Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет33/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Баланың ата-аналарының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу
Бұл өтініш баланың туған жері бойынша немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі. Бірлескен өтініш беру қиын болған жағдайда баланың әкесі мен анасы тіркеуші органға жеке-жеке өтініш бере алады. 2) Егер ата-ананың біреуі дәлелді себеппен әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу үшін тіркеуші органға өзі келе алмаған жағдайда, оның өтініштегі қолтаңбасы нотариатта куәландыруға тиіс.
3) Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы өтініш беруі бала туғаннан кейін мүмкін болмайтын немесе қиындық туындырған жағдайда, әлі тумаған балаға қатысты бірлескен немесе бөлек өтінішті тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға мед.анықтамамен расталған анасының жүктілігі кезінде алдын ала беруге рұқсат етіледі. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады. Мұндай өтінішті баланың ата-анасы әке болуды анықтайтын мем-ік тіркеу жасалғанға дейін кез келген уақытта қайтарып алуы мүмкін.
Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтінішімен бірге ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлігі, ал мұндай өтініш бала туғанға дейін берілген жағдайда мед.ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын мед.анықтама ұсынылады. Егер әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу тууды мем-ік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігін қоса беру талап етілмейді. 2 және 3 көзделген жағдайларды қоспағанда, әке болуды анықтауды тіркеуші орган ата-анасының екеуінің қатысуымен өтініш берілген күні жүргізіледі.
Ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініш кезінде балаға тегін, әкесінің атын беру. Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші кезінде баланың тегі-ата-анасының келісімі бойынша, ал келісім болмаған кезде сот тәртібімен айқындалады. Баланың таңдап алынған тегі әке болуды анықтау туралы өтініште көрсетілуге тиіс.
Баланың әкесінің аты, оның ішінде кәмелетке толған балаға да қатысты, егер оның тарапынан қарсылық болмаса, әкесінің аты бойынша өзгертіледі. Баланың туу туралы акт жазбасында бұрын көрсетілген (анасының көрсетуі бойынша) баланың әкесінің аты баланың әкесі деп танылған адамның атымен сәйкес келмеген жағдайда, тіркеуші орган әке болуды анықтауды мем-ік тіркеуден бас тартуға құқылы емес. Егер баланың ата-анасы ол туғаннан кейін некеге отырса, әке болуды анықтауды мем-ік тіркеместен, әкесі туралы мәліметтерді баланың туу туралы акт жазбасына енгізуге жол берілмейді.
Өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның өтініші бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу. Бұл адамның өтінішіне оның жеке басын куәландыратын және анасының болмауының мән-жайыр растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлік; психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу туралы сот шешімі; анасының тұрғылыұты жерін анықтаудың мүмкін еместігі туралы анықтама қоса беріледі.
Баланың тегі өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның өтініші бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органның келісімімен айқындалады. Бланаың әкесінің аты, оның ішінде кәмелетке толған балаға да қатысты, егер оның тарапынан қарсылық болмаса, әкесінің аты бойынша өзгертіледі.
Әке болуды анықтау, әкелікті тану фактісі және әке болу фактісі туралы сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу. Бұл жағдайда мем-ік тіркеу анасының, әкесінің немесе қорғаншысының не қамқоршысының өтініші бойынша жүргізіледі.
Өтінішке соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат және баланың туу туралы куәлігі қоса беріледі. Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әкелікті тану фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешімнің көшірмесін ол заңды күшіне енген күннен бастап 3 күн мерзімде сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет