Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу
Мед.ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрігер берген белгіленген нысандағы туу туралы құжаты болған кезде ата-анасының немесе өзге де мүдделі адамдардың жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі. Бала кәмелетке толғаннан кейін тууын мем-ік тіркеу оның жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.
Өтінішке туу туралы мед.куәлік, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тіркеуші органының туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы хабарламасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, ата-анасының жеке басын, некесін куәланыратын құжаттар, өтініш берушінің жеке басын куәланыратын құжат қоса берілуге тиіс. Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мем-ік тіркеу аумақтық әділет органы бекіткен тіркеуші органның қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу
ҚР аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетелдіктердің балаларының тууын мем-ік тіркеу Қазақстанның аумағында орналасқан тиісті шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде не, егер ҚР мұндай жоқ болса, қызметін қоса атқаратын шетелдегі мекемелерде жүргізіледі.
Шетелдіктердің балаларының тууын мем-ік тіркеу ол жөнінде Жеке адамдар туралы мем-ік дерекқорға мәліметтер енгізілместен және балаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілместен, олардың тілегі бойынша өздерінің тұрақты немесе уақытша тұратын жеріндегі тіркеуші органдарда жүргізіледі.
Баланың туу туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер
Баланың туу туралы акт жазбасына мынадай деректер:
- баланың тууын мем-ік тіркеу күні;
- балаға берілген жеке сәйкестендіру нөмірі;
- баланың туу туралы акт жазбасының нөмірі;
- тегі, аты, қалауы бойынша -әкесінің аты, баланың жынысы, туған күні, айы, жылы, туған жері;
- туған балалардың саны (біреу, егіз немесе одан да көп бала);
- баланың тірі туғандығы туралы немесе баланың өлі туғандығы туралы белгі;
- баланың туу фактісін растайтын құжат туралы мәліметтер;
- баланың заңды мекенжайы;
- ата-аналардың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, жасы, тұрақты тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, азаматтығы, табыс көзі немесе жұмыс орны, білімі, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, олардың ұлты;
- соның негізінде баланың әкесі туралы мәліметтер енгізілген құжат туралы мәліметтер;
- өтініш беруші туралы мәліметтер;
- берілген туу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Баланың тууын мем-ік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген үлгідегі туу туралы куәлік беріледі. Туу туралы куәлік жаңа туған баланың ата-аналарына, басқа уәкілетті адамдарға немесе бала тұратын ұйымның өкілдеріне беріледі. Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда туу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.
Баланың туу туралы куәлігі
Баланың туу туралы куәлігі мынадай мәліметтерді:
- баланың тегін, атын, әкесінің атын, туған күні, айы, жылы мен туған жерін;
- акт жазбасының жасалған күнін және нөмірін;
- жеке сәйкестендіру нөмірін;
- ата-аналарының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
- ата-аналарының азаматтығын;
- мемлекеттік тіркеу орнын (тіркеуші органның атауын);
- туу туралы куәліктің берілген күнін қамтиды.
Әке болуды анықтауды тіркеу
Әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу:
- баланың ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші;
- анасы қайтыс болған немесе жарияланған, анасы психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқығынан айырылған, не оның ата-ана құқығы шектелген, баланың анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда баланың әкесінің өтініші;
- әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі негізінде тіркеуші органдарда жүргізіледі.
Психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының өтініші бойынша әке болуды анықтауға тиым салынады.
Әке болуды анықтауды мем-ік тіркеуді тіркеуші органдар баланың туған жері бойынша, баланың әкесінің немесе анасының тұрғылықты жері бойынша не әке болуды анықтау туралы немесе әкелікті тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі шығарылған жері бойынша жүргізеді. Анасы қайтыс болған немесе оны әрекетке қабілетсіз деп таныған, анасының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда немесе оны ата-ана құқығынан айырған жағдайда, баланың орналасқан жері әке болуды анықтауды тіркеу орны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |