру, сыртқа шығару үрдістері қандағы белок деңгейіне де байланысты.
Осмостық қысымы қанның қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық ерітінді деп аталады. Мысалы жылы қандылар үшін 0,85-0,9% NaCI ерітіндісі, салқын қандылар үшін 0,65%. Бұл ерітінділер физиологиялық ерітінді деп те аталады. Қанға қарағанда тұзы аз болса, гипотониялық ерітінді дейді. Мұйдай ерітіндіде су тіндерге қарай өтетін болғандықтан олар ісіп кетеді. Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде жасуша құрамындағы су сыртқа шығады да жасуша бүрісіп қалады. Сонымен осмостық, онкостық қысымдар, тіршілік үрдістердің барысына тікелей әсер етеді. Жасушалар өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.
Адам қанының осмостық қысымы - бірден-бір тұрақты көрсеткіш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың бірі қан және тін иондарымен судың ара-қатынасы. Суды сіңіріп немесе қанға өткізуде эритроциттер маңызы өте зор. Эритроциттер микроосмометр ролін атқарады. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты ағзаларға жеткізеді, яғни эритроциттерді контейнер және тасымалдаушы ретінде тануға болады.
Осмос гомеостазын қамтамасыз ететін арнайы әрекеттік жүйе бар, оның бөлімдері осмостық қысымының өзгеруіне өте сезімтал келеді. Осмостық қысымды қан мен лимфа тамырларының және орталық жүйке жүйесі - гипоталамус қабылдайды да рефлексті түрде иондардың артығы көбінесе бүйрек арқылы сыртқа шығарылады, ал иондар қанда аз болса, олардың бүйректе қайта сіңуі күшейеді.
XIX ғасырдың аяғында Гамбургер қанның осмостық тұрақтылығын сақтауда, зат алмасуы барысында түзілген өнімдер мен суды, артық тұздарды уақытында сыртқа шығарып отыруда бүйрек т. б. ағзалардың айрықша мәні бар екенін дәлелдеді. Ол жылқының венасына 7 л күкірт қышқылды натрийдің 5%-тік ерітіндісін құйып тәжірибе жасады. Мұның нәтижесінде осмос қысымы көтерілмейтінін, тіпті өзгерместен бұрынғы қалпында қалатынын, бірақ ерітінді құйған соң 8-10 минут өтісімен аталған тұз ерітіндісі бүйрек арқылы яғни несеппен бірге сыртқа шығатынын байқады.
Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-6
ӘДЕБИЕТ:
Негізгі:
-
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.
-
Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.
-
Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.
Қосымша:
-
Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.
Орыс тіліндегі әдебиеттер:
Негізгі:
1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.
2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.
3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.
4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.
5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология
человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.
Қосымша:
-
Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.
-
Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.
-
Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.
-
Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.
-
Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.
-
«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.
-
Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .
-
3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.
-
Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.
-
Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.
-
Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .
-
Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.
Бақылау сұрақтары(кері байланыс):
-
Гемоглобин түрлерін атаңыз.
-
Кальцийдің қатысуымен қан ұю қандай стадияда жүреді?
-
Агглютиногендер қай қан тобында кездейпейді?
-
Осмотикалық гемолиз эритроциттері қандай концентрациялы қышқылда жүреді?
-
Гепарин қандай қасиеттерге ие?
-
Гемолиз эритроциттерінің қандай түрі қанның тасымалдануы дұрыс болмағанда пайда болады?
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Кредит № 1.
№ 7 Дәріс.
Tақырыбы: Жүрек, оның гемодинамикалық қызметі. Қан айналымының реттелуі.
Мақсаты: жүрек бұлшықетінің негізгі физиологиялық қасиеттері туралы білім беру, жүрек бұлшықетінің автоматия механизмін түсіндіру, қанның қан тамырларында бөліну механизмін түсіндіру, артериялық қысымды тіркеуді үйрену және жүрек әрекетінің сыртқы көрінісін анализдеу.
Дәріс тезисі:
Қан айналым жуйесінің филогенезіне сипаттама
Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.
Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан тамырлары - артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды - веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.
Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен түрады.
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала
келіп, ұсақ тамырларға - артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні Ұлпалар береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқылгазды сіңіріп, вена қанына айналады.
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
Жануарлар әлемінде қан айналым жүйесінің екі түрі кездеседі: тұйықталған және тұйықталмаған (ашық) жүйелер.
Тұйықталған жүйеде қан тұйық кеңістікте (қуыста) айналып отырады, одан шықпайды, жүректен ұлпалар мен мүшелерге арнаулы арналармен (тамырлармен) жеткізіледі де, сол қуыстан шықпай жүрекке қайта оралады. Мұндай қан айналым жүйесі - буылтық құртгарға, бас-аяқты моллюскаларға (былқылақ денелілерге), тікенек терілілер мен хордалы жануарларға тән. Бұл жүйе қан айналым қуыстарында айтарлықтай үлкен қысымның қалыптасуын, қаннынң әр түрлі мүшелер арасында таралуын, жүрекке шапшаң оралуын қамтамасыз ететін механизмнің болуымен ерекшеленеді.
Тұйықталмаған қан айналымдық жүйеде жүретген басталатын қан тамырлары денеде ашылып (үзіліп), қан ұлпалар мен мүшелерді шаймалағаннан соң ғана тамырлар арқылы кері - жүрекке оралады. Мұндай қан айналым жүйесі буын аяқтыларда, былқылдақ денелілерде (бас-аяқтылардан басқа) жөне қабықшалыларда дамыған. Тұйықталмаған жүйеде қысым төмен болады, мүшелерге қан бірдей деңгейде таралмайды жөне жүрекке баяу оралады.
Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Оларда қан ірі веналардан тұрады.
Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады.
Жүрек етінің құрылымдық ерекшеліктері
Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықтары, ал екіншісі - жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өткізгіш ет талшықтары.
Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына ұқсас. Оның саркоплазмасында актин және миозин протофибрилдерінен құралған миофибриллалар болады. Жүрек еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу. Бұл екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу процесі кезінде саркоплазмалық тордан кальций иондары саркоплазмаға шығады. Миокардта бұл иондар саркоплазмадан кері бағытта да өте алады. Саркоплазмадағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек етінде қаңқа етімен салыстырғанда аэробты процестер басымырақ болады және ол шабандау жиырылады.
Миокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме табақша - нексус арқылы қосылады да, біртутас тор, немесе синцитий, құрайды. Бұл ендірме табақшалардың электрлік кедергісі өте төмен, сондықтан бір жасушада пайда болған қозу көрші жатқан жасушаға оңай беріледі. Осының арқасында миокард әрекетінде біртұтастық қасиет пайда болады.
Жүректің бейқалып (атипті) элементтерінің де өзіне тән ерекшелктері болады. Олардың көлденең жолақтары сиректеу, гликогені мен саркоплазмасы мол. Бұл элементтер негізгі ет талшықтарынан дөнекер ұлпалы қабықпен шектеледі. Осы атиптік ұлпа элементтері жүректің белгілі бір бөліктерінде түйіндер мен шоқтар құрып, жүректің өткізгіш жүйесін түзеді. Өткізгіш жүйені Кис-Фляк (синус, жүрекше), Ашофф-Тавар (жүрекше - қарынша) түйіндері, Гис шоғыры, Гис сабақтары жөне Пуркинье талшықтары құрайды. Өткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.
Жүрек етінің үшінші құрылымдық ерекшелігі онда қабырғалық (интрамуральдық) нерв түйіндерінің болуында. Бұл түйіндер алғаш рет 1838 жылы Ремак еңбектерінде, кейінірек Людвиг (1848), Бид-дер (1852), Догель (1895) зерттеулерінде суреттелген. Олар жүрекше қабырғаларында, жүрекше аралық пердеде және қарынша ертерінің табан (жоғарғы) бөлігінде орналасады. Бұл түйіндер кезеген нервпен тығыз байланысты және қозғағыш не сезімталдық қызмет атқарады,
Жүрек етіне физиологиялық қасиеттері
Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық, автоматия және рефрактерлік касиеттері тән.
Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар айырмасы туыңдайды. Миокард жасушаларында (кардиомиоцитгерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).
Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет жасушалары - пейсмекерлерде - пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай барлық ет талшықтарына жая таратады.
Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасьшен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен - 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 - 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттерінде қозудың 4,7- 5 м/сек жылдамдықпен тарайтынын айтып өтейік.
Жиырылғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бұлшық еттермен салыстырғанда шабандау – баяуырақ жиырылады.
Автоматия. Жүрек етінің сыртқы әсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқыңдарының ықпалымен жұмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызмеііне байланысты.
Рефрактерлік - қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолюггік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын пголық рефрактерлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргііике жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |