Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет6/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Неке(ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ол біздің қоғамымызда отбасын құрудың адамгершілік қағидасы – махаббат сезімі мен шынайы достық және құрметке негізделеді.
Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен тіркелген некеден ғана ерлі-зпйыптылардың құқықтары мен міндеттері туындайды. Некені тіркеу аудандық, қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде жүзеге асырылады. Неке қандай да басқа орган арқылы тіркелмейді. Сенетін адамдар некені діни дәстүр ақылы қию жеткілікті деп ойлайды. Бірақ некені былай қиюдың құқықтық мәні болмайды. Мешітте, шіркеуде некені қию некені тіркеуді алмастыра алмайды.
Әрекеттегі неке және отбасы туралы заң әйел мен еркектің бірге тұруын құқықтық салдармен байланыстырмайды. Бұл бірге тұрудың ұзақтығына қарамастан ол тіркелген некеден туындайтындай құқықтар мен міндеттер тудырмайды.
Тек неке тіркелген кезде ғана басқа көпшілік қоғамдық қатынастардан ерлі-зайыптылардың қатынастары бөлініп шығады және оларға ресми мағана беріледі. Некені(ерлі-зайыптылықты) тіркеу - некеге отырушыларды, некенің ұзақтығы, некеге отырушы тұлғалардың жастық құрамы туралы статистикалық есептер жүргізуге мүмкіндіктер береді. Некенің тіркелуі туралы статистикалық ақпараттар тууды жоспарлау негізі болып табылады, ал бұл мемлекеттің демографиялық саясатын жүзеге асыруда маңызды. Сонымен қатар тіркелген некелердің санын есепке алу тұтынатын тауарлар өндіруді, мектептер мен балабақшалар салуды, өндіріс орындарын орналастыруды жоспарлаған кезде маңызы зор. Некені тіркеу ерлі-зайыптылар мен некеден туған балалардың жеке және мүліктік құққытары мен мүдделерін қорғау мақсатында да жүргізіледі. Аталған құқықтарды жүзеге асыру үшін кейбір жағдайларда некенің тіркелгенін куәландыратын неке куәлігін көрсету қажет.

Некені(ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет