Жеке-тұлғалық даму көрсеткіші (критерийі):
қызығушылықтардың кеңдігі және тұрақтылығы, баға беру, қарым-қатынас, іс-әрекеттен көрінетін жалпымәдени көзқарас;
ойлау, ерік, эмоция деңгейлеріне сипаттама;
өзіне-өзі баға берудің сәйкестігі;
қарым-қатынас, бірге қатысу, бірге қайғыру, бірге қуану деңгейі, басқа адамды түсіну және қабылдау, төзімділік;
өзін-өзі іске асыру деңгейі (шынайы мүмкіншіліктерін іске асыру);
жеке іс-әрекет стилін және мінез-құлық қасиеттерінің көрінуі;
қабылдау, қиял, есте сақтау, эстетикалық талғам, көркемдік интуиция, шығармашылық қабілеттердің дамуы, үйлесімділікке ұмтылу.
Тәрбиелілік көрсеткіші (критерийі):
азаматтық, құқықтық сананың, патриотизмнің, планетарлық ойлаудың, әлеуметтік жауапкершілік пен белсенділіктің қалыптасуы;
адамгершілік идеалы мен адамгершілік іс-әрекеттің қалыптасу деңгейі, тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы;
толеранттылықты, басқа адамдарға көмектесу ұмтылысын дамыту;
жағымсыз әдеттердің болуы/болмауы;
девиантты іс-әрекеттер мен құқық бұзудың фактілері;
сынып ұжымдарының бірігу деңгейі.
Валеологиялық (денсаулық) көрсеткіші (критерийі):
психикалық және тәндік саулықтың деңгейі, жас кезеңі нормасына сәйкес ағзажүйесі мен негізгі қызметтердің даму деңгейі;
аурулар саны;
оқушылардың денсаулық топтарына орналастыру;
денсаулықты сақтау және емдеуге мүмкіндік беретін қызметтердің саны мен сапасы.
Психологиялық жағдай (комфорт) көрсеткіші (критерийі):
ертеңгі күнге деген сенімділіктің, оптимизмнің, қауіпсіздіктің деңгейі, мектепке, қоршаған ортаға, білім беруге деген жағымды/жағымсыз қарым-қатынас, эмоционалдық күйі;
үрейлену деңгейі;
тұлғааралық қарым-қатынас, әлеуметтік қамтамасыз етілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |