Баланың тууы туралы өтініш беру мерзімдері
Баланың тууы туралы өтініші ата-анасы не басқа да мүдделі адам тіркеуші органға ол туған күннен бастап 2 айдан кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, мед.ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті босанған кезден бастап 5 тәуліктен кешіктірмей береді. 2 ай мерзім өткеннен кейін баланың тууын мем-ік тіркеу ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Бұл өтінішіті ата-аналары немесе олардың біреуі, ал лар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш беру мүмкін болмаған жағдайда, мүдделі адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан мед.ұйымның әкімшілігі жазбаша нысанда береді. Өтінішке ата-анасының жеке басын куәланыратын құжаттардың, неке қию туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі.
Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда: ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анқытама қосымша беріледі.
Егер баланың тууын мем-ік тіркеуге ата-аналары емес, басқа адамдар өтініш берсе, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынуға тиіс. Екі немесе одан да көп баланы мем-ік тіркеу кезінде өтініш әрқайсысына қатысты бөлек беріледі.
Некеде тұрған кезде бойға біткен немесе әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке бұзылғаннан кейін не неке жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мем-ік тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап 280 күннен аспаса, жалпы негізде жүргізіледі.
Баланың тууы туралы акт жазбасына ата-аналары туралы мәліметтерді енгізу тәртібі
Бір- бірімен некеде тұрған әкесі мен анасы туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің өтініші бойынша баланың ата-аналары болып жазылады. Мұндай жазба неке қию туралы куәлік негіз болып табылады. Некеде тұрған және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға өз келісімін жазбаша нысанда берген адамдар, осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туылған жағдайда туу туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады. Суррогат ана болу шартына сәйкес бала туылған жағдайда, ерлі-зайыптылар туу туралы актілер жазбасының кітабында оның ата-аналары болып жазылады.
Бала тууды тіркеу кезінде, егер ата-аналарының арасында неке бұзылған, оны сот жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда, бірақ неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған кезден бастап 280 күн аспаса, анасы туралы мәлімет Кодекстің 187-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде, баланың әкесі туралы мәлімет неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің, әкесінің қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде енгізіледі.
Егер бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныан күннен бастап 280 күн өткеннен кейін туса, бұрынғы жұбайы әке болуды анықтау туралы актілер жазбасының негізінде ғана баланың әкесі болып жазылуы мүмкін.Босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адам жазбаша мойындаған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болған кезде әке болуды анықтауды тіркеу кезінде баланың әкесі болып осы адам жазылады.
Егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса, анасы туралы мәлімет Кодекстің 187-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі. Мұндай жағдайда әкесі туралы мәліметтер:
- егер баланың тууын мем-ік тіркеумен бір мезгілде әкесі белгілі болған және тіркелген жағдайда, әке болуды анықтау туралы актілер жазбасының негізінде;
- егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған анасының өтініші бойынша енгізіледі. Тууды жазу кітабында баланың әкесінің тегі- анасының тегі бойынша, баланың аты мен әкесінің аты оның көрсетуі бойынша жазылады. Енгізілген мәліметтер әке болуды анықтау туралы мәселені шешуге кедергі болып табылмайды. Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының тілегі бойынша туу туралы актілер жазбасына енгізілмеу мүмкін.
- өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның өтініші бойынша, оған баланың анасының келісімі болған кезде енгізіледі.
Анасы туралы мәліметтер Кодекстің 187-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі, әкесі туралы мәліметтер осы адамның көрсетуі бойынша жазылады.
Бұдан әрі баланың анасы туралы туу туралы акт жазбасына енгізілген баланың әкесі туралы мәліметтермен келіспеген кезде түзетулер белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |