ДӘрістердің комплексі fis 1209


Мидың түпкі (базалдық) түйіндері



бет6/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.72 Mb.
#19934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Мидың түпкі (базалдық) түйіндері

Ми сыңарларының маңдай бөлімінде, оның түп жағына жақын ақ заттар ішінде екі бөліктен тұратын сұр түйін - жолақты дене (corpus striatus), солғын шар (globus pallidium) орналасқан. Бұлар таламус астындағы ядро (люкс денесі) және ортаңғы мидың дофаминэргиялық қара затымен қосылып, біртұтас стриопаллидарлық (жолақты жамы-лғы) жүйе құрады.



Жолақты дене ұсақ нейрондардан құралған құйрықты ядро (n.caudatus) мен қабықтан (қауыз - putamen) тұрады. Бұл құрылымдарға ми қыртысының сезім-қимыл, көру, дыбыс есту аландарынан, таламустың бейарнамалы ядроларынан, қара заттың дофамин бөлетін құрылымдарынан афференттік серпіністер келеді. Ал солғын шар үлкен нейрондардан тұрады. Бұлардың талшықтары аралық ортанғы мидың, әсіресе қызыл ядро арқылы стриопаллидарлық жүйенің эфференттік жұлынға баратын жолын құрады. Мұнымен қатар солғын шардың ішкі ядроларынан эфференттік серпіністер таламустың превентральдық және вентролатеральдық ядролары арқылы ми қыртысының қозғалыс алаңына барады. Сонымен жолақты дене мен солғын шар арқылы ми қыртысының сезім, қозғалыс алаңдары таламуспен ілмек тәрізді көптеген тура және кері байланыстар жасайды. Осылардың арқасында түпкі түйіндер ми қыртысының сезім және қимыл алаңдарымен қосылып мидың қимыл рефлекстерін үйлестіру (координациялау) қызметіне және ерікті, еріксіз әрекеттеріне қатысып, оларды бірлестіреді (интеграциялайды).

Лимбиялық жүйе

Бұл жүйенің аты латынның limbus - жиек деген сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршаған құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан-жағында орналасқан: белдеуші қатпар (gyruscinguli) теңіз жылқысы қатпары (gyrus hippocampi), мин­даль (бадамша) тәрізді кешен (комплекс), күмбез (fornix), гиппокамп, мамиллярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет жағынан таламустың алдыңғы ядролары мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса күрделілігін көрсету үшін 1952 ж. П.Д.Мак-Лин (америка ғалымы) оларды бір лимбиялық жүйеге біріктіреді.



Ежелгі және ескі қыртыс

Ми сыңарлары қыртысы алдыңғы мидың құрамына кіреді. Алдыңғы ми сұр және ақ құрылымдардан құралған екі үлкен жарты шардан тұрады. Бұлардың нейрондары (сұр құрылым) шардың сыртына (бет жағына) жиналып қалындығы 1,5-3 мм қыртыс қабатын құрады. Ал шардың ішін ақ құрылым - ми қыртысы нейрондарының талшықтары және ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерін, жұлынды байланыстыратын талшықтар толтырады. Бұлар атқаратын қызметтеріне байланысты ассоциативтік (үластырушы), комиссуралдық (байланыстырушы), проекциялық (жобаланыс) болып үш топқа бөлінеді.



Ми сыңарларының қыртысы

Ми сыңарлары қыртысы тарихи дамуына байланысты ескі (көне) (архикортекс), ежелгі (палеокортекс) және жаңа қыртыс (неокортекс) болыл үш бөлімге бөлінеді. Ежелгі қыртыс құрамына иіс төмпешігі (tuberculum olfactorius), бадам тәрізді дененің сыртындағы аудан және латералдық иіс қатпары кіретін болса, ескі қыртысқа үлкен шардың ішкі бетіндегі құрылымдар: белдеу қатпар (gyrus cinguli), гиппокамп, тісті қатпар (girus dentus) және ішкерленіс иіс пен иінді қатпар жатады.

Ежелгі қыртыс иісті қабылдаумен қатар оған байланысты сақтық иіс-әрекетін қамтамасыз етеді.

Ескі қыртыс вегетативтік әрекеттерді реттейді және тағамдық, жыныстық, қорғаныс инстинктердің орындалуын іске асырады. Эмоцияны қалыптастыруға және мидың еске сақтау қызметіне де қатысады.

Ежелгі және ескі қыртыс гипоталамус, торлы құрылым бірігіп лимбиялық жүйе құрайды. Ол жүйе гомеостазды, жануарлар түрін, өзін-өзі сақтау қызметін де орындайды.

Жаңа қыртыс. Ондағы әрекеттік аймақтар мен орталықтар

Адамның екі жарты шары қыртысының 96%-ы жаңа қыртыс. Жоғарыда көрсетілген 6-шы қабат құратын нейрондық құрылым жаңа қыртысқа тән.



Ми қыртысындағы электрлік құбылыстар

Ми қыртысындағы электрлік құбылыстар ондағы нейрондарда туатын токтар мен түйіспелік потенциалдар жиынтығы. Бұл құбылыстарды адамның бас терісінен жазып алуға болады (электроэн­цефалография). Ми қыртысындағы электрлік потенциалдар электрлік тербетіліс ретінде тыныштық жағдайда, яғни сырттан ешбір әсерсіз де тіркеледі. Бұлардың жиілігі мен амплитудасы әртүрлі.


Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-4

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:



  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

Негізгі:

1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.
Қосымша:


  1. Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.

  2. Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.

  3. Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.

  4. Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.

  5. Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.

  6. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  7. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  8. 3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.

  9. Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.

  10. Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.

  11. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  12. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.


Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

  1. Тізе рефлексінің рефлекторлық доғасының суретін салу.

  2. Қызыл ядро кезеңінде миды кескенде не болады?

  3. мишықтың бұзылу механизмін түсіндір.

  4. Құйрықты ядро функциясының бұзылу белгілерін атаңыз.



«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Кредит № 1.

5 Дәріс.



Tақырыбы: Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиясы.

Мақсаты: Денелік жүйке жүйесінің және вегетативтік жүйке жүйесінің айырмашылықтарын оқу,гормондардың негізгі механизм қызметін түсіну. Негізгі гормон эффектісін,өзгерісін,организмдегі артық мөлшерде және жетіспеуін оқу,гипо және гипергликемикалық комын бөліп үйрену.

Дәріс тезисі:

Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты денелік және вегетативтік деп екіге бөледі.

Денелік жүйке жүйесі (ДЖЖ) қаңқа еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік жүйке жүйесін кейде анимальдық деп те атай­ды. Ал вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ) ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді. Бұл жүйенің аты латынның vegetativus - өсу, өсімдік деген сөзінен алынған. Дегенмен де вегетативтік жүйке жүйесі тек өсімдіктерге тән істерге ғана емес, ол жануарлар мен өсімдіктерге ортақ үрдістерге әсер етеді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері

Вегетативтік жүйке жүйесін денелік жүйке жүйесімен салыстыра отырып, олардың морфологиялық (құрылысындағы) және физиологиялық (қызметіндегі) ерекшеліктерін байқауға болады.

Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері:

1. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде, ал симпатикалық жүйке жүйесі жұлынның кеуде-бел бөліміндегі сегменттердін бүйір ашасында орналасқан.

2. Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері - ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатгикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуысында - шапақ тәрізді түйін, шажырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік (ганглийге дейінгі) талшықтар деп аталады. Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді. Екінші нейрондардың жүйке талшықары серпіністі ганглийден шыққан cоң белгілі бір ағзаға апарады, олар постганглийлік (ганглийден кейінгі) деп аталады.

3. Вегетативтік жүйке денелік жүйке ден әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке талшығы миелинді, оның диаметрі 3,5 мкм. Посттанглийлік талшық миелинсіз, диаметрі 0,5-2 мкм. Парасимпатикалық постганглийлік талшықтар өте қысқа болады.

4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған.

Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері: 1. Вегетативтік жүйкелер негізінен эфференттік жүйкелер. Олар қозуды талшықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді (орталықтан тепкіш жүйкелер). Бірақ вегетативтік жүйкелер ішінде 10%-тей афференттік жүйкелер болады. Соңғы аталғандар қозуды ағза қабылдағыштарынан орталыққа жеткізеді (орталыққа тепкіш жүйкелер).

2. Вегетативтік жүйке жүйесіне-(ВЖЖ) қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне (СЖЖ) қарағанда әлдеқайда төмен-ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары. Мәселен, ВЖЖ хронаксиясы - 3-8, ал СЖЖ хронаксиясы - 0,04-0,75 с. ВЖЖ-нің лабилдігі - 10-15 гц, ал СЖЖ-де - 1000 гц. Осыған орай рефрактерлік кезең ВЖЖ-де өте ұзақ.

3. ВЖЖ-нің талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді. "В" тобына-жататын миелинді талшықтарының қозу өткізу жылдамдығы секундіне 3-18 мс, ал миелинсіз талшықтар "С" тобын құрады, олардың қозу өткізу жылдамдығы 0,5-3 мс.

4. Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинапстық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады (50-80 мс). Денелік жүйке жүйесінде бұл потенциал 15-20 мс-тай. Вегетативтік жүйке жүйесінде әсіресе гиперпо­ляризация фазасы өте созылыңқы келеді (300-1000 мс).

5. Вегетативтік жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу. Біріншіден, қозу жүйке талшықтарынан өте баяу өтеді, екіншіден медиатор жәй бөлінеді және холиностеразаның бесенділігі болғандықтан келесі қозу кеш туады.

6. Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар - ацетилхолин не адреналин бөлінеді. Медиатордың түріне қарай вегетативтік жүйкелер холинергиялық (ацетилхолин бөлетін және адренергиялық (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Холинергиялық жүйкелер тобына: 1) парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер; 2) парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер; 3) симпатикалық постганглийліктер бездерінің жүйкелері жатады. Адренергиялық жүйкелер қатарында симпатикалық постганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік сим-патикалық жүйкелер болады. Сонымен холинергиялық жүйкелер саны адренергиялық жүйкелер санынан әлдеқайда басым. Кейбір жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар (серотонин, гистамин, АҮФ, ГАМҚ т. б.) бөлінуі мүмкін.

Вегетативтік жүйке жүйесінің маңызы

Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама-қарсы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше, оны сиретіп, әлсіретеді. Бірақ бұл - мызғымас зандылық емес: вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімі әрдайым қарсылас (антогонистік) әсер ете бермей кейде антогонизм - абсолюттік емес. Мәселен, ішек жиырылуы күшейіп кетсе, симпатикалық жүйке оны әлсіретеді не тоқтатады, ал ол әлсіреген сәтте әсер етсе, онда ішек қимылы жиілеп күшейе бастайды, басқаша айтқанда жүйке әсері ішектің бастапқы қызмет жағдайына байланысты. Мұнда абсолюттік антогонизм жоқ. Кейде қарама-қарсылық бар сияқты болып көрінеді, бірақ әсер механизмінде бірлік байқалады.

Симпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтедің, парасимпатикалық жүйке оны тарылтады. Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсылық, бірақ парасимпатикалық жүйке де симпатикалық жүйке де көз қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді жиырылтады. Симпатикалық жүйке m.dilatator pupillae жиырылтып көз қарашығын үлкейтсе, парасимпатикалық жүйке m.sphinctor pupillae жиырылтып көз қарашығын кішірейтеді (тарылтады). Сонымен көз қарашығының үлкеюі және кішіреюі осы маңайдағы еттердің жиырылуынан болатын құбылыс. Бұл, механизмде антогонизмнің жоқтығын, керісінше, бірлік барын көрсетеді. Тағы да бір мысал. Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдеріне - синергизм (қосарлас), яғни бірыңғай қимыл жасау тән. Сілекей бөлінуін симпатикалық жүйке де, парасимпатикалық жүйке де үдетеді, екеуі де секрециялық жүйке.

Кейде вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің әсері олардан бөлінетін медиаторлардың және бұлармен әрекеттесетін қабылдағыштар түріне, сондай-ақ дәнекерші заттарды ыдырататын ферменттердің белсенділігіне байланысты.

Вегетативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау), ал парасимпатикалық жүйке ассими­ляция (түзілу) үрдістерін күшейтеді; симпатикалық жүйке зат алмасу қарқынын күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше оны төмендетеді.

Симпатикалық жүйке трофикалық (нәрлендіру) әсер етеді. Мұны бірінші рет тәжірибе жүзінде И.П. Павлов дәлелдеп берді. Жүрек лүпілін күшейтетін жүйкені ол нәрлендіруші жүйке деп атады. Симпатикалық жүйке жүйесінің нәрлендіру әсерін кейін Л.А. Орбели, А.Д. Сперанский зерттеді. Жүйке жүйесінің нәрлендіру әсері әлсіресе, адам денесінде трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін. ВЖЖ әрекеттерді, заттар алмасуы мен қоректенуді өзгерту арқылы да реттейді.

Жұлынның сегізкөз тұстас тармақтарында (сегменттерінде) тіршілік етуге өте-мөте қажет әрекеттерді қамтамасыз ететін зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынасы орталықтары орналасқан.

Вегетативтік жүйке жүйесі орталықтағы басқа бөлімдермен бірлесіп, адамның көңіл-күйін (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны - адрена­лин көбейеді.

Вегетативтік жүйке жүйесі атқаратын қызметтердің бірі - шеткі рефлекстер тууын қамтамасыз ету.

Шеткі рефлекстердің төмендегідей үш түрі бар:

1) Висцеро-висцеральдық (ағза-ағзалық) рефлекстер. Белгілі бір интероқабылдағышды тітіркендірсе, екінші бір ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Мәселен, қуықтың кілегейлі қабығын тітіркендірсе жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін.

2) Висцеродермалық (ағза-тері) рефлекстер. Белгілі бір ішкі ағза қабылдағышын тітіркендірсе, терінің белгілі бір нүктесінің сезімталдығы шектен тыс күшейеді. Мәселен, қарынның кілегейлі қабығында жара болса, адамның 12-ші кеуде омыртқасының артқы өскіні тұсындағы тері өте сезімтал болады да басқан кезде қатты ауырады. Ауруды анықтауда мұндай рефлекстердің үлкен маңызы бар.

3) Дермовисцеральдық (тері-ағза) рефлекстер. Әрбір ішкі ағзаның тері бетімен байланысқан жері бар. Сол жерге әсер етсе, онымен байланысқан ағзаның қызметі өзгереді.

Жатырдың жиырылуын күшейтіп, оның қан тамырларын тарылту үшін құрсақтың (іштің) төменгі жағына мұз қояды.

Вегетативтік шеткі рефлекстер жануардың жұлынын алып тастағанда да сақталады. Сондықтан бұлар вегетативтік түйіндердің қатысуымен орындалуы мүмкін. Кейбіреулердің пікірі бойынша, шеткі рефлекстер тек аксон тармақтары арқылы да орындалады.

Вегетативтік жүйке жүйесі бір кезде автономиялық жүйе деп аталатын. Өйткені ішкі ағзалардың қызметін адам өз еркімен өзгерте алмайды. Адамның еркі (қалауы) – ми қыртысының қызметі, сондықтан ми қыртысы вегетативтік әрекеттерге әсер етпейді деп есептелетін.

И.П.Павлов лабораториясында академик К.М.Быков басқарған ғалымдар ми қыртысының адам денесіндегі барлық ағзаларға, олардағы үрдістерге әсер ете алатынын шартты рефлекс әдісімен және гипноз қолдана отырып, дәлелдеп берді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін гипоталамус, ескі және жаңа ми қыртысының нейрондары бақылайды.

Вегетативтік жүйке жүйесі шеткі ағзалар қызметіне, зат алмасуына ішкі секрециялық (эндокриндік) бездер арқылы да әсер ете алады.

Ішкі ағзалардағы вегетативтік ганглийлерді олардың орталық симпатикалық бөлім деп атайды да ВЖЖ симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық деп үш бөлімге бөледі.


Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-5

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:



  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

Негізгі:

1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.

Қосымша:


  1. Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.

  2. Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.

  3. Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.

  4. Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.

  5. Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.

  6. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  7. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  8. 3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.

  9. Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.

  10. Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.

  11. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  12. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.


Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

  1. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйке жүйесіне синергизм және антагонизм әсері.

  2. Симпатикалық жүйке жүйесінің жүрек бұлшықетіне тигізетін әсері.

  3. Гипертиреозаның негізгі белгілерін атаңыз.

  4. Либерин және статин дегеніміз не?

  5. Гипо және гипергликемиялық команы қалай айырамыз?

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Кредит № 1.

6 Дәріс.



Tақырыбы: Қанның реттеуші, тасымалдаушы қызметтері. Қанның формалық элементтерінің қызметтері.

Мақсаты: қанның негізгі физика-химиялық қасиеттері туралы білім беру, қатты және жұмсақ қан тұрақтылығын айыра білу. Гомеостаз және қан ұю жүйесінің механизмі жайлы білім беру, қан жүйесінің қорғаныштық қызмет механизмін түсіндіру, қанның көрсеткішін анализдеуді үйрену, ЭТЖ, қан топтарын, резус-факторды анықтай білу, қандағы гемоглобиннің концентра-циясын анықтау, қанның жасаушы элементтерін есептеу.

Дәріс тезисі:

Қанның құрамы

Қан сарғылттау келген сұйық зат - плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары - тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары -42-48%-не тең (28-сурет).

Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48%, ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.

Плазманың құрамы. Оның 90-92%-і судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9%-і органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%; 0,9% -1% бейорганикалық (мине­рал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин фибриноген.

Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер сүт қышқылы пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі көмір қышқылды газ, азот болады.

Эритроциттер Эритроцит - (грекше erytros - қызыл, cytos - жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0x1012 эритроцит болады. Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау 3,7-4,5хЮ12. Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0х1012) эритроцитоз аз болуы (3,7-3,9хЮ12 одан да төмен) эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамда да науқастарда да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық болып екі топқа бөлінеді. Сондай-ақ абсолютты эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бap. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшандығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроцитопения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты, бұл қан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс.

Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі - плазманың азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойылады. Осыған орай эритроцит саны (қанның әр мкл-де) көбейеді. Адам қара жұмыс істеген кезде де қанда су азаяды және көкбауырдың жиырылуы күшейеді. Көкбауыр эритроциттер депосы болғандықтан жиырылған сәтте қанға көп мөлшерде эритроциттер шығады.

Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитоз да қанның қойылуына байланысты. Мәселен, қатты іш өткенде онымен бірге сыртқа көп мөлшерде су шығады, кейде су дене қуыстарына (мәселен, плевра жапырақтарының арасына) жиналады. Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қойылады.

Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайған (анемия) науқас адамға тән. Анемия кезінде сүйек кемігінде эритроциттер түзілуі төмендейді не шала жетілген эритроциттер қанға шыға бастайды. Салыстырмалы эритроцитопения қанның сұйылуына байланысты. Бірден шектен тыс көп шай (8-10 кеседен артық) не осынша қымыз ішсе біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін. Бірақ қанда су тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайтын механизмдер денедегі артық суды тез сыртқа шығарады. Адам қансырағанда 1-2 тәулік өтісімен қан сұйыла бастайды, эритроциттер сүйек кемігінде тек 4-5 тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Оған дейін қан тамырларына тінаралық сұйықтықтар өтеді де мұндағы қанның көлемін арттырады, сөйтіп 1-2 күндей қан сұйылған күйінде қалады. Бірден көп мөлшерде изотониялық ерітінді құйса да біразға дейін сұйылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет