Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет42/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер. Атын, әкесінің атын,тегін ауыстыруға байланысты бұл туралы акт жазбасының негізінде адамның өзіне қатысты жасалған туу туралы акт жазбасына ғана өзгеріс енгізіледі. Басқа жазбаларға өзгерістер енгізу жүргізілмейді. Атын, әкесінің атын,тегін ауыстыру жүргізілгенін растау үшін белгіленген үлгідегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік көрсетіледі.
Атын, әкесінің атын,тегін ауыстыруды мем-ік тіркеу жасалғаннан кейін азаматқа атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік беріледі, бұл куәлік тек қана ауыстыру жүргізілген адамға мем-ік тіркеу орны бойынша беріледі.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік
Куәлік мынадай мәліметтерді:
1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы мем-ік тіркеуге дейінгі және одан кейінгі атын, әкесінің атын, тегін;
2) туған күні, айы, жылы мен туған жері;
3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасының жасалған күнін және нөмірін;
4) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мем-ік тіркеуді жүргізген тіркеуші органның атауын;
5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің берілген күнін;
6) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің сериясы мен нөмірін өамтиды.
Азаматтың атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы хабарланатын мем-ік органдардың тізбесі. Азаматтың аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылған жағдайда, бұл туралы хабарлама бір апта мерзімде азаматтың тұрақты тұрғылықты жері бойынша ІІО, ҰҚК, прокуратура және қаржы полициясы органдарына, жергілікті әскери басқару органдарына, салық комитетіне, сондай-ақ тууды мем-ік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға жіберіледі.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу. Қайтыс болуды мем-ік тіркеу үшін:
1) мед-ық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
Қайтыс болуды мем-ік тіркеу қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша немесе ол қайтыс болған жері бойынша тіркеуші органдарда жүргізіледі.
Қайтыс болу туралы мәлімдеме. Қайтыс болу туралы мәлімдемені қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын-үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, қайтыс болған адамды күтіп-баққан не адам сонда қайтыс болған ұйымның әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ІІО жазбаша немесе ауызша нысанда береді. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мем-ік тіркеу туралы өтінішті қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша сот-мед-ық сараптамасы ұймының лауазымды адамы жазбаша нысанда береді.
Мәлімдеме жасаушы қайтыс болу туралы мәлімдемеде қайтыс болған адам туралы мынадай мәліметтерді: қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын, тегін, туған жылын, соңғы тұрғылықты жерін және оның отбасылық жағдайын, қайтыс болған жылын, айы мен күнін, қайтыс болу себебін, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған адамның атын, әкесінің атын, тегін және тұрғылықты жерін көрсетеді. Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның паспорты, жеке куәлігі, әскери билеті тіркеуші органға тапсырылуға жатады.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу
Бұндай адамдардың қайтыс болуын мем-ік тіркеуді тіркеуші органдар мәйіттің жатқан жері бойынша немесе сот –мед-ық сараптаманың қорытындысын берген жер бойынша жүргізеді. Мәйіттері танылмаған адамдардың қайтыс болуын мем-ік тіркеу кезінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қайтыс болу туралы мед-ық куәлікте қамтылған, мем-ік тіркеу үшін қажетті мәліметтер енгізіледі. Егер қайтыс болған адам кейіннен танылған болса, ол туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болу туралы мед-ық куәліктің және мәлімдеме жасаушының жазбаша өтінішінің негізінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қорытынды жасалмастан енгізіледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың мем-ік тіркелгені туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қызметіне ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша қайтыс блу туралы анықтама беріледі.
Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны
Бұған мынадай мәліметтер:
1) қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты, тегі, туған күні, айы, жылы мен туған жері, соңғы тұрғылықты жері, жынысы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, қайтыс болған күні мен орны;
2) қайтыс болу фактісін растайтын құжаттың негізінде қайтыс болу себебі;
3) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
4) қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған мәлімдеме жасаушының аты, әкесінің аты, тегі, тұрғылықты жері не органнның, ұйымның атауы және заңды мекенжайы;
5) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Қайтыс болу туралы куәлік беру
Қайтыс болу мем-ік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның мұрагерлерінің аясына кіретін жақын туыстарына не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мем-ік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша беріледі. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуы туралы акт жазбасына барлық қажетті мәліметтер енгізілгеннен кейін ғана беріледі.
Қайтыс болу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын, тегін, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, жасын, қайтыс болған күні мен орнын;
2) қайтыс болу туралы акт жазбасының жасалған күні мен нөмірін;
3) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның атауын;
4) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін қамтиды.

15 апта дәріс - Неке және отбасы заңнамасының шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар қатысатын отбасы қатынастарына қолданылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет