Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет29/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою
Азаматтық хал актілерінің жазбасы:
- сот шешімінің негізінде;
- мүдделі адамдардың өтініші бойынша;
- жойылуға жататын бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайтадан жазылған жазбаны тапқан тіркеуші органның бастамасы бойынша жойылуы мүмкін.
АХА жазбаларын жою туралы өтініш сотқа немесе өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға, ал шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматтарының, АХА ҚР тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері ҚР шетелдегі мекемелері арқылы жойылуға жататын акт жазбасының сақталу орны бойынша тіркеуші органға беріледі.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою, жойылуға жататын жазба жасалған жер бойынша жүргізіледі.
Жеке адамдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтау міндеті
Жеке адамдар Кодексте белгіленген азаматтық хал актілерін мем-ік тіркеу тәртібін сақтауға міндетті. Тіркеуші органдарда АХА ҚР заңында белгіленген мерзімде мем-ік тіркеу міндеті азаматтарға жүктеледі. АХА тіркеу кезінде некеге отыруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасыруға немесе жалған мәліметтер беруге тиым салынады.
Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды некені бұзуды тіркеуге, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтауға, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге жол берілмейді.
Тууды тіркеу
1) Баланың тууын тіркеу үшін туу туралы мед.куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
Мед.ұйымнан тыс жерде, оның ішінде үйде босанған жағдайда, туу туралы мед.куәлікті анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес босанғаннан кейін ол өтініш жасаған мед.практикамен айналысатын жеке адам ресімдейді.
Мем-ік тіркеу кезінде дәлелді себеп бойынша ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-ансы туралы мәліметтер неке қию туралы куәлікке не осы тіркеуші органдағы неке қию туралы акт жазбасына сәйкес толтырылады. Ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі, ұлты туралы АХА жазу кітаптарындағы ата-аналары туралы жазба Кодекстің 50,51 және 65 баптарына сәйкес жүргізіледі.
Баланы суррогат ана туған жағдайда туу туралы мед.куәлік тіркеу үшін негіз болып табылады.
Баланың туу туралы мед.куәлігі баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді(тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ баланың туған күнін, айын, жылын және жынысын, құжаттың берілген күнін қамтуға тиіс. Куәлік мед.ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен расталуға тиіс.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың бала тууын, сондай-ақ суррогат ана туған баланы мем-ік тіркеу жалпы тәртіппен жүргізіледі. 1 жағдайда көрсетілген тууды мем-ік тіркеу үшін негіз болмаған кезде баланың тууын мем-ік тіркеу осы әйелдің баланы туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны
Бұл баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Ата-анасының тұрғылықты жері олардың заңды мекенжайына сәйкес айқындалады. Егер ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса, ортақ баланың тууы өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелуі мүмкін. Баланың тууын тіркеу туралы өтінішпен бір мезгілді әке болуды анықтау туралы өтініш беріледі. Туу туралы актінің жазбасында баланың туған жері болып тууды мем-ік тіркеу кезінде қабылданған ҚР әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туған жерінің атауы көрсетіледі.
ҚР тыс жерлерде туған баланың тууын мем-ік тіркеу ҚР дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемесінде не ата-анасының немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша Кодексте белгіленген мерзімде тіркеуші органда жүргізіледі. Баланың тууын ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеген жағдайда баланың туған жері болып осы елді мекен көрсетіледі.
Экспедицияларда және тіркеуші орган жоқ шалғай жерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда болған уақытында туған баланың тууын мем-ік тіркеу ата-анасының немесе олар тұрғылықты жеріне қайтып келген соң олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі. Мұндай жағдайда баланың туған жері болып баланың тууын мем-ік тіркеу жүргізілген әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет