Дәрістің мазмұны


Осы қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын



бет36/73
Дата20.09.2022
өлшемі171.37 Kb.
#460976
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Д рісті мазм ны

Осы қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын: “Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттары” деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі: Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні – Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттары.
Жұмыстың мақсаты – Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу, әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тану әдістері мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын тиімді пайдаланса, онда студенттердің ішкі мүмкіндіктерін толығымен пайдалана отырып, өзін-өзі тұлғалық дамыту, өз іс-әрекетін басқару әрекеттері жүзеге асырылады, өйткені оқу-тәрбие үрдісі студенттердің өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні мен болжамына сәйкес алға төмендегідей міндеттер қойылады:

  1. “Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің теориялық негіздерін айқындау.

  2. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттарын негіздеу және ұйымдастырудың теориялық моделін жасау.

  3. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.

  4. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Студенттердің оқу-тәрбие үрдісінде рухани-адамгершілік құдылықтар негізінде өзін-өзі тануы, өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі басқаруы шарттарын қолдану, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне негіз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет