Неке(ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы Кодексінде отбасы құқығы некеге(ерлі-зайыптылық) тұру шарты мен тәртібін, некені(ерлі-зайыптылықты) тоқтату мен оны жарамсыз деп тануды қарастырады. Анықтаманың бұл бөлімінде отбасы құқығының пәні өзгеріске ұшыраған жоқ. Бұдан әрі отбасы құқығы келесілерді реттейді: - ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың және отбасы заңында қарастырылған басқа да туыстардың арасындағы жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастарды; - ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру нысаны мен тәртібін анықтайды. Отбасы құқығындағы заңдық фактілер мен олардың түрлері. Отбасы құқығы үшін оқиға мен әрекеттен басқа, отбасы құқығы мен міндеттерінің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына негіз болып табылатын өзіндік жағдай - фактілік-жағдайлар тән. Фактілік-жағдайлар ретінде туыстық, неке, бала асырап алу және т.б. сияқты қоғамдық қатынастар түсіндіріледі. Фактілік-жағдайлардың келесі ерекшеліктері бар: - бірнеше мәрте отбасы құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына (кей кезде өзгеруі) негіз болады; - заңдық фактілік-жағдай ретінде оның мағанасы ол тоқтаған кезде жойылады (мысалы, қамқоршыны міндеттерін орындаудан босату, некені бұзу); - кейбір жағдайларда отбасылық құқықтық қатынастардың пайда болуы фактілік-жағдайдың тоқтауына байланысты болады, мысалы бала асырап алушының кінәсі бойынша бала асырап алуды жою негізінде сот баланың мүддесіне байланысты бала асырап алушыға алименттік міндеткерлік жүктейді (яғни Неке(ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы Кодексіне сәйкес бала асырап алуды тоқтатудың салдарынан алименттік қатынастар пайда болады). Заңдық фактілердің қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілі бойынша құқықты тудырушы, құқықты өзгертуші және құқықты тоқтатушы деп бөлуге болады. Туыстық олардың заңдық мағанасы Отбасы құқығы үшін тек бірінші және екінші дәрежедегі жақын туыстар ғана қарастырылады. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |