Патронат тәрбиешілер
Патронат тәрбиешілердің тәрбиелеуге қабылдап алынған балаға қатысы бойынша қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтары мен міндеттері болады. Оларға Кодекстің 122-бабында көзделген талаптар қойылады.
Патронат тәрбиешілерді іріктеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен патронат тәрбиешілерге қойылатын талаптар туралы қағидаларға сәйкес жүргізеді.
Патронат белгіленетін бала
Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша беру үшін оны алдын ала таңдауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен және баланы күтіп-бағатын ұйым әкімшілігінің келісімі бойынша баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.
Ағалы-інілі, апалы-сіңілілерді ажыратуға, бұл балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
Баланы патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып, жүзеге асырылады. 10 жасқа толған бала оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.
Патронат тәрбиешілерге берілген бала өзіне тиесілі алиментке, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдем ақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын жайға меншік құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын сақтайды. Патронат тәрбиешілерге берілген баланың тұрғын жайы болмаған кезде ҚР тұрғын үй заңнамасына сәйкес оған тұрғын жай берілуіне құқығы бар.
Тәрбиеленушіге тиесілі ақшалай қаражатты және басқа да мүлікті сақтау баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың қолданылу уақытына патронат тәрбиешіге жүктеледі. Патронат тәрбиешілерге берілген бала Кодекстің 60-60 және 67-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.
Патронат тәрбиешілерге берілген баланы күтіп-бағу
Патронат тәрбиешілерге берілген әрбір баланы күтіп-бағуға ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай жасауға, жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім бері жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
11 апта дәріс - Ата-ана мен балалардың алименттік міндеттемелері.
Достарыңызбен бөлісу: |